Әлеуметтік педагогика


Закон Республики Казахстан "О браке и семье" от 17 декабря 1998 года № 321- раздел 3 и 4



бет41/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Закон Республики Казахстан "О браке и семье" от 17 декабря 1998 года № 321- раздел 3 и 4.

  • Кулик Л.А. Семейное воспитание: Учебное пособие /Л.А. Кулик - М.: Просвещение 2003. 175 с.

  • Азаров Ю.Л. Семейная педагогика. М., 1993.

  • Куликова ТА. Семейная педагогика и домашнее воспитание. М., 1999.

  • Василькова Ю.В. Методика и опыт работы социального педагога. - М.: Академия, 2008. - 293 с.



    13 -ТАРАУ. КӨШЕ ТӘРБИЕЛЕУ ОРТАСЫ РЕТІНДЕ. «КӨШЕ БАЛАЛАРЫ»
    Адам үйінен, мектептен, басқа да мекемелерден алшақ кеткен кезде ықпалын бастан кешіретін факторлардың жиынтығында көше - әлеуметтік-педагогикалық орта ретінде қарастырылады. Мұндай ықпал өркендеп келе жатқан адамды өзіндік бейнесін қалыптастырып келе жатқан тұлға ретінде анықтап, оған елеулі әсер етеді. Адам өзінің позитивті жеке бас мінездемесін деформацияламай, көшеге түскен уақыттан бастап, онда өзін жүзеге асыра білуі керек.
    Ұсынылған тақырып келесі мәселелерді қарастыруды көздейді:

    1. Көше факторлары және оның қалыптасып келе жатқан тұлғаға әсері;

    1. «Көше балаларымен» әлеуметтік педагогикалық жұмыс.



    13. 1 Көше факторлары және оның қалыптасып келе жатқан тұлғаға әсері
    Көшенің тәрбиелік рөлі ежелгі уақыттан танымал. Көптеген педагогтар мен ата аналар балаға мінездеме бере отырып, оның тәрбиесіне көшенің әсерін талай рет атап өткен. Сондай ақ, көптеген балалар үшін, көше «өз үйіндей» және олардың негізгі тәрбиешісі болып табылады. Балалық шақтың жеке психологиялық ерекшеліктері, баланың дамып келе жатқан жеке басына көшенің белсенді әсерінің себептері болып табылады. С.Т. Шацкий (1878—1934) атап өткендей, бұл келесі қағидаларға теңестіруге болатын, баланың табиғи қасиетімен шарттасқан:

      1. Балаларда қарым қатынастық инстинкт қатты дамыған;

      1. Олар табиғатынан табанды зерттеушілер;

      1. Оларға жасампаздық — жасау тән;

      2. Олар өздерін көрсетіп, өзіндік әсер алуға ұмтылады;

      3. Еліктеу инстинкті орасан рөль алады.

    Көше үлкен дәрежеде балаға өз инстинктін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Балалар күнделікті көшеде өз қатарластары мен ересектердің мінез- құлық тәртібінің барлық түрлілігімен қатынаста болады. Баланың әлеуметтік тәрбиесіне елеулі ықпал ететін, көшенің негізгі факторлары болып төменде ұстанымдар табылады:
    - жеке бастың өзін көрсету бостандығы. Бала (жеткіншек) осындай бостандыққа өте мұқтаж. Шындығында үй жағдайында болмайтын, мазмұн жағынан да, формасы мен түр жағынан да өзін көрсету бостандығын оған тек осы көше ұсынады.
    -баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне жауап беретін, оның өзі сияқтылармен қарым- қатынасқа түсу ортасының субмәдениеті. Бұл орта өзін көрсету үшін анағұрлым жайлы жағдайларды туындатады. Бұл ортада баланы жәбірлеу, қыспақтау, шеттету орын алса да, ол онда өзін тең жағдайда (жайлылықты сезіну), «ел қатарлы» сезінеді. Оны ортадан бөліп тастау, керісінше тұйықтықты, ішкі шектеулердің жеке мәселелерін, т.б. туындатады. Мұндай субмәдениет әрқашанда позитивті бола бермейді. Ол дәл осындай көше балаларымен құрылады және ортаны қолдауға ықпал етеді;
    - баланың білмекке құмарлығын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін құбылыстардың көпбейнелілігі, жаңашылдығы және кереметтігі оның үнемі өркендеп отыратын қызығушылығы мен табиғи қажеттіліктері. Атап айтқанда, бала осы көшеде, құнды шектеу болмағандықтан, өзіне үлгі болатын, еліктеу үшін қол жетерлік мысалдардың анағұрлым санын кездестіреді. Осы мысалдардың анағұрлым негативті әсерін ескере отырып, С.Т.Шацкий көшені - тәрбиелеу үрдісінің негізгі жауы деп атады (бастапқы теріс күш формасы,баланы қоршаған ортаның негативті бейнесі). Ол әсерлердің ретсіздігіне, көңіл-күйдің тұрақсыздығына ықпал етеді, жүйкені қоздырып, «жабайы мінезді» тудырады, саналы ерікті жаншиды, бірақ ол «баланың инстинктін, білмекке құмарлығын, көпшілдігін тез қанағаттандыруымен тартымды және баланың еліктегіштігіне қатты әсер етеді;
    - әр баланың жеке мүмкіншіліктерін күшейтетін, оны өз алдында, сондай ақ төңірегіндегілердің алдында анағұрлым маңызды жасайтын бірлескен әрекет. Топтың қажеттіліктері мен жаңа, ерекше (қалыптасқан) қызығушылықтарды қалыптастыруды (қанағаттану) ұйымдастырушылардың және бастаушының функцияларын өз мойнына алатын жеке тұлғалардың қылығына байланысты әрекетсіз, ерігіп жүрген балалар әр түрлі бірлескен әрекеттерге қосылады. Мұндай әрекет түрлері аса түрлі бейнелі болуы мүмкін, соның ішінде: темекі шегу, спиртті сусындарды, анаша қолдану, бірлесіп ән айту, айналасындағыларды келемеждеу және т.б.;
    - «белсенді демалыс» - айналысатын ісі жоқ және көшенің арқасында осындай мүмкіндіктерге ие болатын балалардың бірлесіп уақыт өткізуі.
    Балаларды біріктіретін жалпы қызығушылықтары оларды өзара қызықты жасайды. С.Т.Шацкий, педагогикалық көзқараспен «балалар ортамен байланысты, олар онымен тығыз қатынаста, және балаларды түсіну, балалық өмірді, балалық мінездерді, талғамын, ортадан тыс, ортаға тәуелсіз қызығушылықтарын талқылау мүмкін емес» деп атап өткен.
    Заманауи жағдайда балалардың аталмыш бөлігі көшенің жемісі, оның тәрбиеленушісі. Оларды «көше балалары», панасыздар және қараусыздар деп атайды.
    «Көше балалары(баласы)» - бұл, тәрбие нәтижесі көшемен анықталатын, он сегізге толмаған балалар (бала); көшені туған үйіндей санайтын көшеде тұратын балалар (бала). Осындай тұлғаларды қалыптастырудың негізгі себептері:

    • бақытсыз жағдайдың нәтижесінде ата - анасынан айырылуы, уақытында балаға қамқорлық қызметінің көмек көрсетпеуі;

    • егер баланы ат-аналары тастап кетсе;

    • ата - аналық құқығынан айырылған немесе ата -ана құқығынан айыру процессінде жүрген ата - аналар;

    • отбасында балаға қатыгездік көрсету;

    • бала үшін дискомфорт тудыратын және оны өзіндік мәнері үшін бұдан да жақсы жағдайды іздеуге итермелейтін, отбасындағы кереғар ахуал;

    • ата - аналары оның тәрбиесінен түрлі себептермен шеттеген кезде, оған ешкімнің назар аулармауы, баланың жалғыздығы;

    • баланың әлеуметтік қызығушылығы ата - аналарының назарынан тыс қалғанда, отбасының материалдық ырысы;

    • үнемі жаңаны, бірқалыпты еместі іздейтін, және өзін жетілдіруге мүмкіндік таппайтын баланың шығармашылық белсенділігі;

    • тәрбиеленушілерді балалар үйін және интернаттық мекемелерді тастап кетуге мәжбүрлейтін тәрбие мен тұрмыстағы жетіспеушілік, даулы қарым- қатынас пен басқа да факторлар;

    • балаларды кезбелікке итермелейтін психологиялық ауытқулар;

    • бала әлеуметтік қанағаттанушылық алатын және оның оған қатынасын басымдылық көрсетуші ретінде анықтайтын балалық ортаның субмәдениеті және басқа да себептер.

    Жағдайлар ағымына байланысты ата - аналарының көзінің тірісінде қамқорсыз қалған «көше балаларын» жиі әлеуметтік жетімдер деп атайды. Олардың қатарына төменде берілген жағдайларға байланысты бірден - бір немесе ата - анасының екеуінен де айырылғандарды жатқызады:

    • олардың ата - аналық құқығынан айырылуы;

    • ата - аналық құқығына шектеу қойылғандар;

    • олардың хабарсыз кетуін мойындау;

    • оларды жұмысқа жарамсыз (шектеулі жарамды) деп мойындау;

    • олардың емдеу мекемелерінде болуы;

    • оларды өлді деп жариялағанда;

    • олардың түзету мекемелерінде бас бостандығынан айырылу түрінде жазасын өтеуі, жасалған қылмыста күдікті және айыпты ретінде қамауда болғанда;

    • бала тәрбиесінен немесе олардың қызығушылығы мен құқығын қорғаудан қашқақтағанда;

    • өз балаларын емдеу, тәрбиелеу, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінен алудан бас тартқанда және т.б.;

    • белгіленген заң тәртібінде баланың ата - анасының қамқорынсыз қалғанын мойындайтын өзге де жағдайларда.

    «Көше балаларының» классификациясы:
    а) баланың көшеде болған уақытына байланысты:

    • тәрбиесімен ата - аналары немесе оларды алмастыратын тұлғаның айналыспайтын, тек қана көшеде оны қоршағандар айналысатын балалар. Мұндай балалар үйге тек қонып шығу үшін қайтады;

    • отбасынан қысқа мерзімге жиі-жиі кететін және үйге қайтатын балалар;

    • отбасынан кететін, бірақ көшеде салыстырмалы түрде аз уақыт (бірнеше аптадан жарты жылға дейін) болатын балалар;

    • көшеде ұзақ уақыт (бір жыл және одан да көп) тұратын балалар;

    • ата-аналарының қамқорынан айырылған және тіршілік ортасымен тәрбиеленетін жетімдер мекемесінде тәрбиеленетін балалар;

    • жетімдер мекемесінен шыққан жастар. Формаль­ды түрде олардың баспанасы бар, бірақ аталған мекеменің тіршілігін ұйымдастырудың өзгешелігіне байланысты олар өз бетінше өмір сүруге дайын емес, сөйтіп олар да көшеге тап болады;

    б) баланың әлеуметтік жағдайына байланысты:

    • панасыздар — тұрақты тұрғылықты жері жоқ немесе мүлдем әлеуметтік нормаға сәйкес келмейтін,басқаша айтқанда, белгілі бір себептермен тұратын жері жоқ балалар;

    • қараусыздар — ата- аналары, заңды өкілдері немесе лауазымды тұлғалар жағынан тиісті бақылаудың орындалмауы, немесе олардың тәрбиесі,оқуы және оларды бағып қағу міндеттерін тиісті емес жағынан орындаулары салдарынан тәртібі қадағаланбайтын,кәмелет жасқа толмаған балалар.Бұл қоғамдық құбылыстың бар мағынасы - ата-аналардың немесе оларды алмастыратын тұлғалар жағынан балаларға міндетті бақылаудың болмауы. Мұндай балалар үйіне түнеуге үнемі немесе анда санда келе алады. Олардың қатарына, ата-аналары өз байлықтарын көбейту,баю мақсатында: қайыр садақа сұрауға,жезөкшелікке, ұрлыққа т.б. қолданатын балалар жатады. Мұндай жағдайдағы қадағалау өзін байыту мақсатында қоланылады. Бетімен кеткендіктің орын алу шегі —панасыздық;

    • панасыздар — тұрғылықты орны немесе уақытша тұратын орны жоқ қараусыздар(бетімен кеткен балалар). Панасыздардан айырмашылығы, қараусыздардың баспанасы бола тұра, белгілі себептермен онда тұрмауы мүмкін. Оларды көбіне «бомждар» деп атайды - бұл, ата- анасының қамқорынсыз қалған, анық тұрғылықты немесе тіркелген жері жоқ кәмелетке толмаған балалар. Бұндай категориялы балалар ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың көзінің тірісінде де, олар жоқ болғанда да болады.

    Әлеуметтік - педагогикада көшенің педагогикалық мүмкіндіктерін оқып үйренудің ерекше маңызы бар. Олар, онда маңызды орын алатын - орта педагогикасы деп аталатын арнайы бөлім бар. Оны оқып білу қажеттілігі мен әлеуметтік- педагогикалық қолдану қажеттілігі оны мүлдем байқамай қоюға болмайтындығында,өйткені оған жеке бастың әлеуметтік қалыптасуында маңызды рөль тиесілі. Ортадан алшақтату, өркендеп келе жатқан адамға айтарлықтай қиындық туғызатын тәрбиенің жасандылығына алып келеді. Кейін ол басқа адамдармен қарым - қатынаста үлкен қиындықтарды басынан кешіреді, көшедегі түрлі жағдаяттарға тап болғанда жайсыздықты сезінеді, айналасында болып жатқанды түсінбейді, болып жатқан құбылыстарға көңіл аудара алмайды. Оған жағдайлардың, бөтен адамдардың негативті әсерінің, алдауының т.б. құрбаны болу оңай.
    С.Т.Шацкий, адам мінезінің қалыптасуындағы ортаның орасан рөлін мойындай отырып, оны оқып үйренуді және педагогизациялауды ұсынды. Ортаны педагогизацилау мағынасын, ол жағынан баланың дамуына анағұрлым жайлы тәрбиелік ықпал құру мақсатында оның түрленуі мен ұйымдасуы деп түсінген. Өзінің бар болмысы бойынша бұл - оның құбылысты және көбіне негативті ықпалдың педагогикалық мақсатына сәйкес мақсатты бағытталған, ұйымдасқан, басқарылатын факторға айналуы.
    Ортаны педагогогизациялаудың мақсаты — баланың жеке басының жан- жақты дамуына ықпал ететін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды құру. С.Т.Шацкийдің пікірі бойынша, ортаны педагогизациялаудың болмысы төменде берілген негізде оның педагогикалық щамасын анықтау және дамытудан тұрады:
    а) айналадағы тұрғындарға мәдени білім беру жұмыстары;
    б) балалар мен аудан тұрғындарына оның тәрбиелік және білімдік ықпалын күшейту мақсатында ортаның барлық субъектілерінің тәрбиелік күш жұмсауын кооперациялау;
    в) бала дамуы анағұрлым нәтижелі өтетін, өзіндік бейнелі әлеуметтік мәдени кеңістікті құру;
    С.Т.Шацкийдің пікірлері оның тәжірибелік әрекетінде көрініс тапты. Ол балаларды көшеден алшақтатып және олардың бос уақытын, бірлескен әрекеттерін, оларды тәрбиелей отырып ұйымдастырып, балалардың тұрғылықты жерлерінде (тіршілік ортасының педагогизациясы) балалармен жұмыс жасайтын әлеуметтік педагогикалық орталықтар құрды.
    Заманауи жағдайда «көше балаларымен» жұмыс жасау бойынша бірнеше бағыт бар. Олардың ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:

    1. балалардың тұратын жерлерінде әлеуметтік-педагогикалық орталықтарды құру (мысалы, «С.Т.Шацкийдің Форпосты » — Мәскеу);

    2. тәрбиеге қиын көнетін балаларға арналған арнайы орталықтар. Мұндай орталықтарға балаларды кәмелетке толмағандардың ісін жүргізетін комиссия бағыттайды;

    3. тәрбиеге қиын көнетін балаларға арналған балалар сауықтыру лагерлері;

    4. қараусыз қалған балаларды, кейін жанұяларға және мемлекеттік мекемелерге орналастыру үшін, уақытша жеке ұстауға арналған баспаналар;

    5. интернат мекемелері мен балалар үйлері т.б.;

    «Көше балаларының» маңызды бөлігі ересектердің қорған болуына мұқтаж. Бұл «ешкімге қажет емес балалардың» мәселесі. Оларды нақты ешкім іздемейді, ешқайда апармайды, оларға еш нәрсемен көмектеспейді және қорғамайды. Көшедегі өмір оларды қылмыстық әрекетке итермелейді. Оларды қорғау - яғни, оларды көшенің негативті ықпалынан, қатыгездіктен, зорлықтан құтқару, олардың қылмыстық тәртібін ескерту, баспана ұсыну, мақсатты тәрбие және білім мен қамтамасыз ету, өмірде өз орынын табуға көмектесу. Бұл мәселелер кешенін маман шешуге тиіс. Шетелдерде балалар құқығын қорғау арнайы дайындалған әлеуметтік қызметкерлерге жүктеледі. Олардың міндеті балаларды көшеден алып, отбасына, немесе қамқорлыққа, әлде мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекемелерге орналастыру болып табылады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   90




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет