13.2 «Көше балаларымен» әлеуметтік - педагогикалық жұмыс
Көше балаларымен әлеуметтік - педагогикалық жұмысының үрдісінде тәуекел тобының кәмелетке толмаған балалары үшін «ақталу кеңістігін» құру көзделеді. Мұның астарында, әлеуметтік жұмыстың шетелдік теориясы мен тәжірибесінде қараусыздардың мақсатты тобына енетін, кәмелетке толмағандарды іздеу және ақтап алу жөнінде халықпен өзара әрекетінде жүзеге асатын ведомстволардың, қызметтердің, мекемелердің, қоғамдық инициативалардың аймақтық жүйелерін қалыптастыру көзделеді. Мәнісінде «ақтау кеңістігі» түсінігі айтарлықтай дұрыс емес.
Біріншіден, тәуекел тобына қатысты кәмелетке толмағандарды анықтау- бұл, оларды әлеуметтік қорғау әрекетін және олармен әлеуметтік педагогикалық жұмысты реттеуді ұйымдастыруда тек қана бірінші қадам болып табылады.
Екіншіден, бір аймақтағы ведомстволардың арасындағы өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету тәуекел тобының тұлғаларын анықтау үшін анағұрлым жақсы жағдайлар құруы мүмкін, бірақ мәселе әрқайсысының құқығын қорғау мен онымен және бүтіндей топпен әлеуметтік педагогикалық жұмысты ұйымдастыруда.
Үшіншіден, ақтау кеңістігі ұсынылған анықтамада кездеспейтін, қараусыздардың дамуына ықпал ететін орта факторларының негативті әсерін жеңіп шығу мүмкіншілігін көздейді.
Төртіншіден, берілген анықтама бала құқығын қорғауға, ол үшін құрылған әлеуметтік мәселелерді жеңіп шығуға бағытталған, бірақ, осы жағдаяттарда пайда болатын әлеуметтік педагогикалық міндеттерді көздемейтін жүйені құру туралы көбірек айтады.
Берілген пікірді бала құқығын қорғау бойынша алдын алу әрекетінің аймақтық жүйесін құру ретінде атау мақсатқа сәйкес болады. (БҚҚАЖ — бала құқығын қорғаудың аймақтық жүйесі). Ол келесі міндеттерді шеше алады:
тәуекел тобының кәмелетке толмаған тұлғаларын анықтауды;
оны анықтаған сәттен бастап, тәуекел тобының әр баласының құқығы мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету;
қызығушылық танытқан барлық ведомстволар мен мұқтаж балаларды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ететін тұлғалардың салған күштерін үйлестіру;
олардың дұрыс құқықтық әрекеті жағынан қате жібермеуі бойынша тәуекел тобының кәмелетке толмағандарымен алдын алу іс-әрекетін жүргізу;
тәуекел тобының балаларын жас ерекшеліктері мен әлеуметтік мәселелерін ескере отырып, жетім балалар баспанасына,әлеуметтік ақтау орталықтарына бағыттау.
БҚҚАЖ негізгі функциялары:
кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауға және олармен БҚҚАЖ аймағында әлеуметтік педагогикалық жұмысқа барлық қызығушылық танытқандардың жұмсайтын күшін біріктіру мен үйлестіру;
қараусыздар мен әлеуметтік жетімдерді, сонымен қатар олардың пайда болу себептерін, тұрғылықты жеріне байланысты алдын алу жұмыстарының мүмкіндігін анықтауға бағытталған, т.б. зерттеуші функция;
кәмелетке толмағандарға қатысты әлеуметтік қорғаушы әрекеттерін қамтамасыз ету;
кәмелетке толмағандарға қатысты әлеуметтік қорғаушы әрекеттерге аудан тұрғындарын қатыстыру;
кәмелетке толмағандарға қатысты, оның нысаны болған, әлеуметтік педагогикалық әрекет;
баланың құқығын қорғау сферасында заңшығарушылық инициативаға жәрдем беру.
БҚҚАЖ- ғы әлеуметтік қызметкердің әрекеттерінің принциптері.
БҚҚАЖғы әлеуметтік қызметкердің әрекеттердің принциптерін: маманның әрекет нысаны — балаға, жасөсіпірімге және маманның әрекеттегі кәсібилігі мен ұстанымына байланысты топтарға бөлуге болады.
Маманның кәсібилігімен және оның әрекетімен шарттасқан принциптер.
Құзыреттілік принципі. Балалармен және жастармен жұмыс жасауға, жастардың субмәдениетін білетін, оны түсініп, сыйлай білетін құзыретті адамға ғана қосылуға болады. Олай болмаған жағдайда, оған «көше балаларын», олардың ерекше субмәдениетін, қызығушылықтарын, ермектерін, ұстанымын, қоршаған ортаға, түрлі жастағы және мәртебедегі адамдарға қатынасын түсіну қиынға соғады.
Адалдық принципі. Балалармен және жастармен диалогті қарым- қатынасты, олардың арасында бір-біріне сенімдік қатынас орнағанда ғана құруға болады. Бұл маманды әрқашанда адал болуға, балаларға тек өзі білетін, өзі сенімді болған жаңалықтарды айтуға міндеттейді. Өзі сенбесе немесе күмәнданса балаға уәде беріп қажеті жоқ. Егер маман қойылған сұраққа жауап бере алмаса, жауабын білмейтіндігін мойындаған жөн. Одан оның беделі төмендемейді, сонымен қатар, ары қарай диалог құру мүмкіндігі жоғалмайды.
Кәсіби әрекеттегі табиғилық принципі. Әлеуметтік қызметкер өз әрекетін мүмкіндігінше аса табиғилықпен құрады. Ол ойнамайды, қайта өз құзыреттілігінің ұстанымы жағынан қарайды. Ол балаларды тыңдап, олардың тәжірибесіне қызығушылық танытады, қажеттілігіне қарай оларды түсінуге үйренеді.
Тәуелсіздік пен молшылық принципі балаларды баурауға, олар үшін қызықты болуға қабілетті тұлға ретінде қалыптасады. Өз тұлғасымен, беделімен, тәуелсіздігімен және ерік күшімен балалардың зейінін өзіне аудара білетіндерге балалар ұмтыла түседі. Көше балаларымен жұмыс жасауға шешім қабылдаған әлеуметтік қызметкер өзін тұлға ретінде сезініп, оны көрсете білуі керек.
Баланың жеке басының беделіне сыйласымдылық принципі. Әлеуметтік қызметкер балаға оның бар болмысын, артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып, ыңғайын табуға тиіс. Оны «типті», «қалыпты» сияқты ерекшелеп көрсету қажет емес. Мұндай өмірлік жағдайға ол түрлі себептермен тап болды. Маман баланың беделін түсүруге дейін төмендемеу керек. Ол, қайта, оған оның өмірлік жағдаяттарында көмектесуге ұмтылуға тиісті. Оның даралығын ескере отырып, әрқайсысымен ол өзінің іс - әрекетін құрады.
Кәмелет жасқа толмаған балаға сенім көрсету принципі. Маманның іс әрекетінің негізінде - жасөсіпірімге сенім көрсету. Ол, қарым - қатынас үрдісінде кәмелетке толмаған бала беретін кез - келген ақпаратты сеніммен қабылдауды түсіндіреді. Бұл онымен сенімді қарым - қатынас орнатудағы қажетті фактор. Педагог тарапынан толық сенімді сезінген жеткіншек, оған барлық құпиясын ашып, дұрыс ақпаратты ұсынады. Ары қарай әлеуметтік педагог оны мұқият тексеріп, алған мәліметтерді ерекше ұқыптылықпен қолданады.
Еріктілік принципі. Ол: баланы қалыпты өмірге зорлықпен қайтару мүмкін емес деген қарапайым тұжырымда негізделген. Ол үшін баланың ықыласы қажет. Бұл: бақылаудағы әрбір жеткіншекке көмек көрсету мен түзету жұмыстарына кірісу үшін, әлеуметтік қызметкер олармен кәмелетке толмағанды құтқару мен ақтап алу процессінде екі жақтың - әлеуметтік қызметкер мен баланың (жасөсіпірім) - қатысуын анықтайтын ауызша шартқа отырады. Бұл принциптің талаптарын тарату - ерекше әдепті іс. Маман жағдаятқа жасөсіпірімнің еркіне қарамастан, оның өмірі мен денсаулығына анық қауіп төнгенде ғана араласа алады. Сонымен қатар, көшеде өткізген әрбір күн балада, «аман-есендікке» сәйкес әлеуметтік тәжірибені қалыптастырады, сондықтан да бұл жасөсіпірім маманның көмегіне әрқашан қызығушылық таныта бермейді. Оның өміріне төнген қауіп, криминализация болашағы үлкен көлемде сақталып қала береді.
Кәмелетке толмаған баланың қызығушылығын сақтау принципі. Әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің негізіне тәуекел тобы балаларының, әрбір баланың, жасөспірімнің қызығушылықтары жатыр. Ересек азаматтар мен кәмелетке толмағандардың қызығушылық дауы орын алған барлық дау-дамайлы жағдаяттарда маман кәмелетке толмағандарды қолдайды.
Баланың қоғамдық нормаларға сәйкес келмейтін көріністері, қылмыс ретінде емес, әрқашан өзіне де түсінікті бола бермейтін, бірақ өзі және коршаған әлеммен сезінетін сол қалпындағы немесе басқа түрдегі әлеуметтік ауру ретінде қабылдайды.
Көшенің кәмелет жасқа толмағандармен жүргізілген әлеуметтік-педагогикалық жұмыс белгілі кезеңдерді көздейді:
Бірінші кезең - байланысу және дәлелдеу. Бұл кезең кәмелетке толмағандармен байланысу және оны ресоциализацияға (әлеуметтік байланыстың қайта оралуы немесе орнығуы) дәлелдеуді көздейді. Бұл кезеңде:
қажетіне қарай балаға шұғыл көмек көрсетіліп, қажетті қорғаныс ұсынылады;
жарақаттаушы факторлар мен оны жеңіп шығу мүмкіндіктері анықталады;
баланың өзі зерттеледі, оның жалпы диагностикасы жүргізіледі,оның көшеге тап болу себептері анықталады;
ата-анасының бар жоқтығы, оны отбасына қайтару мүмкіндігі мен мақсаттылығы айқындалады (егер ондай бар болса);
келесі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс кезеңі – ресоциализация, бұл бала қашан және қай жерде өте алатыны жайында болжам жасалынады;
оған әлеуметтік –педагогикалық мінездеме жазылады және онымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бойынша алғашқы ұсыныстар жасалынады;
тұрғылықты жеріне байланысты нақты баламен құқық қорғау және әлеуметтік - педагогикалық жұмысын ұйымдастыру мүмкіншілігі мәселесі шешіледі;
бала әлеуметтік-педагогикалық жұмыс (әлеуметтік ақтау, жетім балалар баспанасы, интернаттық немесе өзге мекемелер) орталығына (мекемесіне) бағытталады ;
бірінші кезеңнің бағдарлы мерзімі- 1-4 апта.
Екінші кезең — ресоциализация. Бұл кезеңде кәмелетке толмаған баланың алғашқы ақталуын (ресоциализациясын) міндетті түрде қамтамасыз ету керек. Әлеуметтік –педагогикалық мәселенің сипатына байланысты, мұндай әркет арнайы орталықтарда (балалар үйінде) немесе баланың тұрғылықты жерінде жүзеге аса алады. Іс әрекет мазмұны:
кәмелет жасқа толмаған балалармен әлеуметтік –педагогикалық жұмыстың жеке бағдарламасын жасауды қамтиды. Бұл бағдарлама баланың көшеге кетуіне себеп болған отбасылық, мектептік немесе басқа ортада балаға зорлық көрсетудің түрлі формасының зардабын түзетуді көздейді; Баланың мәдени-эстетикалық, интеллектуалды дамуы мен қалпына келтірілген білімінің мазмұны мен жүзеге асыру тәсілдерін анықтауды; адамгершілік құндылықтардың, тәртіп стереотиптерінің және әлемді қабылдаудың, қатынастың коммуникативті қасиеттері мен формаларының және басқа да әлеуметтік –педагогикалық мәселенің түзетуге мүмкін жүйесін қамтиды ;
баланың жаңа (өзгергіш) жағдайда бейімделуі. Бұл, баланың арнайы мекемеге(ақталу орталығы) келіп түскен кезінде ерекше маңызды. Белгілі бір деңгейде ол мұндай бейімделу мен жаңа, ыңғайсыз жағдайда болу салдарынан болған стресстік құбылыстарды алып тастау үшін көмекке мұқтаж, олар оған көше өмірінің стереотиптерін алмастыруға, агрессивті әлеуметтік орталарда құтаюға мақсат қоюға, өмір мен тәрбиенің жаңа жағдайындағы мінез құлық стереотиптері мен әлеуметтік нормаларды қабылдауға қажет;
баламен әлеуметтік педагогикалық жұмыстың жеке және топтық бағдарламаларын тарату. Дұрысы, әрбір орталықта топпен әлеуметтік педагогикалқ жұмыстың бағдарламалары бар. Жаңа адамның пайда болуы, оның өзгеруін талап етпейді, алайда, серіктес ретінде оны тәрбиелік үрдіске қосуға мүмкіндік беретін, әлде оған белгілі бір ықпал етуді көздейтін ашықтан ашық түзетулер орын алуы мүмкін;
балаға анағұрлым жайлы әлеуметтік педагогикалық орта құру мақсатында баланың маңындағылармен жұмысты ұйымдастыруды қамтиды;
мүмкіндігінше әлеуметтік педагогикалық әрекетке баланың маңындағылардан, оның түзелуіне (қайта тәрбиеленуіне) анағұрлым қызығушылық танытқан тұлғаларды тартуды қамтиды; Оларға: ата аналары, әлде оларды алмастыратын тұлғалар, туыстар, бала тағдырын шешуге олардың қызығушылық танытқан жағдайында мұғалімдер және т.б.жатады;
Кеңес беру әрекетін қамтиды. Ол баламен, ата - аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен, баламен әлеуметтік педагогикалық жұмысты жүзеге асыратын тәрбиешілермен жүзеге асады.
Баланың жеке мәселелерімен байланысты өзге әрекеттерді жүргізу. Оларға қажеттілігіне байланысты: емделу, психологиялық реабилитация, әлеуметтік қызметкердің қатысуын қажет ететін (баспанаға құқығын бекіту, сотта бала мүддесін қорғау) қайсы бір мәселелерді шешу жатады.
Екінші кезеңнің бағдарлы мерзімі — 2-4 ай.
Үшінші кезең — қорытындылаушы реабилитация(ақтау). Бұл баламен және оны қоршағандармен әлеуметтік - педагогикалық жұмысты аяқтау кезеңі. Әңгіме күнделікті өмірдегі алғашқы ресоциализация (баланың жаңа әлеуметтік тәжірибе жинақтауы) нәтижелерін тарату жөнінде. Бұл кезеңнің өтуіне қарап, әлеуметтік педагогикалық мақсаттағы, баламен және оны қоршағандармен жасаған жұмыс жетістіктерінің дәрежесі туралы талқылауға болады. Баламен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс үрдісінде, не жасалғаны және қандай нәтиже алынғаны туралы ақпарат жиналады.
Алынған ақпарат жеке жұмыс бағдарламасының орындалу жолын бақылап отыруға, оған сандық және сапалы баға беруге, аралық нәтижелерді белгілі бір ыңғайда бекітуге, ол әрбір тәрбиеленушінің тағдырына қандай ықпал еткенін айқындауға мүмкіндік береді. Көше балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мәселесі бойынша статистикалық материалды мәліметтер базасы ұсынады. Мұндай материал, кәмелет жасқа толмаған балалармен ақтау (қалпына келтіру) жұмысының әр түрлі кезеңдерінде жұмыс жасайтын мамандарға әлеуметтік-педагогикалық жұмыс тәжірибесін ұғыну мен ұсыныстарды өңдеу үшін қажет.
Аналитикалық (талдау) жұмыстары мен бағдарламаларды орындау жөніндегі әрекеттердің мәліметтері қоғамдық пікірлерді, кәмелет жасқа толмаған балалар құқығы аумағындағы саясатты және нормативті-заң шығарушы базаны өзгерту үшін негіз болып пайдаланылады.
Көшедегі балалар мәселесі күні кеше туындаған жоқ, бірақ әр жағдайда ол түрлі дамыған. Кейбір балалардың көшеде өмір сүріп жұмыс істеулері не себептен екеніне бірдей жауап жоқ. Бірақ балалардың неліктен осындай тұрақсыз және қауіпті өмір таңдауларын түсіндіретін әрекеттес факторлар бар. Көшедегі балалар әлеуметтік және экономикалық қолайсыздықтың көрсеткіші. Көшедегі балалар қоғамның төменгі сатысынан шыққандар:
қараусыз қалған – кәмелетке толмаған балаларды қылмыстық әрекетке итермелейтін өмірі мен тәртібін қадағалайтын бақылаудың болмауымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс;
қараусыз бала – кәмелетке толмаған бала ата-ана немесе оларды алмастырушы заңды тұлғалардың тарапынан баланың оқу, тәрбиелеу және күту міндеттерін мүлдем орындамай немесе жеткіліксіз орындау салдарынан бала тәртібін бақылаудың болмауы және кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндетін жүзеге асыратын оқыту, тәрбиелеу мекемелерінің ұстаздары, тәрбиешілері және басқа жұмыскерлерінің, бала құқығын қорғауды іске асыратын ұйымның қарамауы немесе баланың үйінен өзбетімен кетуі;
қараусыз – тұрақты үйі жоқ, қараусыз қалған;
Достарыңызбен бөлісу: |