Әлеуметтік педагогика


Ауыр өмірлік жағдайларға тап болған балаларды қабылдап алғандар мен олардың отбасын алмастыратындар



бет45/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

14.2 Ауыр өмірлік жағдайларға тап болған балаларды қабылдап алғандар мен олардың отбасын алмастыратындар

Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру формалары әр түрлі болады. Олардың негізгісі болып балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары табылады. Балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары дегеніміз ұйымдастырушылық-құқықтық формаларынан және меншіктік формаларынан тәуелсіз балаларға әлеуметтік қызмет көрсету (әлеуметтік қолдау, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, құқықтық тұрғыда қызмет көрсету және материалдық көмек беру, ауыр өмірлік жағдайларға тап болған балаларды әлеуметтік ақтап алу, мұндай балаларды жас ерекшеліктеріне сәйкес жұмыспен, іспен қамтамасыздандыру) іс-шараларын жүзеге асыратын мекемелер, сондай-ақ құқық саласынан білімі жоқ тұрғындарға, соның ішінде балаларға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар.


Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру формалары болып мыналар табылады:
Баланы отбасына беру. Баланы отбасына беруге арналған Қазақстан Республикасының заңдылығында қарастырылғаны:

  • балалыққа алған отбасы – ұл баланы (қыз баланы) асырап алған отбасы. Балалыққа алу – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудағы жақсырақ форма болып саналады. Бұл форма кәмелет жасына толмаған балаларға арналады және олардың қызығушылығын ескере отырып жүзеге асырылады. Бала мұндай жағдайда туған балаларына теңдестіріледі, олар балалыққа алушы адамнан ата-анасын және туған отбасын табады. Балалыққа алушылар, баланы өсіруге қатысты заңдастырылған ата-аналық барлық міндеттерді өз еркімен мойнына алғандар болып есептеледі және олар балаға байланысты бүкіл қарым-қатынастар мен құқықтары бойынша да туған ата-анасына теңестіріледі. Балалыққа алу баланы асырап алатын адамның өтінішімен және қамқоршылық және қорғаншылық ұйымдарының қатысуымен сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Он жасқа толған баланы асырап алу мәселесі міндетті түрде оның балалыққа баруы келісіміне байланысты шешіледі. Балалыққа алынған балалар және оның ұрпағы балалыққа алушыға және оның туыстарына қатысты, ал балалыққа алушылар және олардың туыстары балалыққа алынған бала мен оның ұрпағына қатысты жеке және меншіктік құқықтары мен міндеттері бойынша туған туыстарына теңестіріледі.

  • баланы қамқорлыққа (қорғаншылық) алатын отбасына беру. Қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алатын отбасы – бұл жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту, сондай-ақ олардың құқығы мен қызығушылығын қорғау мақсатымен орналастыру формасы. «Қамқоршылық», «қорғаншылық» ұғымы отбасы тәрбиесі ұғымымен бірдей түсініледі.

Қамқоршылық 14 жасқа толмаған балаларға арналады. Қорғаншылық 14 жас пен 18 жас аралығындағы балаларға белгіленеді. Олар кәмелет жасына толмаған баланың панасыз қалғандығы анықталған жағдайда белгіленеді. Қамқорлыққа алушылар (қорғаншылдыққа алушылар) болып кәмелет жасына толған, асырауға қабілетті адамдар саналады. Сонымен бірге қамқорлыққа алушының (қорғаншылыққа алушының) оған сәйкес міндеттемелерді орындауға қабілеттілігі, баланың отбасы мүшелеріне қатынасы, сондай-ақ баланың қалауы, еркі (білдіре алатындай мүмкіндігі бар жағдайларда) есепке алынады.
Баланы қамқорлыққа алған ата-аналар ол 16 жасқа толғанша оның тағамын, киімін, аяқ киімін және оған арналған құралдар сатып алу үшін қамқоршылық ұйымдарынан (білім беру мекемелерінде оқитын болса 18 жасқа толғанша) ақшалай қаржы алып отырады. Туған балаларын өздері асырай алатын, тәрбиелей алатын мүмкіндігі бар, бірақ ұзақ іс-сапарға кеткен, ата-аналардың өз еріктерімен баласын қамқоршылыққа (қорғаншылыққа) басқа адамдарға берген жағдайда, оларға қамқоршылық ұйымдарынан ақшалай қаржы төленбейді, бұл шығын баланың туған ата-анасының есебінен өтеледі.
Баланы асырап алатын отбасы - жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алатын ұйымдар мен асырап алушы ата-аналар (балаларды асырап алуға ерік білдірген ерлі-зайыптылар немесе бөлек бір азаматтар) арасында келісілген баланы тәрбиелеу туралы келісімшартқа негізделген орналастыру формасы.
Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды (сәбилерді) асырап алуға тілек білдірген азаматтар (ерлі-зайыптылар немесе бөлек бір азаматтар) асырап алушы ата-аналар аталады, ал асырап алуға берілетін балалар асыранды балалар деп, ал мұндай отбасы – асырап алушы отбасы делінеді.
Асырап алған ата-аналар асыранды сәбилеріне (балаларына) қатысты қамқоршылық (қорғаншылық) құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс. Қамқоршылық және қорғаншылық ұйымдар асырап алушы ата-аналарға қажетті көмек көрсетеді және сәбидің (баланың) өмір сүру және тәрбиелеу жағдайларына бақылау жасайды.
ҚР-да әрбір асыранды сәбиді (баланы) бағу үшін асырап алушы отбасына қамқоршылық және қорғаншылық ұйымдар тарапынан баланың тағамын, киімін, аяқ киімін, құралдарын, шаруашылық заттарын, гигиеналық бұйымдарын, ойындарын, ойыншықтарын, кітаптарын сатып алу және т.б. мәселелерді отбасы өз бетімен шешеді, өйткені асыранды бала туған баласымен бірдей саналады.
Салыстырмалы түрде қарасақ, мысал, Ресей мемлекетін де жоғары да көрсетілген отбасына ай сайын ақшалай қаржы төленеді және мемлекет асырап алушы ата-аналарға тәрбиешілер тұрғысынан еңбек ақы төлейді.
Біздің мемлекетіміз де шетелдік тәжірибе негізінде жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруға арналған отбасын алмастырушылық формасын құру дамып отыр. Оның қалаушысы Сара Алпысқызы Назарбаева болып саналады. ХХ ғасырдың 90-жылдары республикамыздың әр аймағында «Бөбек» ұйымдары құрыла бастады. Бұл форманың негізгі қызметі әрбір балаға отбасындағы өмір сүру тәжірибесін үйрету болып табылады. Мұның қазіргі уақытта кәмелет жасына толмағандардың қараусыз қалушылығы мен құқық бұзығушылығының алдын алу ұстанымдық идеясының бірі саналатын мемлекеттік жүйені жетілдіруді жүзеге асыруда ықпалы басым.
Осыған орай Қазақстанда отбасылық тәрбиелеу топтарын құру процесі орын алды. Бұл формамен әлеуметтік қауіпті жағдайларға тап болған кәмелет жасына толмағандарға әлеуметтік қызмет көрсету қамтамасыздандырылады.
Отбасылық тәрбиелеу тобы дегеніміз кәмелет жасына толмағандарды, әлеуметтік ақталуға мұқтаждарды отбасылық тұрғыда қамтамасыздандыратын, өзінің қызметін Жарғы және Ережелер негізінде жүзеге асыратын арнайы мекеменің құрылымдық бөлімі. Мұндай топтың базасы болып арнайы мекемедегі тәрбиеленушінің қамқорлығын өз мойнына алатын және оны олардың қолдауымен белсенді жүзеге асыратын қазақстан азаматтарынан құрылған шынайы отбасы табылады.
Отбасы тәрбиелеу тобының қалыптасуының нормативтік-құқықтық негіздері болып мыналар табылады:

  • «Бала құқықтары туралы» Заңы (2002);

  • «Отбасы және неке» Заңы (1998);

  • «Қамқоршылық және қорғаншылық ұйымдар» туралы Заңы.

Отбасы тәрбиелеу топтарын құрастыру ережелері бүгінгі таңда осы заңдардың негізінде құрылып, жұмыс істеуде. Мұндай мекемелердің жергілікті жерлерде ашылуы барысында ұсынылған ереже жергілікті жағдайлардағы ерекшеліктерді есепке ала отырып, нақтыланады.
Ережеге сәйкес отбасы тобына әлеуметтік ақталу процесінде жағымды үрдістерге қол жеткізген балалар анықталып, ендіріледі.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай отбасылық тәрбие тобы өзінің мәртебесін өзгертіп, яғни асырап алу, қамқорлыққа алу немесе қорғаншылыққа алу арасындағы өтпелі форма болуы мүмкін. Осыған байланысты бұл форма сәбиді отбасы жағдайларына бейімдеу, оның отбасында өмір сүруге бейімділігін анықтау мен дамыту орталығының рөлін атқарады.
Отбасы тәрбиесі тобындағы сәби – тәрбиеленуші саналады, ал тәрбиеші – тәрбиеленушіге жауапкершілік жүктелген қызметкер болып табылады. Баланың ақталу процесін жалғастыру нәтижесіне жауапкершілік отбасы тобының тәрбиешісіне және осы мекеменің арнайы маманына жүктеледі. Тәрбиешінің жұмысы келісімшарт негізінде жүзеге асырылады және шұғыл сипатқа ие болады. Тәрбиешінің алдына қойған міндет орындалған жағдайда келісімшарт бірден тұрғыда бұзылады. Мемлекет отбасына берілген балалардың шығынын және отбасының бір мүшесінің еңбегін тәрбиеші тұрғысынан төлейді, тәрбиеленушілердің әлеуметтік және жеке дамуына ықпал етеді.
Дүниежүзілік тәжірибеде жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың басқа да формалары бар. Оларға мыналар жатады:

  • фостеровтік (алмастыратын) отбасы – ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды жергілікті қамқоршылық және қорғаншылық ұйымдарымен келісімшартқа отыру негізінде тәрбиелеуге алған және олардың қарамағындағы уақытша отбасы. Ол балаға қамқорлықты, күтіп-баптауды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Ата-аналық жауапкершілік фостеровтік отбасы мен жергілікті ұйымдар арасындағы келісімшартта белгіленеді. Келісімшартта көрсетілген міндеттемелерді отбасылардың орындамаған жағдайында қамқоршылық және қорғаншылық ұйымдары келісімшартты бұзуға құқықты. Бұл форманың жағымды қыры болып балалардың отбасында тәрбиеленуі мен мемлекеттік ұйымдардың бақылауында болуы саналады. Фостеровтік отбасы формасындағы жағымсыз жағдай болып отбасының бала алдындағы міндеттемесін орындамаған жағдайда келісімшарттың бұзылуы, баланың екінші рет ата-ананың қамқорлығынсыз қалуына – оның күрделі жаралануына әкеліп соғады.

  • балалар ауылы (SOS-Киндердорф) – жетім-балаларды отбасына ұқсас жағдайларда тәрбиелеуге арналған мекемелер. Мұндай мекемелер алғаш рет 1949 жылы австриялық педагог Герман Гмайнердің ұсынуымен құрылған, қазірде мұндай форма 120 елде жүзеге асырылып отыр. ТМД мемлекеттерін қарайтын болсақ, Мәскеу облысының Томолино селосында пайда болды. Содан соң Орлов және басқа да облыстарда құрылды.

Қазақстан Республикасында осындай ұйымдарының жұмыстары 13.12.2000 жылғы №113 бұйрықпен шыққан «Отбасылық балалар ауылы және жастық шақ үйлері» туралы заңына негізделеді. Мемлекетіміз де мұндай ауыл-отбасылар тұңғыш рет Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарында ашылған болатын. Олар отбасылық тәрбиені жүзеге асыратын бірнеше балалар үйінің бірігуін білдіреді және әр түрлі жастағы балаларды (ұлдар және қыздар) тәрбиелеу үшін 6-8 жыл ананың рөлін атқаратын тәрбиешілері бар, өзінің жеке шаруашылығына ие мекеме. Мұнда «отбасымен құрылған» балаларға арналған ең жағымды жағдайлар түзіледі, тәрбиешілер балалар тәрбиесіне және олардың өмір сүруіне арналған оңтайлы әдістер мен әдістемесін іздестіріп, қарастырады. Мұндай отбасындағы күрделі әлеуметтік-педагогикалық проблемалардың бірі – бұл тәрбиешілердің жеке өмірі. Олар өздерінің өмірін балаларға және осындай отбасыларға арнайды. Осы міндеттемелер орындалмаған жағдайда оларды отбасына байланысты қатынас бойынша ата-аналық құқығынан айырады.
Балалар ауылының жұмыс істеу жағдайлары болып мыналар табылады:
- ана (баланың тәрбиесіне, және үй шаруашылығын жүргізуге өмірін арнаған тұрмысқа шықпаған әйел) – отбасы басшысы. Бұл оның – міндеті және кәсібі;
- аға-інілері және әпке-сіңлілері – бұл әр түрлі жастағы балалар, туған ағалы-інілер және әпкелі-сіңлілер бөлінбейді;
- әрбір бала қолайлы жағдай жасалған бөлек бір үйде – отбасы үйінде тұрады;
- балалар ауылы (12-15 отбасылық үйлер) тәрбиеленушілер мен тәрбиеші аналардың тұрақты тұруына арналған ғимараттар кешені ғана емес, сондай-ақ тілектері бір, ниеттері бір адамдардың қоғамы.
Балалар ауылының директоры өзінің отбасымен бірге осында тұрады және белсенді тұрғыда бәріне бірдей көмектеседі.
Орналастыру формасының осы түрі халықаралық және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудағы және оларды тәрбиелеудегі ең оңтайлы нұсқа болып табылатындығын дәлелдеп отыр.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет