Әлеуметтік педагогика


Закон Республики Казахстан "О браке и семье" от 17 декабря 1998 года № 321



бет44/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Закон Республики Казахстан "О браке и семье" от 17 декабря 1998 года № 321

  • Конвенция о правах ребенка // Справочник НИИ семьи и воспитания. Изд. 2-е. М., 2001.

  • О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности
    Закон Республики Казахстан от 9 июля 2004 года N 591.
    /Казахстанская правда" от 17 июля 2004 года N 161

  • Декларация о социальных и правовых принципах, касающихся защиты и благо­получия детей, особенно при передаче детей на воспитание и их усыновлении на наци­ональном и международном уровнях //Всемирные федеральные законы об образова­нии и правах ребенка с комментариями.Р/и-Д., 2002.

    ХІҮ - ТАРАУ. АУЫР ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙЛАРҒА ТАП БОЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

    Ауыр өмірлік жағдайларға тап болған адам мемлекеттің, қоғамның, қоршаған ортасы мен айналасындағы адамдардың, көмегіне мұқтаж болады. Өйткені балалар мұндай жағдайда – өзін қорғансыз сезінеді, ерекше әлеуметтік-педагогикалық қолдауды қажет етеді. Осыған байланысты оларға көрсетілетін көмек балалардың қиындықтарды жеңуіне, өзінің Менін бекітуге және өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Ал бұл болса, мынадай сұрақтарды қарастыруды талап етеді:


    1) балалар үшін «ауыр өмірлік жағдайлар» ұғымының мәні, олардың типологиясы;
    2) ауыр өмірлік жағдайларға тап болған балаларды отбасына асырауға алғандар және отбасын алмастыратындар;
    3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.



      1. Балалар үшін «ауыр өмірлік жағдайлар» ұғымының мәні, олардың типологиясы

    Отандық және халықаралық практикада қолданылып жүрген ауыр өмірлік жағдайлар ұғымы адамның жақсы дамуына, өмірінің қауіпсіздігіне ауыр ықпал ететін және ол жағдайлардан адал шығуына қабілеттілігі бола бермейтін (одан өзіне лайықты шығу жолын біле бермейтін) кезеңдегі оның күйзелісін білдіреді. Мұндай жағдайда оған мемлекеттік, қоғамдық көмек көрсету талап етіледі. Әсіресе ауыр өмірлік жағдайларға тап болған балалар көмекті аса қажет етеді. Оларға болған жағдайлардан өздігінше жол тауып шығу қиынға соғады. Мемлекет осындай деректерді ескере отырып, ауыр өмірлік жағдайларға тап болған балаларға көмектесудің неғұрлым тиімді жолдарын болжауға және анықтауға талпынады. Осыған орай мемлекеттің (қоғамының) басты мақсаттарының бірі болып балалардың өмір сүруіне және оның тәрбиесіне барынша қолайлы жағдайлар тудыру саналады.


    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ауыр өмірлік жағдайларға тап болған балаларға мемлекет тарапынан қажетті көмек берілуге тиісті жағдайлар нормативтік-құқықтық құжаттар да тұжырымдалған.
    Жоғарыда аталған кепілдік Қазақстан Республикасының Конституциясында және келесі заңдар да өз шешімін тапты: «Бала құқықтары жайлы», «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медико-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» заңдары.
    Мұндай құбылыс мынадай бірқатар жағдайларда орын алуы мүмкін:
    а) ата-аналар қайтыс болғанда;
    б) тұрғындарды әлеуметтік қорғау, тәрбиелеу, емдеу және басқа да мекемелерден туған балаларын алудан ата-аналардың бас тартқан жағдайында;
    в) ата-аналардың өзінің туған баласы үшін ата-аналық міндеттемесін орындауды өздігінше тоқтатқанда (баланы тәрбиелеуден өздігінен бас тартуы);
    г) ата-аналардың өзінің туған баласы үшін ата-аналық міндеттемесін орындауды белгілі бір себептермен тоқтатқанда (мысалы, денсаулығына байланысты – балаға жұқтырып алу қаупі болғанда және т.б.);
    д) ата-аналардың балаларының қасында ұзақ болмағанында (мысалы, ұзақ іс-сапар және т.б.);
    е) ата-аналарды ата-аналық құқығынан шектегенде.
    Шешімді баланың қызығушылығын ескере отырып сот шығарады. Ол ата-анасының біреуімен қалуы керек жағдайында баланың ата-анасынан (біреуінен) тәуелсіз болуына байланысты оның өміріне қауіп тууы (психикалық күйзеліс немесе созылмалы ауру, ауыр жағдайларға тап болуы және т.б.) мүмкін;
    ж) ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру. Бұл ата-аналардың кәмелет жасына жетпеген балаларының алдында ата-аналық борышын орындамағанда, сондай-ақ ата-аналық құқығын дұрыс емес пайдаланған жағдайда заңдастырылған өлшем тұрғысынан күшіне енеді.
    Ата-ананың балалары алдындағы борышына мыналар кіреді:

    • балаларын бағу;

    • олардың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасау;

    • олардың заңды өкілі болып саналу және барлық мекемелерде ерекше үкімсіз-ақ олардың құқығын және қызығушылығын қорғай алу;

    • оларды тәрбиелеу.

    Ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру отбасында тәрбеленіп отырған балалардың құқығын қорғауға, оларға ата-ана тарапынан дөрекі қатаңдық көрсетуден және басқа да қиянат жасаудан қорғауға бағытталған. Ол соттың шешімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналар баланы тууы деректеріне негізделген құқықтарынан айырылады, бірақ олар балаларды бағуға байланысты міндеттерінен босатылмайды. Егер ата-аналық құқығынан айырылған ата-ана өзінің мінез-қылығымен баламен бірге тұруға мүмкіндік бермейтін жағдайлар тудырса, оны баламен бірге тұрған үйінен шығарып жібереді және оған бөлек тұратын орын бөлінбейді. Баланың әкесі де, шешесі де ата-аналық құқығынан айырылғанда бала қамқоршылық және қорғаншылық ұйымдарына қамқорлыққа беріледі;
    з) ата-аналардың белгілі бір себептермен ата-аналық міндеттемесін орындай алмау жағдайлары:
    - колонияларда жазасын өтеуі;
    - олардың денсаулығына байланысты (дене дамуының мүмкіндігінің төмендігі немесе психикалық ауытқуы) туған балалары алдында ата-аналық міндеттемесін орындауға мүмкіндігі болмауы, олардың қабілетсіздігінің мойындалуы;
    - ата-аналардың туған балалары алдында ата-аналық міндеттемесін орындауға мүмкіндік бермейтін отбасының дағдарыс кезеңі (жұмыссыздық және жұмыс іздеумен айналысуға мәжбүрлігі, ауыр материалдық жағдайлары);
    и) балалардың арнайы кәсіптік және (немесе) қорғауды талап ететін жағдайларға тап болуы:

    • мүгедектік. Денсаулығының жарамсыздығына байланысты мүгедектер қатарына жататын балалар-мүгедектер. Олар арнайы (коррекциялық), коррекциялық-компенсаторлық дамытуды, оқытуды және тәрбиелеуді қажет етеді;

    • психикалық және (немесе) дене дамуындағы ақаулықтарының болуы. Мұндай балалар да арнайы (коррекциялық), коррекциялық-компенсаторлық қолдауды, оқытуды және тәрбиелеуді қажет етеді;

    • қарулы және ұлтаралық жанжалдардың, экологиялық және техногендік апаттардың, апаттық зілзалалардың құрбаны болуы. Осы жағдайда балаға кешенді медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік шаралар бойынша көмек көрсету қажет етіледі;

    • экстремальды жағдайларға тап болып мәжбүрлі көшіп келгендер және босқындар отбасының құрамындағы балалар;

    • зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалар. Мұндай құбылыстар ата-аналардың ата-аналық құқықтарын қиянатқа баруға жұмсайтын отбасыларында кездеседі. Оған ата-аналардың өз құқықтарын баларының қызығушылығына зиянын келтіруге жұмсайтындар жатады (мысалы, баласының оқуына кедергі келтіретіндер, оларды сұрампаздыққа, ұрлыққа, жезөкшелікке, ішімдіктер ішуге және есірткі тартуға бейімдейтіндер және т.б.);

    • бостандығынан айырылғандар тұрғысынан тәрбиелеу колонияларында жазасын өтеген балалар;

    • арнайы оқу-тәрбие мекемелерінде білім алып жатқан балалар;

    • жеке және соның ішінде отбасы арқылы игеруге келмейтін қалыптасқан жағдайлар нәтижесінде өмір сүруі объективті тұрғыдан бұзылған балалар.

    Жоғарыда айтылып өткен жағдайларға тап болған бала қамқоршылық және қорғаншылық ұйымдарына беріледі. Бұл панасыз қалған, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың құқығы мен қызығушылығын қорғау міндеттеріне ие жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары.
    Қамқоршылық және қорғаншылық ұйымдарының міндеттері:

    • ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау;

    • мұндай балаларды есепке тұрғызу;

    • ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру формаларын таңдау. Осындай жағдайдың өзінде де олар балаларды алдымен отбасыларға орналастыруға тырысады. Олар осы мақсатпен қабылдау, қамқорлық көрсету және басқа отбасы түрлерін құрады;

    • қамқорлыққа алатын отбасыларын құрады, оларға қажетті көмек көрсетеді (жазғы лагерьлерге, демалыс үйлеріне, санаторийлерге жолдама алу; балаларды мектепке, шығармашылық ұжымдарға орналастыру); қамқорлыққа алған отбасыларына олардың баланы жақсы тәрбиелеуі мен олардың өмір сүруіне қалыпты жағдайлар тудыру үшін ықпал ету (психологтардың, мұғалімдердің, әлеуметтік педагогтердің көмегі, үй жағдайларын жақсартуға ықпал ету);

    • баланы бағу жағдайларын және қабылдап алған отбасының оның тәрбиесі мен білім алуына ата-аналық міндеттерін орындауын бақылауды жүзеге асыру.

    Қабылдап алған балалары алдында ата-аналық міндеттерін орындамаған жағдайда қамқоршылық және қорғаншылық ұйымдары балалардың құқығын қорғау бойынша шаралар қолданады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   90




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет