АТҚ: түрлері мен негізгі функциялары
Ақпарат таратушы құрал – барлық каналдарды біріктіріп қоғамға ақпаратты жеткізуші (пресса, кітап баспаханасы, басып шығару агенттігі, радио, теледидар және т.б.). Мағынасының түп негізін - көптеген аумақта ақпараттардың таралуын және өңделуін, жинақтауын қамтамасыз ететін әлеуметтік институт деп түсіну қажет.
АТҚ -ның негізгі түрлеріне мыналар жатады:
Радио – акустикалық, сөздік-дыбыстық ықпал ету;
Баспа – сөздік және графикалық ықпал ету;
Кино – көркем-бейнелік ықпал ету;
Теледидар – біріктірілген акустикалық және көркем-шығармашылық ықпал ету;
Компьютерлік технологиялар (Интернет) – тұтынушының сөздік, акустикалық, көрем-шығармашылық және басқа да ықпалдардың көмегін қолдану арқылы компьютерлік технологиялармен дербес-шығармашылық өзараәрекеттесуге түсуі.
Теледидар, кино және компьютерлік технологиялардың ықпал ету мүмкіндіктері жоғары. Теледидар дайын бағдарламаны «үй ішінде» отырып-ақ дәл болып жатқан оқиғалар туралы мағлұмат алуға, ұсынылатын бағдарламаны шынайы және өздігінен меңгеруді үйде көруге мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар компьютерлік технологиялар жоғары ықпал етудің иегері, өйткені олар ақпараттық материалды меңгерудегі тұтынушының белсенді қатысуын талап етеді. Тұтынушы өзіне қажетті ақпараттарға сәйкес әрекеттеседі. Компьютерлік технологиялар тұтынушының белсенді қатысуына, белсенділігін дәлелдеуге, қызығушылығын дамытуға мүмкіндік береді.
АТҚ негізгі функциялары:
Қоғамдық – саяси ықпал ету (белігілі бір саяси міндеттерді шешу);
Тәрбиелеу (идеология, құндылық, ұлтшылдық);
Ақпараттық (лат. тілінен informatio – түсіндіру): ақпаратты сақтау және тарату, өңдеу, жинақтау, бір нәрсе жайында мәлімет жинақтау;
Оқыту және білім беру: кәсіби-қызығушылық танытқан аудитория, ой - өрісін кеңейту;
Көркем-өнер жасаушы - өнердің ерекше түрлерінің таралуы – жарнамалар, телешоу, радиодрамалар, телехикаялар және т.б. сонымен қатар ақпараттың түп нұсқасын үй ішінде де көруге мүмкін;
әуесқойлық: бос уақыты жағымды демалыспен, әуесқойлықпен орынын толтыру немесе өткізу (музыка және кино);
АТҚ-ның топқа және тұтынушының жеке тұлғасына әсер етуін зерттеу педагогика және психологияның көмегімен жүзеге асырылады. Психология көбінесе аудиторияға әсер ету механизмдерін зерттесе, ал педагогика – әсер етуді болжаудағы жетісктіктердің амалдарын, жолдарын, әдістерін және ақпараттық әрекеттесудің құралдарын, сондай-ақ әртүрлі бағдарламаларды қолданудың тиімділігін қамтамасыз ететін шарттарын қарастырады.
«Педагогика көптеген ақпараттардың құралы» деген ұғым бар. Оның мәні адамға, қоғамға (нақты бір халықтар тобына) бағытталған әсер етуді қамтамасыз ету үшін АТҚ-ның педагогикалық (тәрбиелік) мүмкіндіктерін қолдану және зерттеудің теориясы мен тәжірибесін жобалап түсіну.
АТҚ-ның көпшілікке (аудиторияға) әсер ету мәселелерін зерттеуде нақтылған концепцияланған амал-әдістерді қолданады. Оның негізінде жеке тұлғаға, топқа оның салдарына әсер ететін механизмдерін түсінуге және түсіндіре білуге мүмкіндік беретін сәйкес теориялар қарастырылған. Мұндай теорияларға мыналар жатады:
Көптеген коммуникациялық әсер ету салдарының бірыңғай теориясы. Осы теорияға сәйкес, қазіргі таңдағы қоғам адамдары АТҚ-ның жаңалықтарын бірдей қабылдайды және жауап қайтару реакциялары да ұқсас. Сондықтан да дәл осы ықпалдар нақтыланған шарттарда және нақтылған көпшілік аудиториясына қатысты орын алады. Көпшіліктің (адамдардың) агрессияға бейімделуі кейбір хабарларды көру кезінде бәсеңдеуі мүмкін. Мысалы, көрермендердің басым көпшілігінің мағлұматтарына сәйкес теледидардан зорлы-зомбылық элементтері бар бағдарламаларды көру барысында зорлық көрсету тенденциясы күшейюі мүмкін; адам құқығына қарсы бейімділігі бар адам бағдарламаны көру барысында оны жүзеге асыруға деген қажеттілігі туындауы мүмкін. Жоғарыдағы дәлел, теледидар әсері біркелкі емес, оның маңыздылығын төмендетпейді. Мысалы, теледидар бағдарламасы 0,1% көрерменге нақтыланған әсер етсе, ал аудиторияда 40 млн. адамнан құралса, онда ықпал ету 4 мың адамға таралады.
Әлеуметтік үйрету теориясы (Альберг Бандура және оның әріптестері). Бұл әдіс бихевиористік психологияның саласынан пайда болған. Оның негізі - адамның мінез-құлық модельдерін меңгеру қоршаған ортаның мінез-құлық үлгісі бойынша іске асуы деп түсіндіріледі. Олардың өздерін қандай да бір жағдаяттарда өзің-өзі ұстай алуына қарай отырып адам оларға еліктеу арқылы тәжірибе жинақтайды. Осыған қатысты АТҚ үлгі-мысалдарын көрсетеді, үйретудің өзегі болып табылады. Ол үшін адамның әлеуметтік үйретуі іске асу үшін, белгілі орынға ие болуы қажет:
үлгінің көптігі;
мінез-құлық модельдерін еске сақтау;
әрекеттерді ұғыну;
мотивация;
мінез-құлық модельдерін жүзеге асыру.
Идеяны тарату теориясы (ойлау бейнесін біртіндеп қалыптастыру) (Джордж Гербнер және оның әріптестері). АТҚ (ең бірінші орында теледидар) әрекеттерінің бірнеше мәрте қайталануы мен ұлғаюының ұзақ мерзімге ұзартылуы олардың тұтынушыларына ақпарат берілетін болмыстар, шынайы әлеуметтік процесс туралы мәліметтерін біртіндеп өзгертуге мүмкіндік туғызады. Аудиторияға мұндай ықпал ету нақты бағыттың (өсуін қалыптастырады) және теледидарда жүргізілетін ақпараттарға сәйкес көзқарастың адам бойында қалыптасуына жағдай жасайды. Осы теорияны қолдану нақтыланған саяси міндеттерді шешу процесіне, кампанияны алдын ала сайлауды іске асырудың белсенді жолдарын қарастырады.
Әлеуметке бейімдеу теориясы (әлеуметтік даму теориясы). АТҚ-ның ықпал етудің жалғасуы тұтынушыларға әлем туралы білімдерін кеңейтудің қайнар көзі болып табылады. Қазіргі таңдағы балалардың 2-4 сағат теледидар көруі әлеуметтік дамудың негізгі бөлшегі болуына себепкер болады. Теледидарлардан берілетін бағдарламалардың көмегімен ересек адамдардың өмірі, олардың жүріс-тұрыстары туралы біледі, ересектерге тән әлеуметтік рөлдерді орындай бастайды. Кіші балаларға және жастарға арналған теледидар бағдарламалары олардың психологиясына бағытталған (бәсекелестік, құмарлық, жаңалық) әдістерді, амал-тәсілдерді және құралдарды пайдалана отырып ықпал етуіне жағдай жасайды. АТҚ-ның көбінесе балаларға жағымды және жағымсыз әсер етуі байқалады
Қолдану мен қанағаттанудың теориясы. АТҚ тек өзінің көрермені болғанда ғана жүзеге асырылады. Олардың алдыңдағы ең басты міндеттерінің бірі – дербес аудитория құру болып табылады. АТҚ қолданушының психологиясы - өзінің қызығушылығын, ниетін, қажеттілігін қанағаттандыратын белгілі бір затқа жүгінеді. Жоғарыда айтылған факт көрермендердің назарын өзінің ақпараттарымен, мазмұнымен, сюжетімен және адамдарды уайымдауына, олармен өзара тығыз әрекеттесуіне, мұқтаждығын туғызуына жағдай жасап отыратын ақпараттық бағдарламаны қоюшылардың қызметтік бағыттылығын анықтайды. Демек, каналдар бағдарлана алатын дербес аудитория қалыптасады.
АТҚ-ның жеке тұлғаға (аудиторияға) әсер ету механизмі топтың және жеке тұлғаның психологиясы туралы білімнің терең болуына негізделген. Олар ақпараттарға деген қызығушылықтың оянуына, аудиторияның мұқтаждығына, оның мотивациясына белсенді әсер ету нәтижесінде дүниені тануға және белсенділіктің туындауына қысым жасайды. АТҚ-ның аудиторияға әсер етуі келесі шарттарды құру арқылы қамтамасыз етіледі:
Ақпараттардың өзектілігі және тұтынушыға ақпараттың қажеттілігін күшейтетін күшті ықпал ететін шаралар құру.
Дәл осы ақпаратты қабылдауға көрермендерді икемдеу. Демек, бұдан ақпарат көзімен адамның өзараәрекеттесуіне қосылу тәуелді. Жиі бұл фактордың маңыздылығын ескере отырып, ақпараттық бағдарламалар көреремендердің ақпараттарды тұтынуға бірте-бірте еліктіру, қызығушылықтарын жоғарлату, сондай-ақ оған дәл «дайындап қойған» ақпаратты қабылдауға қажетті икемдерін қалыптастыруды қарастырады.
Аудиторияның қажеттіліктері мен қызығушылығына сәйкес ақпараттар. Бұл жағдайда ақпарат бірден көрермендердің қызығушылығын оятып, оны қолдану процесіне көрермендерді қосады;
Ақпаратты қабылдаудағы адамды уайымдауға мәжбүр ететін, эмоциональды әсерілілік. Топтан гөрі жеке көрермендерге эмоциональды әсер етуі төмен. Дегенімен, жеке эмоциональдық уайымдау жағымсыз салдардың пайда болуына себепкер болуы мүмкін. Топпен қарау көбінесе эмоцияның көрінуіне мүмкіндік туғызады. Мұны ужас және комедия кинохикаяларды көру барысында ерекше байқауға болады. Ол әсер етуді жоғарлатып төмендетеді. «Өзара әсерліліктің» көмегімен адамдар топта неғұрлым терең эмоцияларды бастарынан өткізеді, бірақ ақпараттардың тоқтатылуына байланысты пайда болған эмоциональды күйден барлығы бірдей арылғаны дұрыс, өйткені топта оны жеңе білетін күшті адамдар болуы мүмкін.
Көрермендердің эмоциональды уайымдауы кино (ақпаратты) сюжетінің адамға әсер ету тереңділігіне негіздейді және ұсынылатын реакцияларды меңгеруге мүмкіндік туғызады. Фильм желісіндегі басты кейіпкерлердің эмоцияларының танылуын көрермендер өз тәжірибе деңгейлеріне сәйкес бірден ойланбастан меңгеріледі. Мұндай әсер етуді «эмоциональды індет» деп атайды. Бұл фактының түп негізі әрбір адам өзінің сөйлеуін және жүріс-тұрысын қоршаған ортадағы бір тұлғаға еліктеуі болып табылады. Бұл имитацияның салдары еліктеуші адаммен эмоциональды бірлікті құру болып табылады. Еліктеушіліктің объектісі көбінесе телехабарламаның кейіпкерлері болады. Бұл көбінесе балалар мен жас өспірімдерге тән. Жиі фильм көріп болғаннан кейін олар фильмнің кейіпкерлер образдарын, жүріс-тұрысын, олардың сөйлеген сөздерін қайталап, имитациялайды.
Ұсынылатын ақпараттардың ақиқаттылығына күшті әсерлілікті құру. Бұндай күшті әсер ету тұтынушыға ұсынылатын интерпретацияны дәл солай қабылдауына және сенуі үшін қажет. Мұндай мақсатпен ұсынылған ақпарат ақиқатқа бірте-бірте жақындай түседі. Көптеген жағдайда нақтылы ықпал құрайды, «нақтылы» фактілер қолданылады немесе нақты ақиқат шеңберінде қабылдануы керек заттарды ақиқат түрінде қабылдауды ұсынады. Мұндай әсер ету тұтынушының бойында ұсынылатын ақпаратқа сенімділік және оны қабылдауға деген ниеті пайда болады. Ақпараттың нақтылығына аудиторияның сенімділігін арттыру үшін жиі беделі бар адамдарды шақырады. Адам танымал адамдарға сенеді: «ол өтірік айта алмайды».
Көрермен АТҚ-ның ұсынған адам бейнесімен өзің сәйкестендіру. Адамға нақты бір жеке тұлға шынайы ақпаратты ұсынса, онда ол сенуге жиі дайын. Бұл көбінесе телехабарламаларының кейіпкерлер бейнелеріне еліктейтін, оның қайғыларына және қуаныштарына ортақтасатын балаларға тән. Жоғарыдағы факт АТҚ өздерінің көрермендерін ұзақ уақытқа ұстап қалу үшін жиі қолданылады. Мұндай мақсатпен басты кейіпкердің жеке тұлғалық рөлін белгілеуде туындаған мәселені шешуді келесі кездесуге қалдырылады. Көрермен өзің қызықтыратын ақпаратты толық алу үшін ақпарат таратушымен қайта жүздеседі. Ақпарат беруші ретінде көпшілікке танымал беделді адам сөйлейді.
Ақпараттың мазмұнын қалыптастырылушы және оны қолдану амалдарын қобалжумен тосу, көпшіліктің (аудиторияның) қозуы, шыдамсыздық танытуы және тағы бір мәрте АТҚ-мен өзара әрекеттесуге дайын екенін білдіреді. Мұндай болмыс көрермендердің фильм кейіпкерлерімен бірге эмоциональды уайымдауға негізделген. Фильмнің желісі басты кейіпкердің басынан өткен қиындықты шешуге негізделуі көрермендердің ынтамен құлақ қойып тыңдап оны шешуді талап етеді (психологиялық дайындық). Осыған орай кейіпкерлермен келесі жүздесуді қуана күтіп, оның мәселелерін шешуге ат салысуға ниетенеді. Осының негізінде көптеген телехикаялар, көп сериялы фильмдер құралады.
Сонымен, теледидар бағдарламалары нақтылған шарттарды (әсер етулерді) қолданумен (құрумен) қатар топқа (аудиторияға) және жеке тұлғаға сәйкес әсер етудің нәтижесіне жетуге мүмкіндік туғызуды қарастырады (кесте - 1).
АТҚ-ның әсер ету нәтижесі алуантүрлі болуы мүмкін. Олар ақыл-ой (когнитивті), мінез-құлыққа, құрастырушы және дене сферасына әсер ету арқылы нақты салдарын тигізеді. Олар төмендегідей:
мінез-құлық салдары. АТҚ-ның ұсынған қызметтін бейнесі көрермендер үшін басшы болып табылады. Нәтижесінде АТҚ-ның ұсынған әрекеттердің ретіне сәйкес алға қойған мақсатқа жетудің тәжірибелік әрекеттін анықтайтын негіздеменің бағдары болып құралады.
құрастырушы салдары. Нақтыланған шарттар бойынша АТҚ-ның көрермендерге әсер етулеріне сәйкес көрерменде ой-пікір қалыптасады. Көрермендердің қатынас жасауына, оның іс-әрекеттері мен қылықтарына мәнді ықпал жасайтын тұрақты сипатқа ие.
когнитивті салдар. АТҚ-ның ұсынған ақпараттары көрермендердің білімін, дүниеге деген көзқарасын өзгертеді. Бұл ақпаратты қабылдауы мен пікір алысудан байқауға болады.
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |