«Әлеуметтік –педагогикалық пәндер» кафедрасы «Бекітемін»: Декан гпф-г. Е. Шарипова № Хаттама


Тақырып 5. Дифференциалды оқыту технологиясы



бет3/4
Дата23.03.2018
өлшемі0,59 Mb.
#39517
1   2   3   4

Тақырып 5. Дифференциалды оқыту технологиясы

Тапсырма 1: Әдебиеттер тізімінен №13,14,15,16 мақалаларға талдау жасау.

Өткізу формасы: Топ екі топқа бөлініп, аталған мақаларды бір-бірлеріне сұрақтар қоя отырып талдайды.

Негізгі әдебиеттер: [13,14,15,16].

Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6].
Тақырып 6. Қашықтықтан оқыту технологиясы

Тапсырма 1: ИНТЕРНЕТ-тен қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту курсы бойынша ақпарат қарау.

Тапсырма 2: Қашықтықтан оқытудың нормативті-базалық құжаттарын талдау

1 тапсырманы өткізу формасы: Жасалған жұмыстың есебіне төмендегілер енеді:

  • қашықтықтан оқыту курсының тақырыбы;

  • оны өткізетін ұйымның атауы (университет);

  • курс мазмұнының қысқаша аннотациясы;

  • курс бойынша ақпаратқа ену жолы (желі, телеконференция атауы, сіз курс туралы материалды қайдан алдыңыз, сервер атуы және т.б. ).

2 тапсырманы өткізу формасы: конспектілеу

Негізгі әдебиеттер: [17,18,19,20,21].

Қосымша әдебиеттер : [7,8,9,10,11].
Тақырып 7. Модульдік оқыту және оның мәні

Тапсырма 1: Ұсынылған тақырыптардың біріне реферат жазу.

Әдістемелік нұсқау: реферат титулдық беттен, жоспардан, мәтіннен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Рефератты безендіру талаптары: формат – А4, көлемі – 5 беттен кем емес, шрифт – 14, жол арасы – 1,5, сол жағы - 30 мм., оң жағы - 15мм., жоғары және төменгі жағы - 20мм., 5 әдебиеттен кем емес. 35 беттегі реферат тақырыптарын қараңыз.

Тақырып 8. Оқытудың ақпараттық технологиялары

Тапсырма 1: Педагог мамандарды ақпараттық технология негiзiнде дайындауда негізге алынатын келесi қағидалардың сипаттамасы.

Өткізу формасы: 1-кестені толтыру

Кесте 1.


Қағидалар

Сипаттама

  1. вариативтiлiк




  1. болашаққа негiзделген




  1. рефлексивтi-креативтi




  1. эргономикалық




  1. iзгiлiктiлiк




  1. тәжiрибеге бағытталған




  1. жекелеген консультация беру




Тақырып 9. Интерактивті оқыту әдістері

Тапсырма 1: Интерактивті сабақтарды өткізудің алгоритмі.

Тапсырма 2: Интерактивті сабақтарды өңдеу барысында назар аударатын кезеңдер.

Өткізу формасы: Дөңгелек үстел. Топ екі топқа бөлініп, берілген тапсырмалар бойынша бір-бірлеріне сұрақтар қоя отырып, материалды талқылайды.

Негізгі әдебиеттер: [1,3,17,18,22,23].

Қосымша әдебиеттер : [2,4,6,8,10].
Тақырып 10. Оқытудың ынтымақтастық технологиясы

Тапсырма 1: Ынтымақтастық оқыту түрлері: топта оқыту (Student Team Learning), ара әдісі (Jigsaw), бірге оқимыз (Learning Together) әдістерімен таныстыру.

Тапсырма 2: «Базалық топ» дегенімізді қалай түсінесіздер және ол қандай жағдайда қолданылады?

Өткізу формасы: конспектілеу, өз араларында сұрақтар қоя отырып, білімдерін бекіту.

Негізгі әдебиеттер: [1,3,17,18,22,23,29,30].

Қосымша әдебиеттер : [2,4,6,8,10].

Тақырып 11. Жобалау әдісі

Тапсырма 1: Қызықтыратын пәндер бойынша жоба үшін әр түрлі тақырыптар тізімін құрастырып, оған қойылатын талаптарды ұсыну.

Тапсырма 2: Топ (сынып) ішінде жобаға байланысты пікірлерді талқылап, біреуін таңдап және осы таңдауыңызды түсіндіру.

Өткізу формасы: Пікір-талас, таңдалған тақырыптардың өзектілігін ескере отырып.

Негізгі әдебиеттер: [1,3,4,5,6,8,23,29,30].

Қосымша әдебиеттер : [2,3,6,4,5,9,10].
Тақырып 12. Оқыту процесіндегі кредиттік технологияның мәні

Тапсырма 1: Аталған мәселеге байланысты негізгі ұғымдардан глосарий құрастыру.

Тапсырма 2: Білім беру субъектілерінің функциясы: тъютор, эдвайзер және т.б.


  1. тапсырманы өткізу формасы: Глосарий.

2. тапсырманы өткізу формасы: Әр ғалымның анықтамасына байланысты кесте түрінде көрсету.

Негізгі әдебиеттер: [18,19,20,21,22,23].

Қосымша әдебиеттер : [2,4,6,5,8,9,10].
2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары

Әдістемелік нұсқаулар: СӨЖ дайындықта міндетті түрде сәйкес лекция тезистеріне, негізгі және қосымша әдебиеттерге сүйену қажет.

Тақырып 1. Қазіргі педагогикалық технологиялар негіздері

Тапсырма 1. Педагогикалық технологияның тарихи деректері.

Тапсырма 2. «Педагогикалық технология» терминдеріне арналған сөздік құрастыру.

Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8,27].

Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6,11].
Тақырып 2. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері

Тапсырма 1. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктерінің құрылымн көрсету.

Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8].

Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6].
Тақырып 3. Технология мен оқыту әдістемесінің өзара байланысы

Тапсырма 1. Технология мен оқыту әдістемесінің арақатынас схемасын көрсету.

Тапсырма 2. С.Қ.Мусина, М.С.Хусаинов, Б.А.Молдағалиев «Білім беру технологияларын мектептің оқу үрдісінде пайдалану» атты оқу құралында әдістеме мен технологияның талдалынуы.

Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8,27].

Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6,11].
Тақырып 4. Ойын арқылы оқыту технологиясы

Тапсырма 1. Іскерлік ойынның қысқаша тарихы.

Тапсырма 2. Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастыру.

Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8,27,31].

Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6,11].
Тақырып 5. Дифференциалды оқыту технологиясы

Тапсырма 1. Кез-келген сыныпты, пәнді таңдап, 3-деңгейлік тапсырмалар даярлау.

Негізгі әдебиеттер: [13,14,15,16].

Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6].
Тақырып 6. Қашықтықтан оқыту технологиясы

Тапсырма 1. Іздеу жүйелерінің көмегімен мысалы, http://yandex.ru, Қазақстан аймағында білім алушылардың қашықтықтан оқытумен айналысатын қалалар, ЖОО, институттар, мектептер жайында ақпарат жинау.

Тапсырма 2. Қашықтықтан оқытудың нормативті-базалық құжаттарын талдау.

Негізгі әдебиеттер: [17,18,19,20,21].

Қосымша әдебиеттер : [7,8,9,10,11].
Тақырып 7. Модульдік оқыту және оның мәні

Тапсырма 1. Белгілі тақырыпты таңдап алып, нақты сабақ тақырыбына модуль құру

Тапсырма 2. Модульдік оқыту технологиясының құрылысын талдау
Тақырып 8. Оқытудың ақпараттық технологиялары

Тапсырма 1. Тақырыпқа байланысты, негізгі ұғымдардан сөзжұмбақ құрастыру.

Негізгі әдебиеттер: [1,3,17,18,22,23].

Қосымша әдебиеттер : [1,2,4,6,8].
Тақырып 9. Интерактивті оқыту әдістері

Тапсырма 1. Интерактивті сабақтың жұмыс принциптеріне толығырақ тоқталу.

Тапсырма 2. Интерактивті SMART тақтасы жйында мағлұмат.

Негізгі әдебиеттер: [1,3,17,18,22,23].

Қосымша әдебиеттер : [2,4,6,8,10].
Тақырып 10. Оқытудың ынтымақтастық технологиясы

Тапсырма 1. Ынтымақтастық, ынтымақтастық педагогика ұғымдарының жан-жақты қарастырылуын талдап, кесте түрінде көрсету.

Тапсырма 2. Мәселені зерттеген педагог-ғалымдардың еңбектеріне байланысты картотека жасау.

Негізгі әдебиеттер: [1,3,17,18,22,23,29,30].

Қосымша әдебиеттер : [2,4,6,8,10].
Тақырып 11. Жобалау әдісі

Тапсырма 1. А.В.Хуторский бойынша білім беру жобасын анықтау және оған қойылатын талаптар

Тапсырма 2. В.В.Гузеев ұсынған жобамен жұмыстың бірізділігі

Негізгі әдебиеттер: [1,3,4,5,6,8,23,29,30].

Қосымша әдебиеттер : [2,3,6,4,5,9,10].
Тақырып 12. Оқыту процесіндегі кредиттік технологияның мәні

Тапсырма 1. «Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында тұсаукесер (презентация) көрсету.

Негізгі әдебиеттер: [18,19,20,21,22,23].

Қосымша әдебиеттер : [2,4,6,5,8,9,10].
2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

2.6.2 Реферат тақырыптары

  1. Педагогикалық технология және мұғалім шеберлігі

  2. Дәстүрлі технология және оның негізгі белгілері

  3. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттары

  4. Білім беруде инновациялық процестерді заңды қамтамасыз ету

  5. Қазақстанда инновациялық мектептердің дамуы (1990-2004 жж.)

  6. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зертттеу, қортындылау және қолдану

  7. Ынтымақтастық педагогикасы

  8. Дамыта оқыту технологиясының психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

  9. Ойын технологиялары

  10. Ақпараттық технологиялар

  11. Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары

  12. Г.К.Селевконың оқыудағы өзін-өзі дамыту технологиясы

  13. Дифференциациялап оқытудың мәселелері

  14. Проблемалық оқыту технологиясы – мектепте

  15. Проблемалық оқыту технологиясының негізінде оқушылардың қабілеттерін дамыту

  16. Қарым-қатынас технологиясы

  17. Модульдік оқыту және оның ерекшеліктері

  18. Бағдарламалап оқыту – жаңа технология жолында

  19. Оқушы мен мұғалімнің өзара байланыс технологиясы

  20. Қашықтықтан оқыту технологиясы

2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе

Тақырып

Сабақ түрі

Бағдарламалық өнім түрі

Қолайлы орын

Арнайы дәрісхана атауы

Қазіргі педагогикалық технологиялар негіздері

СОӨЖ

тұсаукесер

кафедра

мультимедиялық-кеңейтілген дәрісхана

Қашықтықтан оқыту технологиясы.

семинар

тұсаукесер

кафедра

мультимедиялық-кеңейтілген дәрісхана

Оқыту процесіндегі кредиттік технологияның мәні.

лекция

тұсаукесер

кафедра

мультимедиялық-кеңейтілген дәрісхана

2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары

1. «Технология» термині қандай мағына білдіреді:

A) Әдіс.

B) Ғылым.

C) Ілім.

D) Амал.


E) Айла.

2. Технология – оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «әдістме» түсініктерінің синонимі деген анықтама авторы:

A) Л.А.Шкутина.

B) С.Смирнов.

C) М.К.Танасейчук.

D) В.Н.Бордовская.

E) Г.М.Құсайынов.

3. Білім беру стандартында және мемлекеттік бағдарламамларда ұсынылған білім беру әрекетін жүйелі ұйымдастырудың тәсілін, құралы мен формасын, мақсаттық және мазмұндық бағыттарын түсіндіреді:

A) Педагогикалық технология.

B) Оқыту технологиясы.

C) Тәрбие теориясы.

D) Білім беру технологиясы.

E) Психологиялық технология.

4. Педагогикалық технология түсінігін 3 аспект бойынша қарастырған:

A) Б.Т.Лихачев.

B) А.А.Реан.

C) Г.К.Селевко.

D) В.Н.Бордовская.

E) Г.М.Құсайынов.

5. Құрылымы және мазмұны бойынша педагогикалық технологияның топтары:

A) Оқыту және тәрбиелеу.

B) Діни.


C) Жалпы білім беру және кәсіптік бағдар.

D) Технологиялық және комплестік.

E) барлық жауап дұрыс.

6. Қашықтықтан оқытуда оқу сабақтарының белсенді формасы:

A) Лабораториялық.

B) Лекциялық.

C) Семинар.

D) Кеңес беру.

E) Бақылау.

7. Бағдарламалап оқыту теориясы қай жылы, қай ғасырда дами бастады:

A) ХХғ. 40-50жж.

B) ХІХғ. 40-50жж.

C) ХХІғ.

D) ХІХғ. 30-40жж.

E) ХХғ. 80-90жж.

8. Кері байланыстың педагог үшін қажеттілігі:

A) Түзету үшін.

B) Оқу материалын түсіну үшін.

C) Оқу процесін басқару үшін.

D) Оқу процесін ұйымдастыру үшін.

E) Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін.

9. Педагогикалық факультеттің оқу процесіне бағдарламалап оқытудың қай түрі енгізілген:

A) Сызықтық.

B) Кредиттік.

C) Тармақталған.

D) Бейімделген.

E) Кері байланыс.

10. ... – бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі әдістемелік ұйымдастыру құрылымының бірлігі:

A) Кредит.

B) Ойын.


C) Модуль.

D) Сана.


E) Бақылау.

11. Модульдің көптеген анықтамаларына қарамастан, олардың барлығын неше бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:

A) 2.

B) 4.


C) 6.

D) 3.


E) Дұрыс жауап жоқ.

12. Баланың қалыпты дамуына әсер етіп, оның шығармашылық қабылетін, танымдық белсенділігін арттыратын педагогикалық процесті ұйымдастыру:

A) Қашықтықтан орқыту.

B) Ойын технолдогиялары.

C) Бағдарламалап оқыту.

D) Кредиттік оқыту.

E) Компьютерлік технология.

13. Оқу-танымдық бағыттылыққа тән және шынайы түрде белгіленетін, педагогикалық нәтижелерге сәйкес, оқытудың нақты қойылған мақсаты:

A) Психологиялық ойын.

B) Технологиялық ойын.

C) Педагогикалық ойын.

D) Проблемалық ойын.

E) Кредиттік ойын.

14. Г.К.Селевконың «Педагогикклық технология» түсінігін қарастырған аспектілер:

A) Педагогикалық, ғылыми, бейнелеулі іс-жүргізу.

B) Нақтылы іс жүргізу, педагогикалық, психологиялық.

C) Ғылыми, бейнелеулі іс-жүргізу, нақтылы іс-жүргізу.

D) Психологиялық, педагогикалық, ғылыми.

E) Педагогикалық, нақтылы іс жүргізу.

15. Психологиялық дамуының алғашқы факторлары бойынша педагогикалық технология топтары:

A) Биогендік, социогендік, психогендік, идеалистік.

B) Психогендік, педагогикалық, психологиялық.

C) Биогендік, психогендік, әлеуметтік, мұқтаждық.

D) Идеалистік, социогендік, проблемалық.

E) Биогендік, педагогикалық, әлеуметтік, социогендік.

16. Оқытудың компьютерлік құралдарының көмегімен оқыту бағдарламасы бойынша білім мен іскерлікті өзіндік және жеке меңгеруге бағытталған, оқыту түрі:

A) Қашықтықтан.

B) Компьютерлік.

C) Бағдарламалап.

D) Ойындық.

E) Модульдік.

17. Модульді оқыту терминін латын тілінен аударғанда қандай мағына береді:

А) Біртұтастық.

В) Қызметтік түйін.

С) Оқулық.

D) Технология.

Е) Ұйымдастыру формасы.

18. Адам практикасында ойын әрекетінің түзету функциясы:

A) Қарым-қатынас диалектикасын игеру.

B) Әр түрлі қиыншылықтарды жою.

C) Қызығушылықты ояту, қанағаттандыру, көңіл көтеру.

D) Тұлғалық көрсеткіштер құрылымына жағымды өзгерістер енгізу.

E) Интеллектуалдық біліктерін қалыптастыру.

19. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын ойын түрлері:

A) Оқушылардың топтастыру біліктерін дамытуға бағытталған.

B) Оқушылардың талдау біліктерін дамытуға бағытталған.

C) Оқушылардың жіктеу және өзіндік бақылау біліктерін дамытуға бағытталған.

D) Оқушыларда заттардың, құбылыстардың белгілерін жинақтау біліктерін қалыптастыруға бағытталған.

E) Барлық жауап дұрыс.

20. Әрекет түрлеріне байланысты ойынды қалай бөлуге болады:

A) Дене.

B) Интеллектуалдық.

C) Еңбек.

D) Әлеуметтік және психологиялық.

E) Барлық жауап дұрыс.

Дұрыс жауаптар кілті

Сұрақ реті

Дұрыс жауап

(А,В,С, D,Е)



Сұрақ реті

Дұрыс жауап

(А,В,С, D,Е)



1

С

11

D

2

В

12

В

3

D

13

С

4

С

14

С

5

Е

15

А

6

С

16

С

7

А

17

В

8

А

18

D

9

А

19

Е

10

С

20

Е


Студенттердің білімін бағалау критерийі

Дұрыс жауап саны

Баға

19-20

Өте жақсы

16-18

Жақсы

10-15

Қанағаттанарлық

10-баллдан төмен

Қанағаттандырарлықсыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет