Эмбриология грек тілінен



Pdf көрінісі
бет5/43
Дата08.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#118501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
9563189c-9b13-4d2a-8e26-3c5015dc3461

2 1 .3 -с у р е т . А н ал ы қ ж ы н ы с ж а с у ш а с ы н ы ң құры лы сы : 1 — ядро; 2 — п л а з м о л е м - 
ма; 3 — ф ол л и куля рл ы қ эп и те ли й ; 4 — сә ул е л і тәж; 5 — корти кальд ы түй ірш іктер; 
6 — са р ы у ы з қо сы н д ы л ар ы ; 7 — м ө л д ір айм ақ; 8 — р е ц е п то р Zp 3


21.2. Эмбриогенез
757
ал көлемдері 1 мкм-ге дейін жетеді. Оларда гликозаминогликандар жэне эр 
түрлі ферменттер (сонымен катар протеолиттік) болады, аналыкжыныс жасу- 
шасын полиспермиядан корғайтын кортикальды реакцияға катысады.
Овоплазманын косындыларынан, кұрамында нэруыздар, фосфолипидтер 
және көмірсулар бар, 
сарыуыз қосындылары
ерекше назар аударуға тұрарлык. 
Әрбір сарыуыз түйіршігі мембранамен коршалған, фосфовитиннен (фосфо- 
протеин) түратын тығыз ортаңғы бөлімі жэне липовителлиннен (липопроте­
ин) тұратын босандау шеткері бөлімі бар.
Мөлдір аймак,
(zona pellucida
— Zp) гликопротеиндерден жэне гликозами- 
ногликандардан — хондроитинкүкірт, гиалурон жэне сиал кышкылдарынан 
тұрады. Гл и ко протеин дер үш фракциядан — Zpl, Zp2, Zp3 түрады. Zp2 жэне 
Zp3 фракциялар үзындығы 2—3 мкм жэне калындығы 7 нм жіптерді кұрайды, 
олар бір—бірімен Zpl фракциясынын көмегімен байланысады. Zp3 фрак- 
циясы спермиялардың 
рецепторы
болып табылады, ал Zp2 полиспермияға 
бөгет жасайды. Мөлдір аймакта Zp3 гликопротеиннің молекулаларының 
оншакты миллионы бар, олардың әркайсысында, көптеген олигосахаридтык 
тармактармен байланыскан, 400 астам амин кышкылдарынын калдыктары 
орналасады. Мөлдір аймактың пайда болуына фолликулярлык эпителио- 
циттер катысады: фолликулярлык жасушалардын өсінділері мөлдір аймак 
аркылы өтіп, аналык жыныс жасушасының плазмолеммасына бағытталады. 
Аналык жыныс жасушасынын плазмолеммасы өз кезегінде, фолликулярлык 
эпителиоииттердің өсінділерінің арасында орналасатын, микробүрлерді 
калыптастырады (21.3-суретті караңыз). Фолликулярлык эпителиоциттердің 
өсінділері трофикалык және корғаныш кызметтерін аткарады.
2 1 .2 . ЭМБРИОГЕНЕЗ
Адамның кұрсакішілік дамуы орташа есеппен 280 тәулік (Ю акушерлік 
ай) жалғасады. Үш кезеңін ажыратады: бастапкы (1-ші апта), ұрыктык 
(2-8-ш і апта), нәрестелік (дамудың 9-шы аптасынан бала туғанға дейін). 
Ұрыктык кезеннің соңында тіндер мен мүшелердін негізгі эмбрионалдык 
бастамаларынын калыптасуы аяқталады.
Ұрықтану және зиготаның пайда болуы
Ұрыктану 
{fertilisatio) —
аталык жэне аналык жыныс жасушаларынын 
косылып, нәтижесінде осы жануарлардың түріне тән, хромосомалардың ди- 
плоидты жиынтығы калпына келеді және сапалы жаңа жасуша — зигота пай­
да болады (ұрыктанған аналык жыныс жасушасы немесе бір жасушалы үрык).
Адамда шәукет мөлшері — бөлінген сперма — калыпты жағдайда ша- 
мамен 3 мл кұрайды. Ұрыктандыруды камтамасыз ету үшін спермадағы 
сперматозоидтардын жалпы саны 150 млн кем болмауы кажет, ал концентра- 
пиясы — 20-200 млн/мл болуы шарт. Копуляциядан кейін әйелдің жыныс 
жолдарында олардын саны кынаптан жатыр түтігінін ампулярлык бөліміне 
карай бағытта азаяды.


758
21 -Тарау. Адам эмбриологиясының негіздері
Ұрыктану үдерісінде үш фазаны ажыратады:
• гаметалардың алыстан әрекеттесуі және жакындауы;
• жақыннан әрекеттесуі және аналык жыныс жасушасынын белсенділігі- 
нің артуы;
• сперматозоидтың аналык жыныс жасушасына кіруі және олардың 
бірігуі — сингамия.
Бірінші фаза —
алыстан әрекеттесу — хемотаксиспен — жыныс 
жасушаларының кездесу мүмкіндігін арттыратын, ерекше факторлардың 
жиынтығымен камтамасыз етіледі. Мұнда 
гамондар —
жыныс жасушалары 
бөлетін химиялык заттар маңызды кызмет аткарады (21.4-сурет). Мысалы, 
аналык жыныс жасушалары сперматозоидтарды өзіне карай тартуға септесетін 
пептидтерді бөледі.
Эякуляциядан кейін спермиялар, 7 сағатка созылатын капацитация - 
әйелдің жыныс жолдарының секретінің эсер етуінен спермиялардың 
ұрыктандыру кабілетіне ие болуы жүргенге дейін, бірден аналык жыныс жа­
сушасына кіре алмайды. Капацитация үдерісі кезінде акросома аймағындағы 
спермияның плазмолеммасынан ұрыктык плазманың гликопротеиндері мен 
протеиндері алынады, ол акросомалык реакцияға септеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет