Эмбриология


Гипоталамо-аденогипофизарлык кан айналым және оның аленогипофи зарлык



Pdf көрінісі
бет323/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

Гипоталамо-аденогипофизарлык кан айналым және оның аленогипофи зарлык
гормонопоэзді гипоталамиялык реттеудегі маңызы 
(15.2-суретті караныз). 
Гипоталамо-аденогипофиздік кан айналым жүйесі порталды (какпалык) деп 
аталады. Гипофизарлык әкелуші артериялар медиабазальды гипоталамустын 
медиалды төмпешігіне кіріп, кылтамырлар торына (порталды жүйенін 
біріншілік кылтамырлык өрімі) тармакталады. 
Бұл кылтамырлардын 
түзеген тұзактары және шумактары гипоталамустын аденогипофизотропты 
аймағының нейросекреторлык жасушаларынын аксондарының терминаль- 
дарымен байланысады. Біріншілік өрімнін кылтамырлары гипофизарлык 
аякшаның бойымен алдынғы гипофизге баратын порталды көктамырларға 
бірігеді, олар алдыңғы бөлікте без паренхимасынын трабекулаларынын 
арасында тармакталатын, синусоидты түрлі кылтамырларға (екіншілік 
кылтамырлык тор) айналады. Акырында, екіншілік кылтамырлык тордың 
синусоидтары әкетуші көктамырларға бірігеді, олардың бойымен алдыңғы 
бөліктің гормондарымен каныктырылған кан жалпы кан айналымға түседі.
Гипофиздің артқы бөлігі,
немесе 
неирогипофиз.
Гипофиздін арткы бөлігі 
негізінен эпендиманың жасушаларынан кұралған. Олардың пішіні өсінділі 
немесе үршық тәрізді болып келеді де, питуициттер деп аталады. Олардың


5 0 0
15-Тарау. Эндокринді жүйе
көптеген жішшке өсінділері кан тамырларының адвентициясында немесе 
кылтамырлардың базальды мембранасында аякталады.
Гипофиздін арткы бөлігінде, алдыңғы гипоталамустың ірі көлемді 
пептидохолинергиялык нейросекреторлык жасушалары өндіретін, анти- 
диуретикалык гормон (вазопрессин) және окситоцин коймаланады. Ва- 
зопрессин бүйрек түтікшелерінде өтетін реабсорбцияны жоғарылатады, 
окситоцин болса, жатырдын бүлшык еттерінін жиырылуын белсендіреді. 
Бұл нейросекреторлык жасушалардың аксондары гипоталамо-гинофизарлык 
шоғырларға бірігіп, гипофиздің арткы бөліміне кіреді де, үлкен терминаль- 
дар түрінде (Херринг денешіктері немесе нейросекреторлык денешіктер деп 
аталатын) аякталады (15.6-сурет). Кейінгілер, нейросекреттің канға түсуіне
жағдай жасайтын
нейротамырлык,
(нейрогемалдық) синапстарды
ку­
ра йды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет