15.2. Эндокринді жүйенің орталық мүшелері
503
г
15.7 -сур ет. Ж ал ғасы
г — еге уқұй ры қ ты ң эп и ф и зі. Э л е к тр о н д ы қ м и кр о ф о то гр а ф и я, үл кей тілім і 12 000
(Г.А. К о со л а п о в бойы нш а): I — өнім ө ндіруш і а ш ы қ т ү с т і пинеалоцит; II — глиоцит;
1 — ядро; 2 —
кеңейген өсінді; 3 — вакуолдер; 4 — м и то хо н д р и ял а р
секрециясын тежейтін, яғни гонадостатиннің кызметін аткаратын, анти-
гонадотропиннің пинеалоциггерде өндірілуінің үлкен маңызы бар. Эпифиздің
антигонадотропині және гипоталамустың гонадолиберині бір-біріне карама-
карсы эсер ететін гормондар ретінде жұмыс аткарып, гипофиздін гонадотроп-
ты кызметін бірлесе отырып реттейді.
Пинеалоциттердін өндіретін реттеуші пептидтерінің жалпы саны 40 жуық.
Олардын
ішінде аргинин-вазотоцин, тиролиберин, люлиберин, тиротропин
т.б. маңызы үлкен болып келеді. Олигопептидті гормондардың нейроамин-
дермен (серотонин және мелатонин) бірге түзелуі пинеалоциттердің APUD-
жүйесінің жасушаларына жататынын байқатады (төменде караңыз).
Тамырлануы.
Эпифиз орталык және арткы ми артерияларының тармак-
тарымен тамырланады.
Жүйкеленуі.
Эпифиз орталык және симпатикалык жүйке жүйелерімен
жүйкеленеді.
Адамның жасына байланысты өзгерістері.
Адамда эпифиздің толык дамып
жетілуі 5—6 жасында өтіп, кызметінін жалғасуына карамастан,
оның адамның
504
15-Тарау. Эндокринді жүйе
жасына байланысты керідамуы (инволюциясы) басталады. Пинеалониттердін
біразынын атрофиясы байкалып, стромасынын жайылуы жүреді, ал кейінгінің
ішінде ми кұмы деп аталатын (ацервулюс) кабатталған шарлар түріндегі фос
фат және карбонат тұздарының түнбасы көбейеді.
1 5 .3 . ШЕТКЕРІ ЭНДОКРИНДІК БЕЗДЕР
Эндокринді бездердің бранхиогенді тобы желбезек калталарының баста-
маларынан дамиды, оның күрамына қалканша және калканша маңы бездері
кіреді. Тимус та желбезек калталарының бастамасынан дамиды. Қалканша
және калканша маны бездерінің байланысы тек кана жалпы даму көзі ғана емес,
организмнің ішкі ортасының кұрамдык тұрактылығын және метаболизмдік
статус деңгейін ұстап тұруда негізгі рөл аткаратын болғандыктан, олар
кызметтік тұрғыдан да біріккен. Бүл бездердің гормондары (тироксин, каль-
цитонин, паратгормон) негізгі зат алмасудын жылдамдығын және
кальцийдің
кандағы концентрациясын реттейді.
15.3.1. Қалқанша безі
Калканша безінде
(glandula thyroidea)
эндокриноциттердін, даму негізі әр
түрлі дің жасушаларынан бастау алатын, екі жасушалык дифферон болады:
саны жағынан ең көп болатын, кұрамында йоды бар гормондарды тироксин
(Т4) және үшйодтиронин (Т3) өндіретін
Т-тироциттер
(фолликулярлык жа-
сушалар) және тирокальцитонин гормонын және
баска пептидтер катарын
бөлетін
С-тироциттер
(парафолликулярлык жасушалар).
Тироксин және үшйодтиронин жасушаларда жүретін тотығу үдерістерінін ең күшті
ынталандырушысы болып келеді, сонымен бірге, үшйодтиронин тироксиннен 5—Ю есе
белсенді болады. Бұл гормондар зат алмасуды, нәруыз синтезін, газдардын, көмірсулар
мен майлардын алмасуын арттырады. Тиреиодты гормондар жасушалар мен тіндердің да-
муына, өсуіне және саралануына елеулі ыкпал көрсетеді. Олар сүйек тінінін дамуын жыл-
дамдатады. Қалкднша безінің гормондарынын жүйке тінінің гистогенезіне үлкен әсері
бар. Қалканша безінін жеткіліксіздігі кезінде бас миының
жасушалары мен тіндерінін
саралануы бәсендейді, адамның психикалык дамуы бұзылады. Тиреоидты гормондар
тіндердегі регенерациялык үдерістерге ынталандырушы ыкпал жасайды. Қалканша
безінің калыпты жұмыс аткаруы үшін организмге йодтың ас суымен және тамакпен түсіп
отыруы кажет. Қүрамында йоды болмайтын калканша безінін үшінші гормоны — ти
рокальцитонин — кальцийдін және фосфордың алмасуларын реттеуге катысады.
Дамуы.
Қалканша безінін бастамасы адам ұрығында дамудың 3-4-аптасын-
да желбезек калталарының I және II жұптарының жұткыншак кабырғасынын
өсіндісі ретінде пайда болып, жұткыншактык ішектің бойымен өсетін
эпителийлік созынды түрінде аныкталады. Желбезек калталарының III—
IV жұптарының деңгейінде бұл созынды екіге жарылып, калыптасып келе
жаткан калканша безінін оң және сол бөліктеріне бастау береді.
Бастапкы
эпителийлік созынды
(ductus thyreoglossus)
кері дами келе атрофияланады,
одан калканша безінің екі бөлігін байланыстырып тұратын кылтасы және
15.3. Шеткері эндокриндік бездер
505
тілдін түбірінде шұнкыр түрінде
(foramen соесит)
аныкталатын проксимал-
ды бөлігі ғана сакталынады. Баска сүткоректілердің көбінде эпителиалдык
созындының дисталды шетіде кері дамиды, сондыктан кылта калыптаспайды
да, калканша безінің екі бөлігі бөлек орналасады.
Бөліктердін бастамалары,
жасушалары кейіннен Т-тироциттерге дифференцияланатын, тармакталған
эпителийлік тоскауылдардан күралған босаң торларды түзейді. Т-тироциттер
фолликулаларға бірігіп, олардын араларына кұрамында кан тамырлары және
жүйкетері бар мезенхима кіріп, өседі. Бездің бастамасына, дамыған сайын,
желбезек қалтасының
V жұбының туындылары, яғни ультимобранхиялык
денешіктердің жасушалары, кіріп орналасады. Олар нейроэктодермалдык
бастамадан туындаған С-тироциттер және калканша безінің бастамасының
кұрамына олар ультимобранхималык бастамалар аркылы енеді.
Достарыңызбен бөлісу: