Әмір темір басқыншылық жорықтары. Ноғай ордасы. Солтүстік қазақстан және батыс сібір. ӘБілқайыр хандығЫ



бет13/14
Дата08.02.2022
өлшемі24,04 Kb.
#123995
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ӘМІР ТЕМІР БАСҚЫНШЫЛЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ

Әбілқайыр хандығының нығаюы.
-Әбілқайырды көптеген ру-тайпалардың өкілдері қолдап, хан сайлағанмен, оның құрған хандығының ішінде әлі де болса жер үшін, ел үшін, билік үшін талас-тартыс күшейіп тұрды. Сондықтан ол алдымен өзінің қарсыластары Махмұд-Қожа ханды, маңғыт әмірі Уақас биді жеңіп, өзіне қаратады. ХV ғасырдың 40-жылдарында Балқаш өңірінің терістік батыс жағын өз иелігіне қосады. Әбілқайыр хан көп уақыты мен күш-жігері жұмсаған жер Ақ Орда жерінің оңтүстік аудандары - Сыр өнірі мен Қаратау аймақтары болған. Бұл аймақта Ұрұс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандардың биліктері берік болған еді.
-1431 жылы Тоқа-Темі ұрпақтарына қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып, Әбілқайыр хан жеңіске жетеді. Хан көптеген дүние-мүлік олжалайды. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда-Базарды бағындырып, оны өзінің орталығы етеді. Оған дейін астана Тура қаласында болған. Әбілқайыр хан 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас-талқан етеді. Бұл жеңістен кейін Сырдария мен Қаратау аймағындағғы Сығанақ, Аркөк, Созақ Аққорған, Үзкент сияқты экономикалық жағынан маңызды қалаларды басып алады. Бұл жолы Сығанақ қаласын өзінің орталығы жасайды.
-Әбілқайыр ханның бұдан кейінгі алдына қойған мақсаты Орта Азияның атақты қалаларын басып алу болса, одан соң Жетісу аймағындағы Моғол хандығының әкеріне шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске асырыла бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет