ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы. -ХV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орданың ыдырауын байланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталады. Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аудандарында тәуелсіз иелікер пайда болды. Осы тәуелсіз иеліктер тайпаларының билеушілерінен қолдау тапқан Әбілқайыр тартыста жеңіп шығып, 1428 жылы хан сайланады. Әбілқайыр - Жошы хандығының бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Шайбани ханның ұлысы Батый ханның тұсында құрылған. Жазба деректерде Батый ханның Шығыс Еуропаға жасаған жеті жылдық жорығы кезінде Шайбани да онымен бірге болған. Жорықта көрсеткен жақсы қызметі үшін, Батый хан Шайбани ханға қосшы етіп, найман, бұйрұқ және қарлұқ тайпаларын берген. Олар Орал тауының бөктеріндегі Тобыл, Ырғыз, Жайық өзендерінің аралығындағы кең-байтақ жерлерді жайласа, ал қыста Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерінің бойында, Сырдарияның төменгі ағысында қыстаған. Осы көрсетілген жерлерде Шайбани ұлысы өмір сүрген.
-Осы ұлыстың билігі Әбілқайырдың қолына тигеннен бастап хандықтың саяси беделі көтеріледі. Тарихи жазба деректерде бұл жаңа құрылған хандықтың аты «Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы» немесе «Шайбани ұлысы», «Әбілқайыр ұлысы» деп аталады. Ал ұлыстың алып жатқан жері мен халқының басым көпшілігі қыпшақтар болғандықтан оны «Қыпшақ хандығы» деп те атаған. Алайда Әбілқайырдың қырық жылдан астам хан болуы «Әбілқайыр хандығы» деген атауды қалыптастырған.
-Әбілқайыр хандығы батысында - Жайық (Орал), шығысында - Балқаш, оңтүстігінде - Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде - Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты.