Халқының этникалық құрамы.
-Хандықтың алғашқы кездегі халқының құрамы Батый ханның Шайбани ханға найман, бұйрұқ. және қарлұқ тайпаларын қосып беруінен түрік тілдес болғандығы байқалады. Екінші бір басты дерек, Әбілқайырды хан сайағанда жиырмадан астам тайпалардың өкілдері қатысқан. Олардың ішінде атақты қият, маңғыт, өкіреш найман, үйсін, қоңырат сияқты басқа да көптеген түрік тілдес ру-тайпалар болған. Ал «Тоқсан екі баулы өзбек» деген шежіреге қарағанда, Өзбек ұлысы немесе Әбілқайыр хандығы 92 ру-тайпадан тұрған. Тарихшы Руабиханның жазуы бойынша, бұл хандық негізгі үш халықтан - шайбанилерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған. Олардың ішіндегі ең көбі жөне ержүректері қазақтар еді дейді.
-Сонымен жоғарыда аталған тайпалардың барлығы дерліктей түрік тілдес болған. Шыңғыс тұқымдарының өздері ХІV ғасырдан бастап толық түркіленіп, Шыңғыс ұрпақтары деген атқа ие болғаны болмаса, негізінен жергілікті тайпалармен сінісіп кеткен. бол себептен бұл кезде қазақтардың күшейе бастауы, халық ретінде тарих сахнасына көтерілуі шындыққа айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |