Байланысты: Эмоционалды-экспрессивті рмалас с йлемдер мазм НЫ
Қарай гөр... тілің майда, шүйіркелескің келіп қышынып отырсың-ау, шырақ Астын сызып белгілеген сөздердің барлығы да ауызекі тілде жиі ұшырасатын сөздер. Бірақ бұлардың бәрі бірдей эмоционалды мәнді емес.мысалы, «қарай гөр» деген сөзде интонация арқылы берілген экспрессивтілік мән ғана бар. Сол сияқты «шүйіркелесу», «қажасу» сөздерінен сөйлеу, әңгімелесу сөздерінің синонимі ретінде қарастыруға болады. Бірақ автордың алдыңғы екеуін таңдап алуы сөйлемге экспрессивтілік мән беріп, әлдеқайда әсерлі етіп жүр.
Эмоционалды-экспрессивті сөздердің жасалу жолдары архаизм сөздерімен де байланысты.
Дүниеде өзгеріске ұшырамайтын, мәңгілікке жаралған не қалыптасатын құбылыс я заттардың өте сирек екені белгілі. Бұл заңдылық тілге де ортақ. Бұл жайында ғалымдарымыз М. Балақаев, Т.Қордабаев: «Шынында да тіліміздің грамматикалық құрылысында, фонетикалық жүйесінде баяу да болса жүріп жататын өзгерістерді былай қойғанда, сөздік ұрамымыздағы бір алуан сөздердің уақыт өткен сайын көнелеуімен бірге, лексикамызға бір қатар жаңа сөздердің қосылып, отыратыны кім-кімге де айқын құбылыстар» - десе, Әдебиет зерттеушісі Қ.Жұмалиев: «Осыдан жүз мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар осылай сөйледі. Олардың ой-санасы, сөздікқорлары осы күнгі адамдардай болады, дегенге ешкім сенбес еді, сондықтан азушылар шғармасының тақырыбына жазушылар шығармасының тақырыбына суреттеп отырған оқиғасына, шығармада көрсетілмек дәуіріне сәйкес тіл қолданылады.
Ал мұндай сәйкесімділіктің бір жағыкөнерген сөдердің қатысуымен туады. Менің көз алдымда – қандауырын қайрап, басының қаны тасыған еркек-ұрғашының кеудесіне мініп, арам қанын ағызып тұрған апам.(Апамның астауы).
өте сирек кездесетіндіктен қолданылу ретіне қарай да экспрессивті болып тұр.
Ғайып ерен-қырық шілтенің пірін шақырса, езуі көпіршіп, топтың топанына бір араласып шыққанда – алтауының бірдей қамшысын сарт-сұрт жұлып, тақымына қыса кетті (Қамшыгер).
Ауызекі сөздің құрамында экспрессивті-эмоциялы лексика, синтаксистік формалар ерекше көп жұмсалады, бұл сипаттағы лексика мен граматикалық формалардың тек ауызекі сөзде ұшырамайтындары көп. Экспрессивтік, эмоциялық мағына тудыру үшін ауызекі сөйлеу тілі көптеген сөздерді ерекше мәнде қолданады.
Ауызекі сөйлеу тілінің сөз тіркестерін жасаудағы ерекшеліктері ілгеріде айтқандай, екі себепке – сөзді үнемді, ықшам етіп құрау немесе эмоциялы етіп құрау талабына байланысты.
Эмоциялық пен экспрессивтілік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді. Осыған орай лексикада, грамматикада қарапайым сөз формаларға сыңар болып жұмсалатын эмоциялық тұлғалар қатар жүреді. Бұл тұлғалар затты, құбылысты, дүниедегі қатынасты атап қана қоймайды, оған қоса сөйлеушінің эмоциялық сезімін білдіреді.эмоция – психикалық құбылыс оның тілде көрінуіне екі коммуникативтік себеп бар. Бірі болмыстан алған әсерді білдіру, тыңдаушыға жеткізу.
Екіншісі – тыңдаушыны бір іске жұмылдыру үшін, әсер ету.
Тілдің синтаксистік жүйесінде эмоциялық тудыратын формалар көбінесе баяндауыш мүше қатарынан көрінеді.
Эмоциялықты білдіруге бейімделген формалар, амалдар синтаксисте әр түрлібұл интонациядан, арнаулы баяндауыш формаларынан көрінеді.
Мұнымен бірге түгел құрылысы жағынан осыған бейімделген сөйлемдерде бар. Эмоция түрлі сезімге, қуаныш, таңдану, жиренішке байланысты.Ә.Ахметов: «Жай қалпынан өте асырып көрсету арқасында суреттелген құбылыс адамның, ой-сезіміне тез әсер еткіш келеді» - дейді. Екінші сөзбен айтқанда мұндай суреттемелерде үнемі эмоционалды-экспрессивті рең, мән болады.
Осыған байланысты мысал келтірелік. Көзі қанталаған қалпы, қақпанға түскен қасқырдай мәңгілік кекпен, арлан ашумен, қалды. Бұл мысалда эмоция мен экспрессивтілік бірден көзге түседі. Мұнда сөйлемге ерекше әр беріп тұрған – бірнеше әсерлеулердің (мәңгілік кек, арлан ашу) қатар алынады. «Қақпанға түскен қасқырдай» сияқты теңеулер сөйлемнің экспрессивтік бояуын қанықтыра түскендей.