Эмоциялық, экспрессивтік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді



бет14/19
Дата26.05.2022
өлшемі268,5 Kb.
#145167
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Эмоционалды-экспрессивті рмалас с йлемдер мазм НЫ

Қалың жылқы егіске неліктен, не себептен түсіп кетті? – Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан т.б.
Сөйтіп, бұлардағы бағыныңқы компоненттер сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері атқаратын қызметтерді атқарып, бірі мезгіл пысықтауышы, бірі амал пысықтауышы, бірі себеп пысықтауышы сияқты болып тұр. Бірақ бұларға қарап, бағыныңқы компонент пен сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің арасына теңдік белгісін қоюға болмайды.
Тұрлаусыз мүше - өз ішінен жіктеуге келмейтін, сөйлемнің бір ғана мүшесі. Сондықтан оның мағынасы – жеке ұғымдық ғана мағына. Ал бағыныңқы компонент – қанша тиянақсыз болғанмен, өз ішінен сөйлемнің түрлі мүшелеріне жіктеле алатын, өзіндік интонациясы бар сөйлемдік категория.
Бағыныңқы жай сөйлемдердің барлығы бірдей, жоғарыда талданған мысалдағыдай, басыңқы компонентке меңгеріле байланысып, оның тұрлаусыз бір мүшесі тәріздес болып келе бермейді. Өз басыңқысымен ондай қатынаста тұратындар, негізінде, мезгіл, себеп, мақсат, амал бағыныңқылар. Бағыныңқы компоненттің бұлардан басқа түрлері басыңқы компонентке меңгерілмей, онымен тең қатынаста, яғни мағыналық жағынан теңдік қатынаста, байланысып тұрады. Мұндай байланыстағы бағыныңқы жай сөйлемдер басыңқы сөйлемде баяндалатын бағыныңқы жай сөйлемдер басыңқы сөйлемде баяндалатын әрекетке тәуелсіз, дербес жай-күйлерді, әрекеттерді білдіреді. Сондықтан бұлардағы сабақтапстық, бағыныштылық – мағына бағыныштылығы, мағына тәуелділігі болмайды, бағыныңқы компоненттің тек тұлғалық тәуелділігі, тұлғалық бағыныштылығы ғана болады. Айқынырақ болу үшін мына мысалдарды талдап көрейік:
Кілемдер тұтылып, әсем оюлы сырмақтар жайылыпты. (М. Әуезов). Мінеки, залда шам сөніп, шымылдық ашылды. (Т. Ахтанов). Әуеде жыршы құстар өлең айтып, қиқу салар көлдегі қаз бенен қу (Абай). Біреу қағаз жазып, біреу іс тігіп отырса, біреу темір соғып, біреу машина Жарқын, бір жағынан, қызыға қараса, екіншіден, бұларға жуыспаймын деп деп жүріп өзінің оқшау қалғанына іші күйді. (М. Иманжанов).
Бұл сабақтас құрмаластардағы бағыныңқы жай сөйлемдердің қайсысы да өз басыңқыларына меңгеріліп тұрған жоқ. Бұлардағы бағыныңқылық алдыңғы жай сөйлемдердің баяндауыш формаларының тиянақсыздығына ғана, мағыналық жағынан алғанда, мұндағы бағыныңқылардың барлығы да басыңқыға тәуелсіз. Залдағы шамның сөнуі мен шымылдықтың ашылуы арасында бір-біріне ешқандай мағыналық тәуелділік жоқ. Олар бір мезгілдің ішінде немесе біріне-бірі іркес-тіркес болған екі түрлі әрекеттер ғана.
Бұл жағдайлар бағыныңқы компоненттердің басыңқы сөйлемге меңгеріліп те, меңгерілмей де сабақтасатынғын байқатады.
Бағыныңқы компоненттердің тиянақты дербес сөйлемдерден өзгешелігі, негізінде, олардың мағыналық жақтарында емес. Мағыналық жағынан алғанда, дербес сөйлемдер арқылы берілетін мағынаны бағыныңқы компоненттер де қамти алады. Бұл екеуінің арасындағы өзгешелік олардың құрылысында. Дербес сөйлемдер немесе тиянақты компоненттер формалық жағынан тиянақты сөздерге аяқталады. Олардың баяндауыштары жіктік формада айтылып, өз бастауыштарымен жақтасып тұрады. Ал бағыныңқы коспоенеттердің баяндауыштарында бұлардағыдай қасиеттер болмайды. Бағыныңқы компонент баяндауыштары тиянақсыз формада айтылады. Олардың негізгі көпшілігі өз бастауышымен жақтаспайды. Сондықтан бағыныңқы компоненттерде алыпты сөйлемдерде болатын тиянақтылық қасиет болмайды.
Бұл айтылғандарды жете байқау үшін мына сөйлемді талдап көрейік. Мысалы:
Қатты жел тұрды. Теңіз толқыны күшейді. Қатты жел тұрды да, теңіз толқыны күшейеді. Қатты ел тұрып, теңіз толқыны күшейді.
Бұл мысалда бір-біріне байланысты екі түрлі ой бар. Сол ой бірінші ретте екі бөлек сөйлем арқылы берілген де, екіншіде екі сөйлемді салаластыра құрмаластыру арқылы, ал үшіншіде оларды сабақтастыра құрмаластыру арқылы берілген. Бірақ одан сөйлемнің ұғымына нұқсан келмеген. Үшеуінде де беріліп тұрған хабар бір. Бұлардағы айрмашылық – тек бірінші жай сөйлемнің баяндауыш формасында ғана. Ол алдыңғы екі түрінде жақтық формада айтылған да, соңғы үшіншісінде көсемше формада айтылған.
Бұл жағдайлар бағыныңқы компонентте тұлғалық дербестік болмағанымен, мағына дербестігі болатындығын байқатады.
Бағыныңқы компонент пен басыңқы компоненттің мағыналық қатынасына қарай сабақтас құрмалас сөйлем мынадай түрлерге жіктеледі:



  • шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • салыстырмалы бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем,

  • мезгілдес бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем [21, 267].



Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді ұйымдастыруға қатысатын –са,-се экспрессивті сөйлем жасауға қатысады. Мысалы:
Еңбекті сен қанша істесең – табысты сонша аласың. Мен саған сенбесем, бұл сырды айтпас та едім ғой. Мақұл, сенгенің рас болса, мен де сенің сеніміңді ақтаудан тартынбаспын (Ә.Әбішев).
Мақсат бағыныңқы сабақта сөйлемде деп етістігі көмегімен екі сөйлем қатысады, оның бірі экспрессивті мағынаны білдіреді, ал екінші компонент өзіне сөйлеушінің бағасын алады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет