Эмоциялық, экспрессивтік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді



бет9/19
Дата26.05.2022
өлшемі268,5 Kb.
#145167
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Эмоционалды-экспрессивті рмалас с йлемдер мазм НЫ

Әй, ей – қаратпа сөздері бар сөйлемдер дөрекілікті білдіреді.

Әй, Олжабек бері кел (Ғ. Мұстафин). Бала, әй бала, қайдасың? – деді аттылы адам (С. Ерубаев).


2. Бірқатар қаратпа сөздер біреуге жылы шыраймен жасы кішіні жақын көріп сөйлегенде қолданылады. Олар – қалқам, шырағым, күнім, сәулем, бауырым сияқты біреуді басқа затқа балап айтқан сөздер. Мысалы:
Қарағым, бермен кел,
Бізге де көңіл бөл! (Абай).
- Құстың жемін әкелші, қалқам, - деді Амантай Ботагөзге (С.Мұқанов). Шырағым, сен абыржыма. Жыламашы, күнім (Ғ.Мүсірепов). Балалар, аманбысың, шырақтарым? (Жамбыл). Не сездің, айтшы, күнім, айым (М. Әуезов).
Мұндағы сөйлемдердің эмоциялық мағыналарын әлі де болса құбылта түсу үшін қаратпа сөздердің құрамына модальді шылау сөздер (ай, ау) қосылған.
- Қарағым-ай, сен бе едің? (Ғ. Мүсірепов).
- Қарағым-ай, тұршы тезірек... Күнім-ау, не істегелі жүр едің? (С.Мұқанов).


3. Біреуді жақын көріп, ұлық санап не еркелеп сөйлегенде, кісі атын қысқартып Ақа, Сәке, Жәке деп немесе інішек, қарындас, апа, апеке, ағатай деп айтады.
- Ақа, қозың бүгін түгел ме?
- Түгел, қарағым (Ғ. Сланов).

4. Әдетте қаратпа сөздер адамды нысанаға алып айтылатын сөз болса, көркем әдеиетте сөйлемге ерекше эмоциялы әр енгізу үшін жансыз затты жанды, адам тәрізді қаратпа етіп те жұмсайды.


Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын! (Абай).
Тыңда, Қастек, Қаскелең,
Сөйлесін кәрі бауырың (Жамбыл).


Ей, Аққу, сәлем деші жолыққанға...
Еркіңді қу қайғыға берме, көңілім.
Күйленіп бұрынғыдай серме, көңілім. (С. Сейфуллин).
Қыстырма сөз сөйлемге модальді мағына үстейді. Модальділік – айтылған ойға айтушының көзқарасын қоса білдіру. Әрбір сөйлемге осындай модальділік тән. Мысалы, сөйлеуші бірдеңенің жайына көзі жетіп не болжап, не күмәнданып сөйлем құрауы мүмкін: Қайыржан келді. Қайыржан келетін шығар. Қайыржан келер ме екен Сөйлемнің осындай мағыналық айырмашылықтарын түрлендіре түсу үшін оның ішіне оқшау сөз қосып айтуға да болады. Мысалы, Мен білсем, Қайыржан бүгін келді. Қайыржан, шамасы, бүгін келетін болар.
Қыстырма сөздердің бірқатары ойдың айтылу тәсілін, өзара қатынасын, тағы басқа мағыналарды білдіреді. Қысқа сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын да білдіру мақсатымен қыстырма сөздер сөйлем құрамына еніп отырады.
Қыстырма сөздер осындай стильдік қызмет атқаруда сөйлемге ерекше эмоциялы-экспрессивті де мағына енгізеді. Бұл жағынан әсіресе кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіретін қыстырма сөздердің орны ерекше.
Мына атаның сымбаты, шіркін, өзгеше екен! Шіркін, жер-ақ екен! (Ғ.Мүсірепов). Шынын айту керек, мен мұны бұрын білмеуші едім. Не істер дейсің, тәйір? – де, Қайрақбай әкеме қайрат берейін деді (С. Мұқанов). Е, бәсе, солай болу керек еді! (С.Мұқанов). Амал қанша, сен дұрыс айтып тұрған жоқсың (Ә.Әбішев).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет