Эмоциялық, экспрессивтік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді



бет6/19
Дата26.05.2022
өлшемі268,5 Kb.
#145167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Эмоционалды-экспрессивті рмалас с йлемдер мазм НЫ

Әпкем баратыны барады. Ертеңнен қалмайды. Су жаңа дөңгелек осы қалғаны қалған (Ш.Х.).
3. Эмоциялы баяндауыштың бір түрі келетіні келеді, келуі келді (келген) тәрізді болып жасалады. Баяндауыштың негізгі компоненті ретінде келер шақ, өткен шақ формалы етістік жұмсалады да, оларға есімше, тұйық рай тұлғалы қайталау компоненттер үстеледі.
Әпкем келетіні келеді (келуі келеді, келуі келген).
4. Компоненттері да, де жалғаулықтары арқылы біріккен күрделі баяндауыштар да (алды да кетті) эмоциялық күйді білдіру үшін қызмет етеді.
Жалғаулық арқылы біріккен күрделі баяндауыш көсемше форма арқылы бірігуден гөрі эмоциялы болуға бейім болуының себебі бар. Баяндауыштың бұл түрі ерекше интонациямен айтуға ыңғайлы: сіресіп қалдым – сірестім де қалдым.
4. Эмоциялық баяндауыш «сын есім - десеңші», «етістік - десеңші» болып құралады.: күшті десеңші, алады десеңші. Бұл баяндауыштар сұраулық сөз қатысқан лепті сөйлемдер құрамында жұмсалады.
Оған не жоқ десеңші (Б.Т.).
5. «Етістік – дейсің (деймін)», «есім сөз - деймін» болып құралған баяндауыштар да іс-әрекетті эмоциямен атау үшін жұмсалады: жауды дейсің, ұстамын деймін.
6. Эмоциялы баяндауыштардың бір түрі –тын, -тін формалы есімше немесе есім сөз және өзі есімдігінің бірігуі арқылы жасалады. Есімше, есім сөз және өз есімдігі матасып байланысты: сөйлейтіннің өзі, күлегештің өзі.
7. Эмоциялы баяндауыштың тағы бір түрі алғанды шығарды тәрізді болып құралады: -ған, -ген, -тын, -тін формалы есімше шығарды етістігімен тіркесіп, бір баяндауыштық форма құрап тұр. Екі компонент объектілік қатынас арқылы біріккенмен, объектілік мағына бұл тіркесте көрінбейді. Объектілік қатынастың жоғалуына екі компоненттің лексикалық мағыналарының бұл қатынас шеңберінде сыйыспауы себеп.
Үй-ішіне ырза болмай, үнемі төмен қарап отырғанды шығарды (Ә.Н.).
Отырғанды шығарды тәрізді құралған баяндауыш субъектіге тән іс-әрекетті ренішпен, жақтырмай атау қажет болғанда жұмсалады. Бұл баяндауыш жалпылай емес, тек бір стильдік аяға – ауызекі сөйлеу тіліне тән. Біздің ойымызша, «табыс септіктегі есімше - шығарды» болып құралған баяндауышқа тікелей сыңар болып экспрессивтік қатыспаған сөзде келетін күлетін болды сияқты баяндауыштар жұмсалады. Осы типті баяндауыштарға қарсы қойып салыстырғанда алғанды шығарды тәрізді баяндауыштар өз ерекшелігін айқын көрсетеді.
Аталған эмоциялы баяндауыш келер шаққа тән форма алып та жұмсалады.
8. Бір топ баяндауыштар тек өткен шаққа қатысты іс-әрекетті эмоциямен атау қажет үшін қызмет етеді.
Солардың бірі –ғаным тұлғалы есімше мен бар ма сөзінің тіркесуінен жасалады: келгенім бар ма.
Олардың түрлері де көзіме ыстық көрінгені бар ма (Б.Момышұлы).
Баяндауыш қызметінде жұмсалатын бұл тіркестің құрамындағы негізгі сөздер өзара предикативтік қатынасқа түсіп байланысқан. Бірақ экспрессивтік мағына, соған байланысты интонациялық қалып компоненттердің арасындағы синтаксистік қатынастың солғындап, көрінбей кетуіне әкеледі. Сондықтан да (ған формалы есімше – бар ма) құрамы бір баяндауыштық тұлға болып танылады. Бұл баяндауыштық форма көбіне ауызекі сөйлеу тілінде ұшырап, жедел өткен шақ етістіктен жасалған баяндауышқа стильдік сыңар ретінде жұмсалады: сөйледім – сөйлегенім бар ма.
9. Эмоциялық мағына білдіретін мына баяндауыштық форма да құралуы жағынан ілгері аталған формаға жақын: алмасы бар ма. Бұл баяндауыштың құрамындағы сөздер де предикативтік қатынасқа түсіп байланысып тұр. Ерекшелігі – бірінші компоненттің етістіктіесім тудыратын -ме, -ме жұрнағы арқылы жасалған сөз ретінде кірігуі. Осынысының өзісөзді өрнектеуге жәрдемші ретінде пайдаланылады.
Шөптібай жетіп келмесі бар ма (А.Н.).
10. Өткен шақ етістіктің болған баяндауышқа эмоционалдық сыңар болып келмесін бе тәрізді баяндауышқа эмоционалдық сыңар болып келмесін бе тәрізді жасалған баяндауыштар жұмсалады. Баяндауыш құрамына бұйрық рай тұлғасындағы боллымсыз етістік пен сұраулы шылау кіріп тұр. Бұл эмоциялы баяндауыштың ілгергі аталған алғаны бар ма, алмасы бар ма тәрізді формалардың екі айырмашылығы бар. Біріншіден, алмасын ба ілгергілерге қарағанда жинақы, қысқалау форма. Сөйлеу үстінде, белгілі коммуникативтік жағдайға сай бұның талғанатын реті болады. Екіншіден, бұл форма өткен шақтық істі білдірумен қатар, тұрақты болып тұратын іс-әрекетті де білдіреді де, мақал-мәтелдер құрауда жұмсалады. Қасқырдан бөлтірік тумасын ба (Б.М.).
11. Өткен шақта болған іс-әрекетті эмоциямен, әсерлі етіп айту үшін –ар, -ер тұлғалы есімше мен шылау ма, ме бірігіп жасалған баяндауыш та қызмет етеді: жетіп келермінбе, ала қоярсың ба, айта қояр ма.
Аңқау басым, әлгі машинесінің артына міне қоярмын ба! (Б.М.).
Келер шақ есімшенің бұл мағынада жұмсалуы шылауды қатыстыруы, ерекше интонацияның қатысуы арқылы мүмкін болып отыр. Осы қосымша компоненттердің қосылуы есімшені бастапқы (келер шақ) мағынасынан ажыратып, жаңа қызметке бейімдеген.
12. Эмоциялы лепті сөйлем құрайтын баяндауыштардың бір түрі «болымсыз шартты райлы етістік –ба (бе)» болып құралады: алмасам ба ! бұл баяндауыш шартты рай болымды етістіктен жасалып тілекті, арманды білдіретін баяндауыштарға сыңар ретінде пайдаланылады: алсам-алмасам ба. Экспрессивті баяндауыш іс-әрекетті көксеу, арман етуді эмоциямен білдірумен қатар белгілі ситуацияда, сөздің лексикалық мағынасына қарай сес көрсетуге ыңғайланып кетеді. Сені бүгін жеткізіп тастамасам ба! Сенің түбіңе жетпесем бе! (Б.М.)
Келтірілген мысалдарға қарағанда, баяндауыштық форманың жақтық өзгерісі өлшеулі. Ол тек бірінші жақ түрінде ұшырасады. Генезисіне үңілгенде, баяндауыш мына құрамдағы құрмалас сөйлемнің бағыныңқы бөлшегінің дараланып шығуы негізінде пайда болғаны байқалады: Соны сатып алмасам ба, саған жолықпай-ақ қояйын. Баяндауыштың морфологиялық құрамы (шартты райлы сөздің болымсыз формада келуі) осы генезиске байланысты.
«Шартты рай болымсыз етістік –ба (бе)» формалы баяндауыш ауызекі сөйлеу тіліне тән.
13. Шартты рай тұлғалы етістіктен жасалған баяндауыш тілекті, арманды эмоциямен білдіру үшін жұмсалады: Оқуды бітірсек! Ел-жұртымызға қолымыздаен келген пайдамызды тигізсек!
«Шартты рай етістік – шы (ші)» түрінде құралған баяндауыштар да армандаулы іс-әрекетті білдіру үшін қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет