Байланысты: Эмоционалды-экспрессивті рмалас с йлемдер мазм НЫ
Эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің синтаксистегі көрінісі. Профессор Р. Әміров эмоционалдықты білдіруге бейімделген формалар, амалдар, интонациядан, арнаулы баяндауыштың формаларынан көрінеді дейді. Мұнымен бірге түгел құрылысы жағынан осыған қалыптасқан сөйлемдер де бар екендігін айта келіп, лепті, жақсыз, атаулы, номинативті, қыстырма сөйлемдерді, қайталауларды айтады [9,73-78].
Орыс тіл білімінде грамматикалық тұрғыдан жіктелмейтін құрылымдар кездеседі. Олар экспрессивті-эмоционалды сөйлемдер деп аталады [10, 19]. Олар құрылымы жағынан, интонациялық жағынан тиянақты тұрақты тіркестер тәрізді. Мысалы, то то и оно, как бы ни как, мало ли что, только ивсего, вот так так, вот те на, вот это да, вот те раз, вот так, ну и ну, ишь ты, едва ли, тоже мне, эх вы, вот оно что, вот еще, конечно, т. б. Бұлар ақиқат құбылысты білдірмейді, тек модальды-эксрпессивті мағынаны білдіреді: болымсыздық, сұрау, эмоционалдық, бағалауыштық т.б. [11,12].
Эмоциялық, экспрессивтік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді. Осыған орай лексикада, грамматикада қара жаяу сөз, формаларға сыңар болып жұмсалатын эмоциялық тұлғалар қатар жүреді. Бұл тұлғалар затты, құбылысты, дүниедегі қатынасты ғана білдіріп қоймайды, оған қоса сөйлеушінің эмоциялық сезімін білдіреді. Эмоция – психикалық құбылыс. Оның тілде көрінуіне екі коммуникативтік себеп бар. Бірі – болмыстан алған әсерді білдіру, тыңдаушыға жеткізу. Екіншісі тыңдаушыны (немесе үшінші бір жақты) бір іске жұмылдыру үшін әсер ету [12]. Тілдің синтаксистік жүйесінде эмоциялық тудыратын формалар көбіне баяндауыш мүше қатарынан көрінеді. Бұл заңды да. Өйткені баяндауыш сөйлемді ұйымдастыруда негізгі қызмет атқарады.
Эмоциялықты білдіруге бейімделген формалар, амалдар синтаксисте әр түрлі, бұл интонациядан, арнаулы баяндауыш формаларынан көрінеді, мұнымен бірге түгел құрылысы жағынан осыған қалыптасқан сөйлемдер де бар. Эмоция кісінің түрлі сезіміне-қуанышына; таңдауына, жиренішіне байланысты. Бірақ осы алуан түрлі эмоциялық сезімдер көбіне синкретті ортақ формалар арқылы көрінеді.
Көп жағдайда сөйлемнің лепті, лепсіз көрінуі тек интонацияға сүйенеді: Құлайды! – деп айқайлады.
Біз ілгеріде эмоция бір жағынан зат, құбылыстың өзіне, соның әсеріне байланысты болады дедік. Сондықтан да істің қарқынын білдіретін баяндауыштардың көпшілігі әрі эмоциялы болып келеді. Интеллектілік мағына мен эмоциялық негізінен қатар жүретіндіктен эмоциялық форма жай хабарлаушы баяндауыштар қатарынан да, бұйрық мағыналы баяндауыштар қатарынан да табылады. Осынысына қарамай біз экспрессивті бяндауыштарды парадигмалық қатардағы дара топ ретінде бөлек қарап отырмыз. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, экспрессивті баяндауыштар морфологиялық формаларды, тіпті өзіне сыңар болып келетін қара жаяу баяндауыштық формаларды өз ыңғайымен ерекше жұмсап құралады: алмасам, алмасам ба, алмас па, жалықпайды екен т.б. Екіншіден, өз бойында интеллектілік мағына мен эмоциялық мағынаны қатар сыйыстыратын баяндауыштық формалармен бірге тілімізде тек эмоциялық білдіретін баяндауыштар бар. Бұлар интеллектілік мағыналы баяндауыштардың ешқайсысына қосуға келмейді. Үшіншіден, эмоциялы баяндауыштар түрлі коммуникативтік жағдайға, стильдік міндетке сай өзара қызмет бөліскен. Осының бәрі эмоциялық баяндауыштар тобын дербес грамматикалық жүйе дәрежесінде қараған жөн екенін байқатады. Осы қысқаша жалпылай шолудан кейін біз эмоциялы баяндауыштардың жеке-жеке формаларын, олардың қызмет ерекшеліктерін көрсетпекпіз.
1. Субъектіге тән сапаны эмоциялы түрде атау үшін айтса айтқандай, мықты десе мықты тәрізді құралған баяндауыштар қызмет етеді. Бұл баяндаукыштар бар сөзді қайталақтатып тіркестіру негізінде жасалады. Баяндауышқа енген компоненттердің бағыныңқысы шартты рай тұлғасы арқылы негізгі компонентпен байланысады.
Ах, сорлы балам, айтса айтқандай. Аудырмай түсірген (Ш.Х.).
2. Субъектіге тән іс-әрекетті ерекше екпін тісіріп, тұжырып айтуда алғаным алған, алғаны алған, айтатыным айтамын тәрізді құралған баяндауыштар жұмсалады. Бұл баяндауыштар да бір сөздің қайталақтап келуі арқылы жасалған. Баяндауыштардың бір түрінде (алғаным алған) негізгі компонент болып -ған, -ген формалы есімше түбір күйінде келеді де, қайталақ компонент тәуелдік жалғауын жалғаған есімше түрінде келеді, екі компонент өзара предикативтік қатынас арқылы байланысады. Бірінші компоненттің тәуелдік жалғауы баяндауыштың жақтық мағынасына қарай түрленеді.