Емтихан билеті №1


Сипаттама немесе синхрондық әдіс



бет51/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Сипаттама немесе синхрондық әдіс. Сипаттама әдіс — лингвистикалық әдістар ішіндегі ең көнесі. Тілге байланысты алғашқы зерттеулердің барлығы дерлік осы сипаттама әдіс бойынша жүргізілген. Сипаттама әдіс зерттеліп отырған объектінің өткендегі күйін, тарихи даму жолдарын ескермейді, тек оның белгілі бір дәуірдегі қалпын синхрондық күйін сипаттаумен шұғылданады.

Сипаттама әдіс бойынша жазылған еңбектер осы әдістың атымен сипаттама грамматика, сипаттама фонетика, сипаттама лексика деп те аталады. Оқу құралы ретінде жарияланып жүрген қазіргі тілдер грамматикалары немесе фонетикасы мен лексикологиялары сипаттама әдіс бойынша жазылған. Тілдің белгілі бір дәуірдегі кұрылым жүйесін айқындауда сипаттама әдіс бойынша жүргізілетін зерттеудің мәні ерекше.
Сипаттама әдіс зерттеудің көне замандардан келе жатқан тәсілі болғанымен, ол — ескірген, қолданудан қалған тәсіл емес, қазіргі заман тіл білімінде де үздіксіз қолданылып келе жатқан жасампаз тәсіл. Құрылымдық лингвистика түгелдей дерлік осы сипаттама әдісқа сүйенеді, соны қолданады. Бірсыпыра ғалымдар құрылымдық әдісты осы сипаттама әдістың жаңарған, жетіле түскен жалғасы дейді де, оны сипаттама әдістың құрамында қарайды, екеуін біріктіріп, синхрондық әдіс деген бір ғана атаумен атайды. Бұлай қарау негізсіз де емес. Өйткені сипаттама әдіс болсын, құрылымдық әдіс болсын тілдің белгілі бір дәуірдегі күйін, статикалық жүйесін зерттейді. Бірақ қолданыла бастау мерзімі жағынан болсын, зерттеу тәсілі, алға қоятын мақсаты жағынан болсын бұл екеуі арасында бірсыпыра өзгешеліктер де бар.
Оны байқау үшін қалыптасу кезеңінің кейіндігіне қарамастан құрылымдық әдісты да осы тақырыпқа жалғастыра қарап, екі әдіс арасындағы бірлік пен өзгешеліктерді ашқан жөн.
Құрылымдық әдіс. Бұл әдіс тіл білімінде үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарынан бастап колданыла бастады. Бірақ ол ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда бұрыннан қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан әдіс. Мұны тілді зерттеуге алғаш қолданушылар — Чехословакия мен Дания лингвистері құрылымдық әдіс бұл күнде дүние жүзіне кең тарап, лингвистикалық ағым ретінде құрылымдық тіл білімі немесе структурализм деп те аталып жүр.
Бұл әдістың құрылымдық деп аталуының мынадай себебі бар. Әдісты қолданушылар тілді өзара тығыз байланыста, шартты қатынаста тұратын, біріне-бірі тәуелді бөлшектерден кұралған біртұтас, бірбүтін құрылым, лингвистиканың міндеті — тіл құрылымын зерттеу. Тіл құрылымын зерттеуде қолданылатын әдіс — құрылымдық әдіс дейді. Бұл көзқарасты жақтаушылар, яғни құрылымдықәдістықолданаотырып,тілдің құрылымынзерттеу — тілбілімініңбірден-бірміндеті деп санайтындар — структуралистер деп аталады.
Тілдің құрылымын зерттеу лингвистика тарихында структурализмге дейін де болған, сондықтан структуралистердің өзіне дейінгілерден, яғни XIX ғасыр лингвистерінен, өзгешеліктері соңғылардың тілдің құрылымын зерттеуінде емес, соны зерттеу тәсілдерінде, алға қоятын мақсаттарында.
Құрылымдық әдіс барлық елде, барлық жерде бірыңғай, бір мақсатта ғана қолданылмайды. Бұл әдісты қолданушылар арасында қайшылықтар да, ала-құлалықтар да жеткілікті.
Құрылымдық әдіс совет тіл білімінде де қолданылып келді, колданылып та жүр. Алдыңғы тарауда да айтылғандай, бізде құрылымдық әдісты жақтаушылар да оған қарсылар да болды. Бірақ түптеп келгенде бұл әдісті қолдануға болатындығы айқындалды. Сөйтіп, 50-жылдардан бастап ол совет тіл білімінде берік орын тепті. 1958 жылы СССР Ғылым академиясының Тіл, әдебиет бөлімі бюросы елімізде структуралды тіл білімін дамыту жөнінде арнаулы қаулы алды да, осыдан кейін бүл бағыттағы жұмысты еркендетудің әр түрлі жолдары жүзеге асырылды.
Совет тіл білімінің құрылымдық әдісты қолдануда, оның міндет-мақсатын айқындауда өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, бұл әдісті қолдану лингвистикалық әдістардың басқа түрлерінен бас тартуды, олардың пайдалы жақтарын жоққа шығаруды көздемейді. Ол басқа да әдістермен қатар қолданыла береді. Екіншіден, құрылымдық әдісті қолдану тіл тарихын, диахрондық зерттеудің маңызын тіпті де жоққа шығармайды. Үшіншіден, құрылымдық әдісті мағынадан жұрдай жалаң формаларды тізімдеудің немесе формалардың абстракт мәнде алынған жалаң қарым-қатынасын ғана зерттеудің құралы етуге қарсы. Совет структуралистері тілдік формамен бірге оның мағыналық, қызметтік жақтарына да ерекше мән береді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет