Емтихан билеті №1



бет48/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Жас грамматикалық бағыт . Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты . Алғаш Германияда туғанымен , көп ұзамай оған тілектес , пікірлестер әр елден табылып , өте тез өркен жайды . Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф.ДеСоссюр , Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда Ф.Ф.Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды .
Бұл ағым өкілдері салыстырмалы –тарихи тіл білімінің өздеріне дейнігі өкілдерін «бұлар –жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-еуропалық ата тілді мүсіндеушілер» деп кекетіп , тіл ғылымдарын сол «сасық шеберхананы» тастап , жаңа жол табуға шақырған болатын . Олардың осы қызбалықтарына , албырттықтарына қарап , неміс лингвисі Ф.Царнке оларды «жас грамматистер» деп ажуаланғанеді. Осы ажуа ат бірте-бірте лингвистикалық мектептің аты болып қалыптасты.
Мәскеу лингвистикалық мектебі .Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХғасырдың 70-80 жылдарында Мәскеу университетініңғалымдары қалыптастырды.Оны басқарған сол кездегі орыс тіл білімінің еөрнекті ғалымдарының бірі –академик Филипп Федорович Фортупатов (1848-1933) . Ол Германияда , Францияда Англияда болып , жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған , өзі де осы бағытты қуаттаған , компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған , Үнді-Еуропа тілдерінің фонетикасы , морфологиясын зерттеп , бұл саладан біраз еңбектер берген.
Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академикАлексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878-1933), т.б болды
Қазан лингвистикалықмектебі . Бұл Қазан қаласындағы университетте ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты . Оған дем беруші –поляк-орыс тіл ғалымы, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845-1929).Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан.
2.Тіл білімі және география.Тіл білімі мен географияның өзара байланысы ғылымның жаңа бір саласы — лингвистикалық географиядан көрінеді. Лингвистикалық география тілдегі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық құбылыстардың қандай территорияға тарағанын және географиялық тұрғыдан алғанда, қай территориямен шектелетіндігін көрсетеді. Лингвистикалық географияның, әсіресе диалектерді зерттеуде, белгілі бір диалектінің таралу шегін айқындауда үлкен маңызы бар.
/Лексикалық және грамматикалық диалектер/
/машан – масан/ барғым жоқ – барғым келмейді
/ашап – кілт/ біздің – біздің, күнігі сайын – күн сайын
/әйдек үлкен/ алың – ал
Тіл таңбалардың комуникативті жүйесі болып саналады. Осыған орай тіл білімі жалпы таңба атаулыны қарастыратын, таңбалардың жалпы теориясы туралы ғылым – семпотикамен байланысты.
Тілге кейде географиялық факторлар да әсер ете алады. Мысалы, аралда тұрған халықтардың тіліне ешкім әсер ете алмауы мүмкін. Болмаса кең аймақта тұратын халықтың тілдері диалектілерге бөлініп кетуі мүмкін, ал тар аймақта тұратын халықтардың тілдеріндегі диалектілер бірігіп, жойылып кетуі ғажайып емес.
Тіл білімі мен географияның өзара байланысы ғылымның жаңа бір саласы - лингвистикалық географияның тууына әкеп соқты. Лингвистикалық география тілдегі фонетикалық, лексикалық грамматикалық құбылыстардың қай территорияға тарағанын көрсетеді. Бұл, әсіресе, диалектілік ерекшеліктерді зерттегенде ерекше маңызды. Сол арқылы, белгілі бір тілдің немесе диалектілердің лингвистикалық картасы (атласы) жасалынады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет