Емтихан билеті №1


Тілді зерттеу методикалары



бет49/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Тілді зерттеу методикалары.

Методология — гректің метод және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Мағынасы — метод туралы ілім. Методология — теориялық ойлаудың философиялық негізі.
Методология — дүниеге көзқарас, өмірдегі алуан түрлі құбылыстарды, болмысты танып-білудің жолы, философиялық принципі. Маркстік диалектикалық және тарихи материализм методы дегенді осы мағынада түсінген жөн. Өйткені бұл метод қоғам мен табиғат құбылыстарын ойлауды, болмысты танып-білудің бірден-бір ғылыми жолы. Орыс тіліндегі үлкенэнциклопедиялық сөздікте «Метод — болмысты түсіндірудің тәсілі, жаратылыс пен қоғам өміріндегі құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің тәсілі» деген анықтама бар. Бұл — методқа жалпы ғылымдық, философиялық тұрғыдан, яғни методология деген тұрғыдан берілген анықтама. Бірсыпыра ғалымдар әр түрлі қызметтегі ұғымды бір-бірімен шатастырмау үшін және метод деген терминді моносемиялы ету үшін оның жоғарыда айтылғандай жалпы ғылымдық философиялық түрін методология деп атаған жөн дейді. Бұл — орынды пікір.
Методология — әр ғылымның зерттеу жүмысында басшылыққа алатын философиялық кәзқарасы. Методология — жалпы ғылымдық ортақ принцип. Совет Одағындағы барлық ғылым бір ғана методологиялық принципке сүйенеді. Ол — маркстік диалектикалық және тарихи материализм принциптері. Бүл принцип дүниенің негізі — материя, ол — алғашқы, ал ой-сана — мидың жемісі, материалдық сыртқы дүниенің бейнесі, ол — соңғы, дүние де танып білуге болмайтын еш нәрсе де жок, ғылым мен практиканың күші арқылы бәрін де тануға, білуге болады, өмірдегі алуан түрлі заттар, құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста, шартты қатынаста болады және олар үздіксіз қозғалыста болып өзгеріп дамып отырады, олардың ішкі қозғалысы, дамуы араларында болатын қарама-қайшылықтардың күресі негізінде болып жатады, құбылыстардың дамуы сандық өзгерістерден сапалық өзгерістерге ауысып отырады — деп санайды.
Бұлар — табиғат пен қоғамдық өмірінің, ой-сананың жалпыға тән заңдылықтары. Бұл заңдылықтар ғылым атаулының қай-қайсысында болса да, бірде болмаса бірде кездеспей қоймайды. Осы себептен де методология ғылыми зерттеу ісінде зерттеушінің басшылыққа алатын, әрдайым есте ұстайтын бағдарлаушы принципі болып есептеледі.
Совет лингвистері тілді зерттегенде марксизм классиктерінің осы айтылған философиялық тұжырымдарын басшылыққа алады, өз зерттеулерінде оларды қалай қолданудың жол-жобасын айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда зерттеудің методологиялық принципі дегенді оның басшылыққа алған философиялық қағидалары, дүние танымы деп түсінген жөн.
Әдетте, басшылыққа алған методикалық принципінің сүйенген философиялық негізінің қандай болуына қарамастан, ғылым жетістіктері, ғылым ашқан жаңалықтар таптық болмайды, жалпы халықтық, жалпы адамдық игілік болады. Бірақ бұдан ғылым табыстарын адамдар әр түрлі мақсатта пайдаланбайды, ұстанған методологиялық, философиялық принциптің таптық мәні болмайды деген қорытынды шықпайды. В. И. Ленин тапты қоғамда тап мүддесінен тысқары ғылым болмайды, егер идеалистік философия принципіндегі ғалым ғылымда белгілі бір жаңалық ашқан болса, онда оны өзінің философиялық көзқарасына қарамастан стихиялық жолмен материализм бағытына көшкендігінен деп түсіну керек деп үйретеді.
Әрбір ғылымның өзіне тән арнаулы зерттеу әдісі зерттеушінің басшылыққа алған методологиялық принципіне, сол белгілеп берген негізгі мақсатқа сай келіп отырады. Зерттеу әдісі бір болғанымен, егер басшылыққа алған методологиялық принциптері әр түрлі болса, әдіс алдына қойылатын талап та, одан шығарылатын қорытынды да әр түрлі болмақ. Мысалы, XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кездерінде бір-біріне қарама-қарсы бағытта қалыптасқан лингвистикалық мектептердің басым көпшілігі салыстырмалы-тарихи әдісті зерттеудің бәріне де ортақ тәсілі ретінде қолданды. Бірақ ол әдісті натуралистер «тіл — биологиялық құбылыс, организм» дейтін негізгі концепцияларын дәлелдеуге пайдаланса, психологистер «тіл — таза психикалық кұбылыс» дейтін концепцияларын дәлелдеуге пайдаланды. Сол сияқты құрылымдық әдіс те түрлі мектептерге ортақ әдіс болғанымен олардың әрқайсысы әр түрлі мақсатта, әр түрлі бағытта қолданады т. б.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет