Емтихан билеті №1



бет52/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Типологиялық зерттеу. Салыстырмалы-тарихи зерттеу — өзара туыстас, төркіндес тілдер семьясын жеке-жеке зерттегені болмаса, әр семьяға жататын тілдерді бір-біріне салыстыра жинақтап қарау, сөйтіп дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік сипаттарды ашу ісіне дәрменсіз. Ал жалпы тіл білімі тек тілдер туыстастығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүние жүзіндегі тілдердің жалпы адамдық сипаттарын, типтік белгілерін ашып, тіл атаулының барлығын да қамти алатын типологиялық классификация жасауды да қажет етеді. Осы мақсатты іске асыру үшін салыстырмалы-тарихи зерттеумен замандас салыстырудың екінші түрі, типологиялық салыстыру дүниеге келді. Лингвистикада зерттеудің бұл түрі салғастырмалы әдіс, типологиялық әдіс, типологиялық лингвистика деп түрліше аталады.

Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, зерттеудің бір әдісі ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың бас кезі болғанымен XVI—XVII ғасырларда басталған көп тілді салыстырмалы сездіктер жасау, рационалды грамматикалар жазу — осы әдістің алғашқы әліппелері.
Екеуінде де тіл фактілерін салыстыру болғанымен, типологиялық зерттеу — салыстырмалы-тарихи зерттеуден өзгеше. Бұлардың объектісінде де, көздейтін түпкі мақсатында да өзгешелік кездеседі. Типологиялық зерттеуде туыстас тілдер ғана емес, бір-бірімен ешқандай туыстық жақындығы жоқ тілдер фактілері де салыстырылады. Екіншіден, салыстырмалы-тарихи әдістегідей тілдік жүйедегі жеке элементтер емес жүйе құрылымы салыстырылады. Үшіншіден, мұнда тілдік тұлғалардың материалдық туыстастығын ашу көзделмейді, салыстырылып отырған тілдердің ортақ белгілерін, типтік сипаттарын айқындау, сөйтіп тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу көзделеді. Типологиялық зерттеудің алға қоятын мақсаты — барлық тілдерге немесе тілдердің көпшілігіне ортақ универсалды, типтік белгілерді ашу. Бұл зерттеудің типологиялық деп аталуы да осыдан.
Ғылымда типологиялық зерттеуді сипаттама зерттеудің жалғасы, соның екінші басқышы деу бар. Бұл орынды да, өйткені типологиялық салыстыру үшін, алдымен, дүние жүзіндегі тілдердің әрқайсысының құрылымдық сипаттары жеке-жеке зерттелген болуы керек. Типология сол айқындалған құрылымдық сипаттарды өзара салыстыра қарау арқылы тілдерде болатын ортақ қасиеттерді, типологиялық белгілерді айқындайды.
Типологиялық зерттеу мәні, функциясы жағынан тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ, жалпылық сипаты бар объектілерді салыстырады. Мұндай объекті тілдің фонология саласында да, семантикалық, грамматикалық салаларында да болады. Типология тілдердің осы аталған жүйелеріндегі жалпылық мәні бар объектілерді бір-біріне салғастыра қарау арқылы олар арасындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді ашады. Мысалы, фонология саласында дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып бөлінуі, болмаса морфемалардың лексикалық, грамматикалық болып бөлінуі, т. с. с. тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән типтік белгілер. Типологиялық зерттеуде осылар сияқты универсалды тұлғалар салыстырылады.
Типологиялық әдістің тіл білімінде қолданыла бастағанына біраз уақыт болғанымен, ол туралы әр елдің көрнекті лингвистерінің көпшілігі пікір айтқандарымен бұл мәселе күні бүгінге дейін бір ізді шешімін тапқан жоқ.
Дүние жүзіндегі тілдердің типологиялық белгілерін айқындап, тілдерді сол белгілеріне қарай жіктеуді алғаш ұсынған неміс романтиктерінің көсемі Фридрих Шлегель. Ол 1809 жылы жарық көрген «Тіл және үнділердің даналығы» дейтін еңбегінде сөз тұлғасын түрлендіретін қосьшшалардың бар-жоқтығына, сөздердін тұлғалық құбылысқа түсудегі сипатына қарай тілдерді флективті, агглютинативті деп екі топқа бөледі. Мұнда көрсетілген типологиялық шағын белгілер дүние жүзіндегі тілдерді қамти алмайды. Осыны байқаған Шлегельдің туысы Август Шлегель 1818 жылы шыққан «Әдебиеттегі провансаль тілі туралы мақала» атты зерттеуінде алдыңғы екеуі үстіне аморфты тіл дегенді қосады. Аморф — формасыз деген мағынаны білдіреді. Формасыз тіл болмайды, тек оның көріну жолдары әр тілде әр басқа болады. Сондықтан бұл жіктеу де толық емес. Ағайынды Шлегельдердің біраз кемшіліктерін ашып, типологиялық зерттеуді едәуір дамыта түскен ғалым — В. Гумбольдт. Ол тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеуге екі түрлі белгіні негіз етуді ұсынады: оның бірі — тілдік тұлғалар қарым-қатынасы, екіншісі — сөйлем құрау тәсілдері. Осы белгілерге сүйене отырып, Гумбольдт дүние жүзіндегі тілдерді төрт топқа бөлді, жоғарыда аталған үшеудің үстіне инкорпорациялы тіл дегенді қосып, оған Америка индеецтері мен палеоазиат тілдерін жатқызады.
Көрсетілген типологиялық белгілер, сол белгілер негізінде тілдерді жіктеу принциптері кейінгі замандардағы А. Шлейхер, Э. Сепир, И. Мещанинов, Т. Милевский, т. б. ғалымдар зерттеулерінде толыға, жетіле түсті.
Қазір типологиялық белгілердің негізгісі ретінде сөз құрылымын — сөздердің тұлғалық түрленісін, сөз туғызатын, сөз түрлендіретін формаларды, синтаксистік қатынастарды алады. Сөз құрылымы морфологияның негізгі объектілерінің бірі болғандықтан, ғылымда типологиялық жіктеу морфологиялық жіктеу деп те аталады. Морфологиялық белгілерге ерекше мән берілетін себебі — ол, тілдік ұсақ жүйелер ішіндегі ең тұрақтысы, екіншіден, морфологиялық тип тілдерде онша кәп емес және оған тән түлғалар айқын да тұрақты, сондықтан оларды жүйелеу оңай. Осы аталған белгілерге қарай тілдерді түбір тіл, агглютинативті, флективті, полисинтетикалың тілдер деп бөлу — қазіргі заман тіл білімінде де кеп тараған принцип.
Типологиялық әдіс тек тілдерді жіктеуге ғана қолданылмайды, сонымен бірге, салыстырмалы сөздіктер жасауда да, шет тілді оқытуда да кең қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет