Емтихан билеті №1



бет55/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Структуралық лингвистика.

XX ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген лингвистикалық мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі – структуралық лингвистика деп аталатын бағыт. Бұл мектеп салыстырмалы-тарихи тіл біліміне оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты.


Структуралық лингвистиканың немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі-сыртқы себептері бар. Ең негізгісі – XX ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт. XIX ғасыр ғалымының негізгі сипаты тәжірибие арқылы бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса, XX ғасыр ғылымы олардың өзіндік мәнін, ішкі заңдылықтарын, зерттеліп отырған объектің құрылым ерекшелігін, оны құрайтын элементтердін ара қатынасын, бір-бірімен байланысын, бір-біріне тигізетін әсерлерін ашуға тырысады.
20 ғасырдың бас кезінен бастап философия, жаратылыстану, әдебиеттану, тарих, эстетика, психология, социология, этнография сияқты бірсыпыра ғылымдарда өз пәнін өзара шарттас, біріне-бірі тәуелді элементтерден тұратын күрделі біртұтас құрылым деп санап, оны осы тұрғыдан зерттеу талабы күшейді. Бұл тіл біліміне де әсер етті. Сонымен бірге, жалпы ғылымның, оның жаңа түрлері – кибернетиканың, математикалық логиканың дамуы, электрондық машиналардың пайда болуы, оны тіл біліміне қолдану талабының өсуі, тілдің практикалық кызметінің бірден-бірге күрделене түсуі структурализм бағытының тууына себепші болады.
Структурализмнің тууының ішкі, таза лингвистикалық себептері де жоқ емес. XIX ғасырда дүниеге келген салыстырмалы-тарихи тіл білімі басты назарды тіл туыстастықтарын, тілдің түп төркінін, шыққан тегін ашу сияқты мәселелерге аударды да, нормативтік грамматикаға жеткілікті мән бермеді, оны тек мектеп оқулығы дәрежесінде ғана қалдырды. Тілдің өзіндік сипаты, ішкі құрылыс қандай? Тілдік элементтер бір-бірімен қалай байланысады? Олардың байланысында қандай заңдылықтары бар? деген тәріздес сұрақтарға тұжырымды жауап болмады.
Структурализм бірден пайда болған жоқ. Оның алғашқы соқпағы В.Гумбольдт, Ф.де Соссюр, И.А. Бодуэн де Куртенэ еңбектерінде салынды. Структуралистер өз зерттеулерінде осы ғылымдардың, әсіресе Ф.де Соссюрдің еңбегіне сүйенеді.
Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада). Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады. Структурализм мектептерін біріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар:
1.) структурализм мектептердің барлығы да тілді ішкі элементтері бір-бірімен байланысты, тұтас жүйе, бір бүтін құрылым деп санайды. Тіл білімінің міндеті – тілдің құрылымын, структурасын зерттеу дейді. Бұл бағыттың структуралық лингвистика деп аталуы да осыдан;
2) жас грамматистер тілді зерттеуде тек дифференциациялық принципті қолданса, тілдік элементтерді бір-біріне байланыссыз жеке зерттесе, структуралистер тілдік элементтерді бір-біріне байланыста, тұтастықта қарайтын нтеграциялық принципті қолданады. Тілдің құрылымдық элементтерін зерттеуде лингвистикалық сипаттау әдістемесін қолдануға шешуші мән береді;
3) үш мектептің үнідеуі де құрылымдық, құрамдық элементтерге жіктелуінілік және олардың бір-бірімен байланысты тілдің ең негізгі қасиеті, тіл білімінің негізгі міндеті – тілдің құрылымдық элементтері арасындағы байланысты талдау – тіл білімінің тек өзіне ғана тән, оның бірден бір объектісі деп біледі;
4) структурализм мектептерінің барлығы да Ф.де Соссюрдің ізімен тілді таңбалар жүйесі деп санайды;
5) структурализм мектептері синхрония, диахрония проблемасына да мән береді. Синхрондық зерттеу – тіл жүйесінің ішкі механизмін аңдуда шешуші роль атқарады деп, оны бірінші орынға қояды (Прагалықтардан басқалары).
Бұл аталған меселелерде де көзқарастары бір арнаға тоғысқанымен, әр мектептің ерекше шұғылданған, өзінше шешкен жеке проблемалары да болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет