2.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Диалект — жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы. Диалектілер негізінде тілдік қауым қоныс ыңғайына қарай әр түрлі аймақтарға бөлінеді. Диалектінің мұндай түрі жергілікті диалект деп аталады.Жергілікті диалектіге белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде кездесетін ерекшеліктердің жиынтығы жатады.
Тіл бүкіл этникалық бірліктегілердің барлығына да ортақ, бәріне бірдей қызмет етеді, ал, диалект оның белгілі бір аймақта тұратын бір бөлігіне ғана қызмет етеді.Тіл қызметі сан – алуан болады, ал, диалектінің қызметтік шеңбері тар, ол, негізінде, сөйлеу тілі түрінде ғана болады.
Жалпыхалықтық тілдер сияқты жергілікті диалектілер де тарих құбылыс.Олар да қоғам дамуының белгілі бір тарихи дәуірінің жемісі. Жалпыхалықтық тілдің жергілікті диалектілерге қарағанда қызметі жағынан да, ерекшелігі жағынан да, қолданушы қауымның сандық шамасы жағынан да, едәуір шағын көлемді тармағы әлеуметтік диалектілер.Әлеуметтік диалектілерге кәсіби, жаргондық ерекшеліктер жатады.Бұлардың өзіндік ерекшелігі мынады: жергілікті диалектілердің өзіндік лексикалық та, фонетикалық та, грамматикалық та ерекшеліктері болады.Және ол белгілі бір аймақ тұрғындарын тегіс қамтиды.
Кәсіби лексика — әдеби тіл сөздігінің бір саласы және оның әдеби тілге жаттығы да жоқ.Әр кәсіпорындарының өз ерекшеліктеріне лайықты қолданатын атауыш сөздері — әдеби тілдің байлығы.
Жаргон – тілдің әлеуметтік бір жарқыншағы.Бұл табиғаты жағынан да, қызметі жағынан да, шығу төркіні жағынан да, қызметі жағынан да, шығу төркіні жағынан да диалектілерден мейлінше өзгеше.
Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Бұлардың екеуі де бір ғана этникалық бірлік тілінің жеке көріністері, олар бөлек – бөлек тілдер емес, тіл біреу – ақ, сондықтан оларды тіл демей, стиль, яғни сөйлеу тілі стилі, кітаби стиль деген жөн.Дәстүрге айналған атауды бұзбау үшін ғана «тіл» деп отырмыз.
2.Тілдік деңгей, оның түрлері. Тілдің құрылымдық, соған байланысты
деңгейлік жағы 19-20 ғасырлардағы тіл білімінде жиі сөз болып келе жатқанына
қарамастан, деңгейлер, олардың көлем-мөлшері, аралық шегі жайындағы мәселе
жете анықталды деуге болмайды. Мысалы, В.М.Солнцев тіл деңгейлерінің негізгі
түрлері ретінде фонемалық, морфемалық, лексикалық, синтаксистік төрт деңгейді
қарастырады [4]. «Общее языкознание» (1972г) деп аталатын ұжымдық еңбектің
авторлары сөзжасам және морфологиялық деңгейлерге күдікпен қарайды, себебі
бұл деңгейлер морфемалармен тығыз байланысты, олардың мәні морфемалар
арқылы ашылады деп топшылайды [5].
Француз ғалымы Э.Бенвенист тіл «деңгейлерін» бөлек қарастырмай, оның
орнына «деңгейлерді» талдап сипаттау қажет деп санайды [6]. Оның себебін ғалым
зерттелетін нысанды оны сипаттап талдау әдісінен бөлек қарастыруға
болмайтындығымен түсіндіреді. Бұл, әрине, тіл деңгейлеріне біржақты көзқарас.
Нақты тіл жүйесінде әртүрлі құрылымдық бөліктер, деңгейлер бар екенін және
олардың қалыптасу дәрежесі бірдей еместігін ескерсек, деңгейлердің өздерін
зерттеу қажеттігін жоққа шығаруға болмайтыны түсінікті.
Педагогикалық институттардың студенттеріне арналған Ф.М.Березин мен
Б.Н.Головин жазған «Общее языкознание» (1979) оқу құралында тіл деңгейлерінің
алты түрі көрсетілген . Мұнда тіл дамуының қазіргі кезеңіне тән деңгейлер толық
қамтылған.