Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»


Ксерофитті сирек ормандар мен бұталар



бет67/106
Дата13.03.2023
өлшемі5,83 Mb.
#172100
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   106
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ÐÀ?òàðû «5Â060900-«Ãåîãðàôèÿ»

Ксерофитті сирек ормандар мен бұталар.

Ксерофиттер немесе гиперксерофиттердің жапырақтары ұсақ, топырақ пен ауа құрғақтығы өскен сайын жапырақтарын тастау арқылы булану деңгейін азайтып бейімделеді. Бұл өсімдіктер ерекше тобын бөледі- кактустар мен суккуленттер, олар су баланс мәселесін жапырақтары мен сабақтарындағы паренхималарында ылғал жинақтау жолымен "шешеді". Олардың арасында шырындары сабақтарында (кактустар, сүттіген тұқымдасының өкілдері) және жапырақтарында (агава, алоэ) жиналып ерекшеленеді. Жеке топ-құрғақ және ыстық кезеңдерден ауысатын қысқартылған тіршілік циклі бар өсімдіктер-бұлар шөпті өсімдіктер-эфемерлер (терофиттер) және эфемероидтар (геофиттер). Эфемер тұқымдары және эфемероидтардың жер асты мүшелері (пиязшықтар, түйнектер, тамырлар) бірнеше жыл бойы сақталып қалады, сондықтан олар жауын-шашын азайған кезде тіршілігін оңай сақтап қалады.
Тропикалық сирек ормандар әртүрлі, олар көбінесе тікенді бұталар қауымдастығымен аралас. Олар тропиктің құрғақ кезеңінің ұзақтығы 8 - 9 ай болатын және жауын - шашынның мөлшері 350 - 800 мм-ден болатын аймақтарда кездеседі. Бұнда ағаш жамылғысының биіктігі 5-12м, түрлері аз, тікенекті болады- өтуге қиын ормандар. Негізінен тікенді ағаштар басым, көбінесе қатты жапырақты, мәңгі жасыл, сондай-ақ құрғақ кезеңде жапырақтары түсетін. Ағаштар бұтақтары қисық: кейде қалың қабығымен жабылған бұтақтары бөтелке тәрізді немесе бөшке тәрізді(суккуленттер); бұтақтары тегіс ағаштар әлдеқайда аз кездеседі. Бұталар ярусы жақсы дамыған, көбінесе тікенді немесе жапырақсыз шыбық тәрізді өсімдіктерден тұрады. Көптеген бұйралы өсімдіктер бар (ағашты немесе шөпті). Шөптесін өсімдіктер ярусы әлсіз дамыған. Тропикалық сирек ормандар мысалы: Гиссар-Алай(Орта Азия), «Серраду»(О.Америка), «Кулгарди»(Австралия), Канар аралы сирек ормандары.



  1. Ареалдардың шекарасы.

Ареалдың таралу шекаралары - бұл түрдің таралу шегі. Ареалдың шекаралары тұрақты (стационарлық) және қозғалмалы (өтпелі) болуы мүмкін, олар өз кезегінде кеңейетін (прогрессивті), тарылатын (регрессивті) және маусымдық болып бөлінеді. Ареалдың кеңеюі, егер түр өзінің табиғи шекарасына жетпеген болса, жүреді. Тарылуы ареалды мекендейтін организмдер өмір бойы ресурстармен қамтамасыз етілмеген аумақтарда ғана болады. Ареалдың шекаралары әртүрлі факторлармен анықталады, олардың ішінде климаттық, эдафикалық, биоценотикалық және антропогендік факторлар маңызды рөл атқарады.
Ареалдардың таралу аумақтары, олардың шекаралары тірі ағзалардың экологиялык ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Мұнда: мынадай температура, ылғалдылық, жарық, қоректену және түрдің сапасы сияқты факторлар маңызды орын атқарады. Су жануарлары үшін маңызды факторлар: судың химиялық қасиеттері, оттегінің көлемі және т.б.
Ареалдардың шекаралары климаттық жағдайлардың әсіресе, гидротермиялық режимнің, күн ұзақтығының, қар жамылғысы қалыңдығының және т.б. факторларға байланысты өзгеріп отырады. Климатпен айқындалған шекаралардың мәні әртүрлі: егер белгілі бір аумақта түрдің таралу шекарасы жылудың аздығымен яғни, жылы кезеңнің қысқаруымен сипатталса, екінші жағдайда қыс айларының ұзақтығы маңызды болып келетіндігі сияқты т.б. ауа райы жағдайларына байланысты.
Құрлықтың Еуропалық бөлігінде өсетін ағаштарға олардың солтүстікке және шығыска қарай таралуы қысқы температурамен реттеледі. Бұл тәуелділікті шамшат ормандарының солтүстік және шығыс шекарасы бойынша таралуынан байқауға болады. Бірак ареал шекаралары климаттық көрсеткіштердің мәліметтеріне байланысты бола бермейді. Экологиялық өзгерген ортада шекара басқаларға қатысты түрдің бәсекелестік кабілетінің төмен аумағында өтеді. Климаттық өзгерістер жағдайында түрдің тіршілік ету қабілеті төмендеп, оның саны азаяды, ал бұл оның кейінгі таралуына кедергі жасайды.
Ареал шекараларының қалыптасуына топырақ факторлары да әсер етелі. Топырақ құрамындағы тұз мөлшерінің көбеюі кейбір өсімдіктердің таралуына табиғи кедергі болып табылады. Інде тіршілік етегін көптеген жануарлар жер астымен бірге жер бетін де мекен етеді.
Ареалдардың шекаралары түрлер арасындағы өзара тығыз қатынастармен анықталады. Зиянды өсімдіктер белгілі бір аумақтарда жергілікті өсімдіктердің болуымен байланысты таралады. Сібір бал қарағайы осы ағаш жаңғағын корек ететін бал қарағай торғайының ареалдары тікелей байланысты. Бал қарағай торғайы бал қарағайлар мен самырсындарлың тұқымын таратушы болып табылады.
Ареалдар шекараларының қалыптасуында ерекше орынды адамның іс-әрекеті атқарады. Егін шаруашылығының дамуына байланысты адам өзі өсіретін өсімдіктердің тұқымдарын тарата бастады. Жерорта теңізінің аймақтық өсімдігі болып табылатын көктікен адаммен ілесе жүріп, Оңтүстік және Орталық Еуропаға тарады. Полинезиялықтардың Тынық мұхиты аралдарына қоныстануы кейбір аралдарда бірқатар тропиктік өсімдіктер мен жануарлардың таралуына ықпал етті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет