П. Л. Склеттер (1875) зоогеографиялык облыстардын жүйесiн жасайды. бұл жүйе аз озгерiспен казiргi кезде де колданылады. Т. Бексли (1868) зоогеографиялык аудандастыруға өзінің эволю циялык устанымдарын енгізеді.
XX гасырдын басына таман жануарлар мен өсімдіктердін бірлестігі туралы гылым - биоценология дами бастайды. Сонымен бірге осы гасырда биогеографияга жалпы географиялык пікірлер ендiрiледi. В. В. Докучаев табиги белдеулер туралы ілімді, ал Л. С. Берг ландшафт туралы ілімді жетiлдiрiп, калыптастырганнан кейін биогеография гылымнын бір саласы ретінде дамыды. Биогеографияның негізгі салалары - боганикалык география (өсімдік географиясы) және зоогеография (жануарлар географиясы) бір гана географияны жасауға мүмкіндік береді.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – дене құрылысы талломды (қаттамалы) өсімдіктер. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге 20 ғасырдың ортасына дейін жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардан басқа бактерияларды, миксомицеттерді, саңырауқұлақтарды, балдырлар мен қыналарды жатқызып келді. Соңғы жүйеленім бойынша Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырларды жатқызады. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативті денесі тамырға, сабаққа, жапыраққа бөлінбеген. Бұлардың арасында клеткасы оқшауланған нағыз ядросы жоқ прокариоттар және клеткаларында нағыз ядросы бар эукариоттар болады. Дене құрылысы жағынан бір не көп клеткалы және ұзындығы 30 – 35 м-ге жететін түрлері де кездеседі. Қоректенуі жағынан автотрофтылар (балдырлар, қыналар, кейбір бактериялар); гетеротрофтлар және автогетеротрофтлар (миксотрофтар) болып бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің қазба қалдықтары өте ертеден белгілі. Бактериялар мен балдырлар кембрийге дейінгі криптозойлық шөгінділерден табылған. Төменгі сатыдағы өсімдіктер табиғатта зат алмасу процесінде (қ. Продуценттер. Консуметтер. Редуценттер) үлкен рөл атқарады. Кейбір түрлері атмосферлік азотты фиксациялауға қабілетті. Көпшілік түрі тағам ретінде (саңырауқұлақтар, балдырлар), тыңайтқыш ретінде (балдырлар), кондитерлік өндірісте (агар), антибиотиктер алуда (сәулелі саңырауқұлақтар), қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтауда (қына) пайдаланылады. Араларында зиян келтіретін түрлері де аз емес. Мысалы, ауру тарататын паразитті саңырауқұлақтар, судың “гүлдеуін” туындататын кейбір балдырлар.Төменгі сатыдағы өсімдіктер жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі.
Өсімдіктер дүниесінің жоғарғы таксондарының орналасу реттілігі.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвіоnta