Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»


Қарақал Қарақал 1-санатқа жататын сирек кездесетін түр. Оның Қазақстандағы таралу аймағы елдің солтүстігі. Түркістан сілеусіні



бет92/106
Дата13.03.2023
өлшемі5,83 Mb.
#172100
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   106
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ÐÀ?òàðû «5Â060900-«Ãåîãðàôèÿ»

Қарақал
Қарақал 1-санатқа жататын сирек кездесетін түр. Оның Қазақстандағы таралу аймағы елдің солтүстігі.
Түркістан сілеусіні
Түркістан сілеусіні сирек кездесетін түр. Бұлардың да таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Олар Тянь-Шань жотасы мен Қаржантау, Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей, Теріскей, Кетмен, сондай-ақ Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр тауларында таралған.
Қар барысы
Барыс саны мен таралуы азайып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Қазақстан, Тянь-Шань, Қаржантау мен Өгем, Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей, Теріскей, Кетмен, Жоңғар Алатауының шеткi сілемдері, Алтын Емел, Шолақ, Maнтай және Қайқан, сондай-ақ Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған.
Орта азия өзен құндызы
Бұл түр сирек кездеседі. Себебі таралу аймағы тарылып, саны азаюда. Олар Іле өзенінің жоғары ағысы мен оның салаларының жайылмаларында, Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында таралған.
Орта азия тас суыры
Бұл сирек кездесетін түр, бірақ Орал өзенінде оларды айтарлықтай көп кездестіруге болады. Қазақстанда оның перифериялық бөлігі бар. Орал өзені бассейнінің жайылмалы ормандарында және Солтүстік Қазақстан ормандарында кездеседі.
Итаю
Итаю 1-санатқа жататын сирек кездесетін түр. Шектеулі аумақтардан 1-2 бас кездестіруге болады. Оңтүстік және оңтүстік-батыс Үстіртте және Қарынжарық ойпаттарында, Маңғыстау облысының оңтүстік бөлігінде таралған.
Еуропа қара күзені
Бұл түр Қазақстанда жойылған. Негізінен Батыс Қазақстанда мекендеген, ал Солтүстік Қазақстанда бір аң ғана кездескен. Соның ішінде Ақтөбе облысының аумағындағы Ілек, Қарғалы, Жаман-Қарағалы өзендерінде де кездескен.
Шұбар күзен
Шұбар күзен таралу аумағы жылдам қарқынмен тарылып бара жатқан сирек жануар. Негізінен Волга мен Орал өзендерінің арасында, Орталық Қазақстанда және Предалтай даласында, жалпы Қазақстанның шөлейтті-шөлді аймақтарында таралған.
Тянь-шань қоңыр аюы
Сирек, таралу аймағы тарылып, саны азайып бара жатқан түр. Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында таралған. Қазір Өгем, Піскем, Алтын Емел, Тоқсанбай, Қоржынтау, Кетпен, Талас, Іле, Күнгей, Теріскей, Жетісу (Жоңғар) Алатауларында, Тянь-Шанның Қазақстанға қарайтын аумағында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет