Биогеография — жер шарындағы тірі организмдер мен олардың топтарының таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы; өсімдіктер мен жануарлардың және олардың бірлестіктерінің жер шарында таралуы мен олардың бөлектеніп мекендеу сипатын зерттейтін ғылым. Биогеография ғылымының негізі 18 ғасырда қаланды. Оның дамуына экваторлық Африка, Оңтүстік Америка, Азия елдерінің фаунасы мен флорасын зерттеу үшін жүргізілген экспедициялар мен сол кезеңнің жаратылыстанушылары — неміс ғалымы А.Гумбольдт пен ағылшын ғалымы А. Уоллестің, т.б. еңбектері негіз болды. Биогеография биоценоздар мен организмдердің таралу аймақтарын зерттей отырып, олардың көп түрлілігін тиімді пайдалану, аудандастыру, санын реттеу және қорғау мәселелерін қарастырады.
Қосжарнақтылар класы. Сипаттама,систематикасы
Қосжарнақтылар класы (магнолиопсидтер)(Magnolіopsіda) Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны – 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа – камбий болады.
К.Линней өз еңбегінде өсімдіктерді түрге туысқа тұқымдасқа класқа бөліп жіктеп қарастырғанын білеміз, дара және қосжарнақтылар класы деп. Дара да бір жарнақ ал қос та екі жарнақ. Жапырағы қауырсын немесе саусақ салалы жүйкеленген, тамыры кіндік тамырлы. Қосжарнақтылар бұлар жабық тұқымды өсімдіктер, олардың барлығы гүлді өсімдіктер . Гүлдеу нәтижесінде өсімдіктер жеміс пен тұқым түзеді. Құлқайыргүлділер сияқты раушангүлділер мен бұршақ тұқымдастарда қосжарнақтылар класына жатады.
Дүнижүзінде раушангүлділердің 3000 аса түрі бар, біздің Республикамызда да көптеген түрлерін кездестіруге болады. Мысалға : мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштары және бұталы түрлері- раушан мен итмұрын сонымен қатар көпжылдық шөптекті түрлері де бар теңгежапырақ, қойбүлдірген т.б. Тікенекті және тікенексіз сабақтарымен де болады.
Раушангүлділер жапырақтары бірдей болмайды жай және күрделі жапырақты , қауырсын , саусақ салалы. Раушангүлділер ағаш , бұта, көпжылдық шөптекті, гүлдері қос жынысты, сирек дара жыныстылары да кездеседі. Гүлшоғырлары әр түрлі, гүлсеріктері қосқабатты, бес тостағанша жапырақша, бес күлте жапырақшадан тұрады. Аталықтары өте көп, кей түрлерінде төрт, сегіз , тоғызданда кездеседі олар ұзынды қысқалы болып шеңбер құра орналасады. Аналықтары біреу де көп те болады. Ұзын тұмсықты бунақденелілер тозаңдандырады. Жемістері құстар, жарқанаттар мен су арқылы таралады.
Жемістері :
• құрғақ жемісті – шыршай теңгежапырақ;
• Шырынды жемісті- алма, шие т.б.;
• сүйекті шырынды –мойыл шие; құлпынай, итмұрын құрама жаңғақшалы құрғақ жемісті;
• тұқымдарында эндосперм болмайды.
Итмұрын гүлінің формуласы Т(5)К5А…Ж
Жабайы алхорының /терн/гүлінің формуласы Т(5)К5А20Ж1
Раушангүлділердің жабайы, мәдени, сәндіктері де бар.Сәндік гүл раушанды алатын болсақ ол жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме.итмұрында аталықтар саны өте көп жүзге тарта соларды адамның еңбегінің арқасында күлтеге айналдырды , содан бұйраланған раушан гүлі пайда болған. Қазіргі кезде жиырма бес іріктемесі шығарылған. Олардан май, парфюмерия саласында пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |