Энергетика


 тақырып. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
саяси

1 тақырып. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде 
 
1 Саясаттану пәні мен объектісі. 
2 Саяси ғылымның негізгі функциялары мен әдістері. 
3 Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері. 
 
Дәрістің мақсаты: 
саясаттанудың қазіргі қоғамдық-саяси өмір және 
бүгінгі білім беру жүйесіндегі ғылым және оқу пәні ретіндегі рөлі, орны мен 
маңызын анықтау. 
 
1. Қазіргі қоғамдық даму жағдайында саясаттан тыс өмір сүру, саясатты 
елемеу, ескермеу мүмкін емес. Саяси өмірге қатысудан бас тартып, өзін 
саясаттан аулақ ұстауға тырысатын, яғни бейсаясат сарындағы (apolitical) 
адамның өзі саяси билік өкілдерімен (құзырлы органдар), басқа да қоғам 
мүшелерімен қарым-қатынасқа түседі, олардың шешімдерімен санасуға
құрметтеуге мәжбүр болады. Сол себепті де саяси білім негіздері адамның 
қоғамдағы өз орны мен рөлін анықтау және түсіну, өз қажеттіліктерін 
қанағаттандыру, басқа азаматтармен, саяси билік өкілдерімен қарым-
қатынасын реттеу және сол арқылы мемлекеттің саясатына ықпал ету 
мүмкіндігіне ие болу үшін қажет. Соған сәйкес «саясаттану» пәні жеке 
тұлғаның азаматтық ұстанымын, саяси мәдениеті мен мінез-құлқын, саяси 
санасын қалыптастыруда шешуші маңызға ие.
«Саясаттану» (гректің πόλις - қала-мемлекет; еж.гректің λόγος – ілім, 
ғылым) мемлекет, саясат, саяси билік туралы ғылым. 
Саяси білім негіздерінің пайда болуы сонау Ежелгі Грек, Ежелгі Рим 
дүниесінен бастау алып, XIX ғасырдың ортасына таман оны оқып-үйренудің 
ғылыми әдіс-тәсілдерінің қалыптасуы, алғаш рет саяси ғылымдарды пән 
ретінде оқу орындарының бағдарламаларына енгізу АҚШ-да жүзеге асты. 
Кейін Батыс Еуропа елдерінде «саясаттану» термині ғылыми айналымға еніп, 
1948 жылы ЮНЕСКО бастауымен құрылған саяси ғылымның халықаралық 
бірлестігі саяси ғылымдардың пәні, объектісі мен міндеттерін айқындап, 
саясаттануды дербес ғылым және академиялық оқу пәні ретінде 
қалыптастырды.
ХХ ғасырдың 50-жылдары дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде 
қалыптасқанымен, саяси биліктің тоталитарлы жүйесі үстемдік еткен 
Кеңестер елінің білім беру жүйесінде «саясаттану» атты оқу пәніне орын 
болмады. Ол түсінікті еді. Әміршіл-әкімшіл билікке негізделген кеңестік 
тоталитарлық жүйе саяси мінез-құлқы, саяси санасы қалыптасқан, саяси 
сауатты тұлғаны тәрбиелеуге мүдделі болмады.
Қоғамдағы саяси мәселелер бойынша нақты білім беретін, ондағы 
негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси 
қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси 
өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсететін саясаттану дербес оқу 
пәні ретінде посткеңестік мемлекеттерде XX ғ. 90-жылдарының басында ғана 



оқу 
бағдарламаларына 
енгізіле 
бастады. 
Алғашқы 
«саясаттану» 
мамандықтарының ашыла бастауы да осы кезеңмен сәйкес келеді.
Саясаттанудың басты зерттеу объектісі – қоғамның саяси жүйесі, 
ондағы саяси қарым-қатынастар, яғни тұтас саяси өмір болып табылады. Ал 
саяси қарым-қатынастар түсінігі өте ауқымды. Ол саяси биліктің қалыптасуы 
мен дамуынан бастап, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани өмірі мен 
қалың халық бұқарасының мүдделерін тоғыстырады. Ал ол өз кезегінде түрлі 
әлеуметтік топтар, бірлестіктер мен жеке тұлғалардың және саяси институттар 
мен ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындайды. 
Саясаттану пәні саяси биліктің қалыптасу және даму заңдылықтарын, 
негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси 
қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы, еркіндігі мен 
міндеттері,оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді.
Қорыта келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам 
және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы әлеуметтік ғылымдардың 
бірі. 
2. Кез келген ғылым саласы белгілі бір қызметтерді (функцияларды) 
атқарады және ол оның міндеттерімен ұштасып жатыр. Олардың қатарында 
саясат, саяси қызмет туралы білім жүйесін қалыптастыру, саяси үдерістер мен 
құбылыстардың, саяси дамудың табиғатын түсіндіру немесе болжау, 
саясаттанудың тұжырымдамалық аппаратын жасау, саяси зерттеулердің 
әдіснамасы мен әдістерін айқындау сияқты міндеттерін атауға болады. Осы 
міндеттерге сәйкес саясаттанудың да өз қызметтері бар. 
Соның бірі- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет