Энергетика



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
саяси

танымдық (гносеологиялық) 
қызметі. Саясаттану жаңа білім 
негіздерін меңгеруге, қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси 
мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. 
Саясаттану 
бағалау (аксеологиялық) 
кызметін атқарады. Саясаттану 
саяси шешімдер мен іс-әрекеттерге,саяси институттар қызметіне және саяси 
окиғаларға баға беруді қалыптастырады. 
Демократиялық мемлекеттерде саясаттану 
саяси әлеуметтену 
міндетін 
атқарады. Ол болып жатқан саяси үдерістердің мәні мен болмысын түсінуге 
мүмкіндік береді. 
Практикалық-саяси қызметі. 
Бұл саяси шешімдерді, саяси үдерістерді, 
іс-әрекеттерді сараптамадан өткізу және саяси институттарды, ұйымдарды
сондай-ақ олардың құрылуы мен қызмет етуінің негізі болатын принциптер 
мен нормаларды зерттеу қызметі.
Саясаттану 
реттеушілік, басқару 
кызметін де атқарады. Ол жеке 
тұлғалар мен ұйымдардың саяси дамудың үдерісін, бағдарын бақылай 
отырып, сол саяси үдерістер мен оқиғаларға қатысуын, ықпал етуін 
қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар саясаттанудың 
болжау 
қызметі бар. Ол саяси дамудың 
әлемдік тенденцияларынан хабардар болу және қажет жағдайда тиімді 
шешімдер қабылдауда пайдалану мүмкіндігі. Бұл қоғамда теріс, жағымсыз 



құбылыстардың алдын алуға немесе, керісінше, озық, алдыңғы қатарлы саяси 
өзгерістер мен шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. 
Саясаттану қоғамдағы болып жатқан саяси үдерістер, құбылыстар мен 
өзгерістердің мән-мағынасын, себеп-салдары мен болмысын түсініп білу үшін 
бірталай әдістерді пайдаланады. 
Олардың 
қатарында 
салыстырмалы, 
жүйелеу, тарихи, социологиялық, бихевиористік, нормативтік, т.б. 
әдістер 
бар. Салыстырмалы әдіс - әлем елдеріндегі саяси оқиғалармен құбылыстарды 
салыстырып, олардың ортақ тұстарымен ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік 
береді. Социологиялық әдіс- саясатты қоғам өмірінің экономикалық даму, 
әлеуметтік құрылым, мәдени-рухани ахуалсияқты жағдайлармен байланыста 
анықтайды. Жүйелеу әдісі-саяси үдерістер мен құбылыстарды күрделі 
құрылымдардың бір бөлігі ретінде қарастырып, оны құрайтын элементтердің 
қоғамдағырөлін, орны мен қызметін, қоршаған ортамен, басқа да 
құбылыстармен байланысын зерттейді. Тарихи әдіс - саяси үдерістердің пайда 
болу және даму заңдылықтарын, саяси құбылыстардың пайда болу 
факторлары мен ерекшеліктерін, олардың белгілі бір тарихи жағдайлардағы 
рөлін анықтауға мүмкіндік береді. Бихевиористік әдіс - жеке тұлғалар мен 
әлеуметтік топтардың іс-әрекетінің, саяси мінез-құлқының қоғамның саяси 
өміріне ықпалын зерттейді.
3. Парадигма (грек.παράδειγμα- теория, үлгі) – зерттелетін мәселені 
шешу үшін үлгі ретінде алынатын теория.
Басқа да әлеуметтік ғылымдар саласы сияқты саясаттану ғылымында да 
саяси 
құбылыстар 
мен 
оқиғаларды 
зерттеп-түсіндіруде 
түрлі 
тұжырымдамалық тәсілдемелер қолданылады. 
«Парадигма» ұғымын ХХ ғасырдың 60-жылдарында ғылыми әдебиетке 
алғаш енгізген америкалық ғылым философы жәнетарихшы – Т.С. Кун (1922-
1996) еді. Т.С.Кунның тұжырымына сәйкес парадигма саясатты зерттеуге 
бағыт береді, зерттеуші белгілі бір саяси теориялар мен идеяларға сүйене 
отырып нақты проблеманың шешімін табады.
Бүгінгі таңда ғалымдар саясаттану парадигмаларының 
теологиялық, 
натуралистік,әлеуметтік, сыншыл-рационалдық
түрлерін бөліп көрсетеді. 
Теологиялық парадигма 
саясат пен саяси билік табиғатын тылсым күш, 
құдай құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ілімдердің алғашқы 
дамусатысына тән.Әлеуметтік-саяси құрылым, билік, мемлекет құдайдың 
құдіретімен пайда болған деп түсіндірілді. Бұл парадигма өзінің ғылымилығы 
тұрғысынан күмән тудырғанымен бірнеше ғасырлар бойы өз заманының 
жетекші ілімі болып келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет