1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) 12 жылдық білім беру жүйесіндегі педагог мәртебесі



бет49/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
ҚМЖ №6, Менің кіші Отанымның тарихы. Шымкент Бөпіштай балсезім соңғысы, киши отан жоспар, Шымкент киши отан, «Динамика негіздері» 1 тапсырма, МИТ-23-3нк Сарсембек Қуаныш МӨЖ1, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
26) 12 жылдық білім беру жүйесіндегі педагог мәртебесі
2019 жылы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген. Мұғалімнің мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталған Заңның қабылдануының өзіндік мақсат міндеті бар.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының мақсаты- педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемесін азайту, оларды жосықсыз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу. Бұдан басқа, Заңда педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылған, сондай-ақ педагогикалық қызметке рұқсат беру талаптары белгіленген.
«Педагог мәртебесі туралы» Заң педагогтерге серпіліс әкелді. Педагогтердің құқы арнайы заңмен қорғалатын болды деген ақпарат педагогтардың қоғам алдындағы еңсесін бір көтеріп тастағаны анық. Ал заңда көрсетілген педгогтың құқығы «Білім туралы заңда», «Еңбек кодексінде», т.б. заңдарда да бұрыннан бар болатын. «Педагог мәртебесі туралы» Заң да осы заңдар қатарында жатып қалмауы үшін педагог өз құқығын заңмен қорғай білуі маңызды.
27)Педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз ету.
Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.
Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.
Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет