1. Мектептегі 9-11 сынып оқушыларымен өткізілетін әскери-спорттық ойындар мақсаттары мен міндеттері



бет11/13
Дата06.02.2022
өлшемі109,61 Kb.
#58679
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Жас ұландардың жалпы даярлығы. 
Сап даярлығы. 
V-VI сыныптары: екі-үш және бір саптық – сап, бір саптан үш сапқа тұру, бір орында бұрылыс жасау, оңға, солға, айнала, саптық қадаммен қозғалу, жүріп бара жатып сөйлеу және әндерді орындау, саптағы дабылшының, горнистың, жалау ұстаушының әрекеттері және белгілерді орындау.
VII-VIII сыныптар: қосымша - отряд құрамында тұрып оңға, солға, айнала қозғалыстарында бұрылыс жасау.
Атқыштар даярлығы:
V-VI сыныптары: пневматикалық винтовкадан жас атқыш нормативін орындау.
VII-VIII сыныптар: аз калибрлі винтовкадан мерген атқыш нормативін орындау.
Азаматтық қорғаныс.
V-VI сыныптар: мақта, марлелік таңғыштарды даярлау, азаматтық қорғаныс белгілері бойынша әрекет ету, жеңіліс кезінде өзара көмек және өзіне көмек көрсету, противогазда отыз минут тұру.
VII-VIII сыныптар: қосымша
Жалпы жауынгерлерлік қорғаныс комплекстілерін кию. Химиялық бүлінген аумақтан өту. Күйіп қалған адамға противогаз кигізу; алғашқы медициналық көмек көрсету; бөлшекті дегазация, дезактивизацияны жүргізу.
Туристік даярлық.
V-VI сыныптар: 5-6км туристік дағдыларды тексеру мақсатында туристік шеру жасау. «Жас турист» төсбелгісіне нормалармен талаптарды орындау.
VII-VIII сыныптар: палаткаларды құру және қайтып жинау, рюкзакты қатпарлау, бөрене үстімен асу, арқан көмегімен биік құздарға шығу және төмен түсу, зардап шегушіні 50м-ге дейінгі арақашықтыққа тасымалдау.
12-16 шақырымға шеру жасау. Спорттық разряд және норма талаптарын орындау.
Дене даярлығы.
«Еңбекке және қорғанысқа даярмын» дене мәдениеті комплексінің нормалары мен талаптарын әрбір жас ұланның тапсыруға және даярлануға қатысуы.
V-VI сыныптар – І саты «Батылдар мен ептілер»
VII-VIII сыныптар – ІІ сапты «Спорттық ауысым». Барлық жасұландар спорттық күнтізбеге сәйкес таңдаулары бойынша дружиндер(отрядтар) спорттық жарыстарына қатысады.
Отряд командирі.
Сапты басқа білуі, отрядты шеру колоннасына тізбектік және керісінше қайта сапқа тұрғыза білуі, жергілікке бағдар жасай білуі, карта бетінен шартты белгілерді анықтап және картадағы арақашықтықты өлшегіш және сызғыш көмегімен өлшеу білуі тиіс. Берілген азимут бойынша қозғалып, көздеген жерге дейінгі арақашықтықты өлшей білу тиіс. Толық емес арнайы өңдеуді дұрыс жүргізе білуі, залалданған аймақтан өте ережелермен білуі, жас ұландар мамандықтары бойынша және жалпы даярлықпен қарастырылған әртүрлі тәсілдер және жаттығуларды орындай әрі жақсы таныс болуы тиіс.
Саяси бөлім бойынша командир орынбасары.
Отряд кеңесі басшылығымен жұмыс істейді, отряд жасұландарын даярлауды жүзеге асыруға отряд командиріне көмектеседі, «біреуі барлығы үшін, барлығы біреу үшін» қағидасын жүзеге асырады. Ұрыс парағы редакторының жұмысына басшылық етеді. Газеттерді оқу және саси ақпараттануды өткізуді ұйымдастырады.
Барлаушы.
V-VI сыныптар: картадағы шартты топографиялық белгілерді оқи білуі, жергілікке бағдарлана білуі, жасырына білуі, затқа азимутты анықтай білуі тиіс.
VII-VIII сыныптар: қосымша
Өлшегіш және сызғыш көмегімен топографиялық картадағы арақашықтықты өлшей білуі, азимут бойынша қозғалып, көздеген жерге дейінгі арақашықтықты анықтай білуі тиіс;
Құралдар көмегімен жергіліктегі радиация деңгейін анықтай білуі, залалданған аумақтарды айналып өту жолдарын табу, командирге жеткізу мазмұнын құра білуі тиіс.
Байланысшы
V-VI сыныптар: сигналдарды жалаушалармен беру және телефон арқылы жеткізу, жалаушалық семафорды білуі тиіс;
VII-VIII сыныптар: қосымша – телеграфтың әліппе көмегімен жеткізулерді жалаушалармен жіберу. Кабельді сымдарды жүргізе білуі, далалық телефон аппаратын қоса білуі радиостанцияны қоса білуі, байланысқа еніп, жеткізулерді жібере білуі тиіс.
Атқыш
V-VI сыныптар: шеру колонасында жылжи білуі, жүгіре және өрмелей отырып жылжуды, граната лақтыруды, шабуылға (30м ара қашықтық) көше білуі тиіс.
VII-VIII сыныптар: қосымша – жергілікке бағдарлана білуі, колшник автоматын толық емес шашып және қайта жинай білуі, шабуылға (50м ара қашықтыққа

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет