1. Мектептегі 9-11 сынып оқушыларымен өткізілетін әскери-спорттық ойындар мақсаттары мен міндеттері



бет12/13
Дата06.02.2022
өлшемі109,61 Kb.
#58679
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Санитарлы күзет мүшесі
V-VI сыныптар: сыну, қан кету, күйіп қалу, үсіп қалу және т.с.с кездерінде алғашқы көмекті көрсете білуі, зардап шегушілерді тасымалдау, дәрілік өсімдіктерді және олардың медициналық тәжірибеде қолданылуын білу тиіс.
VII-VIII сыныптар: алғашқы көмек көрсету кезінде меңгерілген дағдыларды жетілдіру, барлық тәсілдермен зардап шегушілерді тасымалдай білу, суға батып бара жатқанды шығарып алғашқы көмек көрсету, берілген азимут бойынша жылжи білуі тиіс.
Қозғалысты ретке келтіруші
V-VI сыныптар: светафор белгілеріне сәйкес ретке келтіруші дене қимылдарын білуі, жаяу жүргіншілермен жалаушылардың жалпы міндеттерін жол белгілерін танып білуі, велосипедті тебе білу.
VII-VIII сыныптар: қосымша – қиылыстағы транспортты айыра білуі, «аялдамалық жолдарды » санай білуі, отандық автотранспорт автокөліктердің белгілерін және шаркаларын білуі тиіс.
Өрт сөндіруші
V-VI сыныптар: практикалық өртке қарсы іс шараларды және өрт сөндіруді құралын қолдану ережелерін білуі тиіс.
VII-VIII сыныптар: қосымша – жеңді торапқа қоса білуі, үйшік, шарбақ, бум секілді кедергілерден өте білуі, отты сөндіру үшін өрт сөндіру құралын қолдана білуі тиіс.
Ұрыс парақ редакторы
Ұрыс парақтарын өз уақытында шығаруы және фото стендттерді өндеуі тиіс. Саси бөлім бойынша командир орынбасарына саси ақпараттандыру жүргізуді көмектесуі керек.
Жас ұландар тұрғылықты жерлері бойынша клубтардағы, әскери оқу орындарындағы, әскери бөлімдердегі автомаделизм, авиациалық, ракеталық үйірмелер жұмыстарына қатысады.
Жергілікке арналған ойындар
V-VI сыныптар үшін жергілікке арналған ойындарды VII-VIII сыныптардан бөлек өткізілуі қажет. Ойындарды бірге өткізген жағдайда V-VI сыныптар үшін оның ұзақтығы қысқартылады және жеңіл тапсырмалар беріледі.
Отряд құрамында ойналатын ойындар белгілі бір жас ұландар мамандығын немесе отряд әрекетін өңдеу мақсатында жүргізіледі.
Батальон құрамында ойналатын ойындар белгілі бір кезең қорытындысын шығару немесе батальондағы үздік отрядты анықтау міндетіне ие.
Ереже бойынша, ойындар бір жақта жүргізіледі, екі жақты ойындарды өткізу жағдайында жақтардың қындауына жол берілмейді.
Ойын мәні ЕҚД нормаларын тапсыру маңызына ие, жасұландардан инициатива, ерік және дене сапаларының көрсетуін талап ететін шарттарды құру және тартымды болуы тиіс.
Жергілікке арналған ойындар кезінде жасырынудың әртүрлі тәсілдерін қолданады, барлау жүргізеді, жергілікке бағдарланады, көздеген жерге дейінгі ара қашықтықты анықтайды, сигнализация, байланыс құралдарын қолданады, әртүрлі тәсілдермен алға жылжып, шынайы және қолдан жасалған кедергілерден өтеді. Алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Ойынды өткізу үшін ойын жоспары және ережелер жасап шығарылады, қатысушылар әрекеті үшін бағалау жүйесін өңдейді. Ойын мәніне жауап жергілік таңдалынады, ойын қорытындыларын шығару үшін сұрақтар белгіленіп, даярлық өткізіледі.
Ойынға жетекшілік ету
«Алау» әскери-спорттық ойынын өткізеді. Қазақстан Ресмпубликасының Білім және ғылым министрлігі, дене мәдениеті және спорт комитеті, ҚР азаматтық қорғаныс штабы.
Ұйымдар мен ведомстваларда әрекет ету координациясы және ойынға тәжірибелік жетекшілік жасау үшін «Алау» әскери-спорттық ойынының бас штабы құралады.
Штабтар ойынға әдістемелік жетекшілік етуді жүзеге асырады және ойынды өткізу және ұйымдастыру бойынша жұмыстардың үздік тәжірибелерін жалпылайды, тапсырмалар мен ұсыныстарды өңдейді, жеке тақырыптар бойынша бұйрықтар шығарады, ойын насихатын өткізеді, мамандықтар бойынша жас ұландарды даярлау үшін инструкторларды,отряд командирлері мен саяси бөлім бойынша орынбасарларына, штаб басшыларымен саяси бөлім бойынша орынбасарларына, командирлеріне оқу өткізеді; қызығушылық танытқан ұйымдар мен мекемелерді ойынға қатысуға тартады, жұмыс қорытындыларын шығару, «Ұлан» әскери-спорттық ойындар штабтарымен өз жұмысын тығыз байланыста орнатады.
Мектеп директорлары, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушылар, әскери жетекшілер, мұғалімдер ботальон штабтарына педагогикалық жетекшілік етуді жүзеге асырады, оқу және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асырады.
Ардагерлер, офицерлер, басщылық жасаушы әскери бөлімшелер солдаттары, әскери-оқу орындарының курсанттары мен тындаушылары, әскери комиссариаттар офицерлері консультант, инструктор және аралық адамдар ретінде шақырылады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет