1. Мектептегі 9-11 сынып оқушыларымен өткізілетін әскери-спорттық ойындар мақсаттары мен міндеттері


Мектептегі 6-8-ші сынып жасындағы оқушыларға арналған әскери-спорттық ойындар



бет10/13
Дата06.02.2022
өлшемі109,61 Kb.
#58679
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
2. Мектептегі 6-8-ші сынып жасындағы оқушыларға арналған әскери-спорттық ойындар.
«Алау» әскери-спорттық ойыны.
Ойынның қатысушылары.
«Алау» әскери-спорттық ойынында сегіз жасарлық және орта жалпы білім беру мектептерінің отрядтары қатысады.
Отряд кеңесі командир және оның орынбасары басқаратын 5-8-ші сынып оқушыларынан жас Ұландар Батальоның құрады.
Командир, оның саяси бөлім бойынша орынбасары және штаб мүшелері жас ұландар батальоның жалпы жиналысында сайланады.
Кеңес жас ұландар отрядын қалыптастырады: оған мыналар кіреді, отряд командирі, орынбасары, барлаушылар, байланысшылар, атқыштар, санитарлы күзет, өрт сөндірушілердің жауынгерлік есебі, қозғалысты ретке келтіруші, жауынгерлік парақтың редакторы.
Отряд командирі, саяси бөлім бойынша оның орынбасары, жас ұландар отряды ұйымдастыру жиналысында ашық дауыс беру арқылы сыйланады.
Отрядқа бір сыныптан ғана шықан жас ұландар енгізіледі және тек шектеулі жағдайларда ғана паралельді V-VI немесе VII-VIII-ші сыныптардан ғана алуға болады. Жас топтарын араластыруға жол берілмейді.
ІІІ-ІV сынып оқушылар жас ұландар болуға даярланады, осы жас үшін арнайы мектеп масштабы ұйымдастырған әскери спорттық ойындарға конкурстарға және басқада іс шараларға қатысады.
Ритуалдары (салт жоралары). Ерекшелену белгілері.
Штаб батальоның құрылуы аяқталғаннан кейін ту беруі бар жас ұландардың салтанатты линейкасы өткізіледі. Әр түрлі шараларда: салтанатты линейкалар, парадтар, Қарулы Күштер, ел өміріндегі атаулы күндер мен мерекелерге арналған митингтерге толық құрамда қатысқан батальон дружина туын ұстап шығады. Отряд барлық жағдайларда да отряд жалауына ие.
Жас ұландар ерекшеленудің мынадай белгілерін алып жүреді. 
Сол жеңінде «Алау» эмблемасы бар шеврон отряд командирлері жопсырмасында үш кішкентай жұлдызша, саяси бөлім бойынша командир орынбасарында екеу, батальон штаб мүшелері біреуден, штаб басшысы және батальон саяси орынбасары екеу, батальон командирі – үш үлкен жұлдыз. Жұлдыздар өлшемі 1,5Х см болатын жасыл түсті жапсырмаға бекітіледі.
Жас ұландар киімінің парадтық формасы – «Алау» эмблемасы бар комуфляж. Жергілікті ойындар және жарыстарға арналған киім формаларын ойынның аудандық және қалалық штабтар бекітеді.
Күнделікті, сонымен бірге финалдарда, жиналыстарда, жарыстарда және мерекелік линейкаларда жас ұландар бір-бірімен және ересектермен салют беріп амандасады.
Жас ұландармен жүргізілетін жұмыс мазмұны және ойындарды өткізу формалары: «Алау» әскери-спорттық ойыны жас ұландармен жұмыстар мазмұнына енеді:

  • Идеялық саяси жұмыс;

  • Жас ұландарды жалпы даярлау;

  • Жас ұландар мамандықтар бойынша даярлау;

  • Жергілікті жердегі ойындар.

Идеялық саяси жұмыс.
Әрбір жас ұландардың салтанатты уәдесінорындауына ықпал етуі, келесі тапсырмаларды жүзеге асыруға бағыттауы тиіс:

  • Қазақстан халқының және оның Қарулы Күштер жауынгерлік және еңбек дәстүрлерін оқып зеттеу – нақты патриоттық сезімдермен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Отан Қазақстан Республикасы ел таңбасы, ән ұраны және байрағы ұғымдарын қалыптастыру;

  • Әскери іске, азаматтық қорғанысқа, Қарулы Күштерге қызмет етуге ынтасын, қызығушылығын қалыптастыру және дамыту. Әскери техника, қару жарақ және әскери мамандықтармен, Қарулы Күштер түрлерімен таныстыру. Отанды қорғау, қазақстандық жауынгер, әскери ант, жауынгерлік ордендермен медальдар, түсінігін ашу және ұғындыру.

Идеялық саяси жұмыстың маңызды бағыты – құрамды бөлігі «Алау» ойыны болып табылатын Қазақстандық халықтың жауынгерлік және еңбек даңқы бойынша шеру жасау. Шерудегі жас ұландар қатысуының негізгі формалары төмендегідей болып табылады:

  • Ұлы Отан соғысы және азаматтық соғыс батырлары, бүгінгі таңда өндіріс үздіктері өмірінен фактілерді, қызықты құжаттарды іздеу;

  • «Қазақстан Республикасы менің Отаным» экспидициясына қатысу. Туған өлкенің жауынгерлік және еңбек дәстүрлері, тарихымен, ірі құрылыстармен танысу. Өндіріс және ауыл шаруашылық үздіктерімен мамандармен кездесу өткізу;

  • Қарулы Күштер, әскери бөлімшелер, кемелердің жауынгерлік жолдары, азаматтық қорғаныс, оның жауынгерлік дәстүрлерінің дамуы, Ұлы Отан соғысының қатысушыларының ерліктері және өмірлік жолдарының тарихтарын оқып зерттеу;

  • Тимуршылар жұмысы; соғыс мүгедектері, партизандар, қайтыс болған жауынгерлер жанұяларына үнемі назар аударып қамқорлыққа алу, ескерткіштерге құрмет қарауылын орнату, олардың жанында патриоттық іс шараларды өткізу;

  • Әскери бөлімшелер мен кемелерге бару, жауынгерлік техника, жауынгерлер тұрмыс тіршілігімен танысу;

  • Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен мектеп түлектерімен хат алмасу;

  • Соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастыру. Әскери және патриоттық тақырыптардағы кітаптарды оқу және талқылау. Кештер, тақырыптық викториналар ерлік сабақтарын өткізу;

  • Басқа республикалар, бауырлас елдер оқушыларымен хат алмасу. Интернационалдық достық клубтарын құруға және жұмыстарына қатысу.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет