1. мемлекеттік билік пен басқарма органдары


Көкшетау аудандық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің денсаулық сақтау бөлімі



бет11/18
Дата08.09.2017
өлшемі3,04 Mb.
#30374
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

Көкшетау аудандық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің денсаулық сақтау бөлімі
Қор 390, 105 сақт. бірл., 1954-1967 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
[1928 жылы] құрылған. Көкшетау облыстық атқару комитеттің 1955 жылдың 03 желтоқсанындағы өкімімен жабылған, фукциялары қалалық денсаулық сақтау бөліміне тапсырылған.

Ауданның медикалық-санитарлы мекемелеріндегі жұмы-сына басшылық еткен.

Қорда 1955-1967 жылдарғы Көкшетау аудандық ауру-ханасының, Викторовка, Еленовка, Қындық, Павлово, Раздолье учаскелік ауруханалардың құжаттары бар.

1928-1953 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Аудандық атқару комитеттің шешімдері, өкімдері. Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бұйрықтары.

Ауданның медициналық мекемелеріндегі жұмысы тура-лы анықтамалар, мәліметтер.

Штаттық кестелер, шығындар сметалары. Жылдық бухгалтерлік есептер, шығындар сметаларын орындағаны тура-лы есептер, еңбек бойынша жоспардың орындалғаны, медици-налық қызметкерлердің саны мен құрамы туралы есептер. Статистикалық есептер.
«Көкшетау қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (МКҚК)
Қор 27, 45 сақт. бірл., 2002-2006 жылдары
«Көкшетау қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2002 жылдың 18 шілдесіндегі № 906-1902-МК Ақмола облысы әділет басқармасының тіркеу туралы куәлігіне сәйкес тіркелді.

Негізгі қызметі – халыққа медициналық қызмет көрсету.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің, қалалық аурухананың бұйрықтары. Негізгі қызмет бойынша қалалық аурухананың жылдық есептер.

Штаттық кестелер, міндеттемелер мен төлемдер бойынша, ақылы қызметтерді, әкімшілік-шаруашылық шығындарды жүзеге асырудан алынған, қаражат бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары; тауарлар, жұмыстар және қызметтер қажеттілігінің жылдық номенклатуралары, жылдық бухгалтерлік есептер, тауарлар, жұмыстар және қызметтердің өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы, кадр бойынша статистикалық есептер.

Қазақ, орыс тілдері.
Көкшетау аумақтық ЖҚТБ алдын алу мен күрес жүргізу орталығы
Қор 251, 42 сақт. бірл., 1989-1999 жылдары
1989 жылдың 31 қазанында Көкшетау облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бұйрығымен ЖҚТБ алдын алу мен күрес жүргізу облыстық орталығы құрылған. Солтүстік Қа-зақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің 1998 жылдың 10 ақпанындағы бұйрығымен Көкшетау аумақ-тық ЖҚТБ алдын алу мен күрес жүргізу орталығына өзгертілген. Ақмола облысы әкімінің 1999 жылдың 23 маусы-мындағы шешімімен функциялары Ақмола облыстық ЖҚТБ алдын алу мен күрес жүргізу орталығына тапсырысымен қызметі тоқтатылған.

АИВ инфекциясын таратушылар мен ауруларға диаг-ностикалық және емдеу медициналық көмектің барлық түрлерін көрсетуді, эпидемиологиялық қадағалау, ұйымдасты-рушылық-әдістемелік басқаруды жүзеге асырады.
ЖҚТБ облыстық орталығы туралы қағида. Жұмыс жоспарлары.

Жоспарды орындағаны, санитарлы-ағарту жұмыстарды өткізгені, облыс халқының ауруға шалдыққанына анализі туралы есептер, анықтамалар.

Штаттық кестелер, шығындар сметалары. Шығындар сметаларын орындағаны туралы, кадрлардың саны, құрамы және қозғалысы туралы есептер.
Көкшетау облыстық кәсіподақтар курорттарын басқару бойынша Кеңесі
Қор 386, 246 сақт. бірл., 1951-1976 жылдары, Целиноград қаласы, 1966 жылдан – Көкшетау қаласы
КОБОК Хатшылығының 1961 жылдың 07 наурыздағы қаулысымен Тың аймағы кәсіподақтарының курорттық басқармасы құрылған, 1962 жылдың мамырынан кәсіподақтар курорттарын басқару бойынша Целиноград кеңесіне өзгертіл-ген. КОБОК Хатшылығының 1966 жылдың 02 наурызындағы қаулысына сай Көкшетау аумақтық кәсіподақтар курортта-рын басқару бойынша кеңесіне атауы өзгертілген, 1973 жыл-дың 01 қаңтарынан – Көкшетау облыстық кәсіподақтар курорттарын басқару бойынша кеңесі. Курорттар мен дема-лыс үйлерді Республикалық кәсіподақтар курорттарының басқармасының қарамағанына тапсырысымен 1977 жылдың 01 ақпанында қызметі тоқтатылған.

Санитарлы-курорттық және сауықтыру мекемелердің басшылығын және қызметін үйлестіруді жүзеге асырған.

Қорда «Бурабай» демалыс үйдің 1951-1960 жылдарғы құжаттары бар.
Тың аймақтық және Көкшетау аумақтық кәсіподақтар курорттарын басқару бойынша кеңестері, курорттар туралы қағидалар. Аумақтық және облыстық кеңестер коллегиясының, курорттар қызметкерлері қоғамдық кеңесінің отырыс хаттама-лары.

Курорттарды, санаторийлерді және демалыс үйлерді салу туралы қаулылар, шешімдер, титулді тізімдер, есептер, анықта-малар. Жинақ шаруашылық-қаржылық жоспарлар.

Жылдық есептер, кеңестің, сауықтыратын орындардың жұмысы, медициналық қызмет көрсету, дем алатындармен мәдени-бұқаралық жұмыс туралы анықтамалар, мәліметтер. Сауықтыратын орындардың жылдық медициналық есептері.

Штаттық кестелер, кеңестің, курорттардың, санаторий-лердің, демалыс орындардың шығындар сметалары. Жылдық жинақ бухгалтерлік есептер, статистикалық есептер.

Кадрлар бойынша есептер. Социалистік міндеттемелер мен оларды орындау қорытындылары.
Бурабай аумақтық курорттар, санаторийлер мен демалыс үйлердің басқармасы
Қор 330, 83 сақт. бірл., 1931-1960 жылдары, Щучье ауданы Бурабай поселкесі
Қазақстан КП ОК мен Қазақ КСР Мнистрлер Кеңесінің 1956 жылдың 13 қазанындағы қаулысына сай «Бурабай» курорттар басқармасы негізінде құрылған. Қазақ КСР Денсау-лық сақтау Министрлігі курорттар, санаторийлер мен дема-лыс үйлердің Бас басқармасының қарамағында болған. Қазақ КСР кәсіподақтар Кеңесінің қаулысы негізінде 1960 жылдың шілдесінде жабылған.

Емдеу жұмысы мен қаржылық-шаруашылық қызметке басшылық еткен. Оның қарамағында «Бурабай» курорты, «Бармашино», «Щучье», санаторийлері, «Ақкөл», «Воробьев-ка», «Ұстаз» демалыс үйлері болған.

Қорда «Бурабай» курорты басқармасының 1931- 1956 жылдарғы құжаттары бар.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, өндірістік мәжіліс-тердің хаттамалары.

Емдеу жұмыстың жоспарлары, қаржылық-шаруашылық, еңбек бойынша жоспарлар.

Басқарманың және оған бағынышты мекемелердің жыл-дық есептері, медициналық қызмет туралы есептер.

Шығындар сметалары, штаттық кестелер, бухгалтерлік есептер мен баланстар, кадрлар бойынша есептер.

Курорттар, санаторийлер мен демалыс үйлердің жұмыс мәселелері бойынша хат алмасу.

Жалақылар бойынша жеке шоттар.


12.1.2. Санаторийлер
Қазақ ССР денсаулық сақтау Министрлігінің «Бурабай» республикалық туберкулез санаториі
Қор 364, 166 сақт. бірл., 1935-1961 жылдары, Щучье ауданы Бурабай поселкесі
[1920 жылы] «Бурабай» мемлекеттік курорты құрыл-ған. 1937 жылға дейін РСФСР денсаулық сақтау Халық комис-сариатына бағынған, 1937-1945 жылдары – Халық комисса-риаттың Курорттық басқармасына, 1946 жылдан Қазақ КСР денсаулық сақтау Министрлігінің қарамағына енді. 1957 жыл-дан Бурабай аумақтық курорттар, санаторийлер мен демалыс үйлердің басқармасына тапсырылған. 1960 жылдың шілдесінен Қазақ КСР денсаулық сақтау Министрлігінің «Бурабай» республикалық туберкулез санаториіне қайта құрылған.

Негізгі міндеті – өкпе патологиясымен ауруларды алдын алу мен емдеу.

Қорда «Бурабай» курорты қосалқы шаруашылығының 1935, 1940-1959 жылдарғы құжаттары бар.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар. Өндірістік мәжіліс-тердің хаттамалары.

Курорттың және санаторийлердің жұмыс жоспарлары, өндірістік-қаржылық жоспарлар.

«Бурабай» курорты туралы БКП (б) ОК-не баяндама хаттың жобасы (1936). Бурабайда тұратын КСРО ХА академик-терінің тізімі (1941). Курорттың жағдайы туралы, емдеу және шаруашылық қызметі туралы ақпараттар, жоғары тұрған орган-дармен санаториялық-курорттық қызмет көрсету мәселелері бойынша хат алмасу.

Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бух-галтерлік есептер. Қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеріс актілері.


«Бармашино» туберкулез санаториі
Қор 375, 140 сақт. бірл., 1944-1967 жылдары, Щучье ауданы Щучинск қаласы
Қазақ КСР бойынша КОБОК госпитальдер басқармасы-ның 1944 жылдың 28 тамызындағы бұйрығына сай «Барма-шино» санаториі негізінде құрылған. 1946 жылдың наурызынан Қазақ КСР бойынша КОБОК курорттар, санторийлер мен демалыс орындар басқармасының қарамағында болған. КОБОК курорттар, санторийлер мен демалыс орындар орталық басқармасының 1956 жылдың 31 наурызындағы бұйрығына сай Қазақ КСР Денсаулық сақтау Министрлігі курорттар басқар-масының бағынуына тапсырылған. Қазақ КСР Денсаулық сақтау Министрлігінің 1956 жылдың 30 желтоқсанындағы бұйрығымен Бурабай аумақтық курорттар, санаторийлер мен демалыс үйлер басқармасының қарамағына өтті. 1960 жыл-дың 01 шілдесінен Қазақ КСР Денсаулық сақтау Министрлігіне бағынған. Қазақ КСР Денсаулық сақтау Министрлігінің 1967 жылдың 26 маусымындағы бұйрығы негізінде 1967 жылдың 01 қыркүйегінде қызметі тоқтатылған.

Өкпе туберкулезінің белсенді нысанымен ауруларға емдеу-алдын алу көмегін жүзеге асырған.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, өндірістік мәжіліс-тердің хаттамалары.

Өндірістік, қаржылық-шаруашылық жоспарлар, еңбек бойынша жоспарлар.

Негізгі қызмет бойынша жылдық есептер, медициналық есептер және оларға түсіндірме жазбалар.

Шығындар сметалары, штаттық кестелер, бухгалтерлік есептер, еңбек бойынша есептер. Тексеріс актілер, санаторияны қабылдау-тапсыру актілері.

Кадрлар бойынша есептер, қызметкерлердің тарифика-циялық тізімдері.

Кәсіподақ жиналыстарының, жергілікті комитет отырыс-тарының хаттамалары.


Щучье бальнеологиялық және балшық санаторий
Қор 331, 55 сақт. бірл., 1949-1964 жылдары, Щучье ауданы Щучинск қаласы
1948 жылы КОБОК демалыс үйі негізінде жалпы терапиялық санаторий құрылған, 1955 жылдан бальнеология-лық және балшық санаторийге өзгертілген. Қазақ КСР бойынша КОБОК курорттар, санаторийлер мен демалыс орындарының басқармасына бағынған. КСРО Министрлер Кеңесінің 1956 жылдың 20 наурызындағы қаулысына сай Қазақ КСР Денсаулық сақтау Министрлігіне тапсырылған. Қазақ КСР Денсаулық сақтау Министрінің 1956 жылдың 30 желтоқ-санындағы бұйрығына сай Бурабай аумақтық курорттар, санаторийлер мен демалыс үйлердің басқармасының қарама-ғына өтті. КОБОК Хатшылығының 1961 жылдың 07 науры-зындағы қаулысы негізінде Тың аймақтық кәсіподақтардың курорттық басқармасының бағынуына тапсырылды.

Қозғалыс, қан айналымы, ас қорыту органдарының, гинекологиялық және жүйке жүйелерінің ауруларын емдеумен айналысты.
Өндірістік және шаруашылық-қаржылық жоспарлар, еңбек бойынша жоспарлар. Жылдық титулды тізімдер, құры-лысқа және толық жөндеу жұмыстарға сметалар.

Негізгі қызмет бойынша баланстар және оларға түсіндір-ме жазбалар.

Шығындар сметалары, штаттық кестелер, бухгалтерлік есептер. Кадрлар бойынша есептер.

Негізгі қызмет мәселелері бойынша хат алмасу.


12.2. Денешынықтыру және спорт
«Көкшетау қаласының әкімі жанындағы туризм және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қор 253, 111 сақт. бірл., 1992-2004 жылдары
1992 жылдың 21 қаңтарында қалалық атқару комитет-тің туризм, денешынықтыру мен спорт басқармасы құрылған. Қалалық әкімшілік басшысының 1994 жылдың 08 шілдесіндегі қаулысымен Жастар ісі, туризм мен спорт бойынша қалалық комитеті қайта құрылған, Көкшетау қаласы әкімінің 1997 жылдың 03 маусымындағы өкімімен таратылып, жастар ісі, туризм мен спорт бойынша қалалық басқармасы құрылды, 1997 жылдың 04 тамызынан – жастар ісі, туризм мен спорт бойынша департамент, 1999 жылдың 25 ақпанынан – Көкше-тау қаласының әкімі жанындағы жастар ісі, туризм мен спорт бойынша бөлім. Көкшетау қаласы әкімінің 1999 жылдың 23 шілдесіндегі шешімімен Көкшетау қаласының әкімі жанын-дағы туризм мен спорт комитетіне өзгертілген, 1999 жылдың 30 қыркүйегінен Көкшетау қаласының әкімі жанындағы жастар ісі, туризм мен спорт бөлімі деп атала басталған. Көкшетау қаласы әкімінің 2000 жылдың 18 желтоқсанындағы шешімімен «Көкшетау қаласының әкімі жанындағы туризм мен спорт бөлімі» ММ болды. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2004 жылдың 31 желтоқсанындағы қаулысымен «Көкшетау қаласының әкімі жанындағы туризм мен спорт бөлімі» ММ «Көкшетау қаласының білім беру мен спорт бөлімі» мемлекет-тік мекемесіне қосылумен таратылған.

Жастар саясаты облысында, туризм, бұқаралық спорт-ты дамытуында, дені сау тұрмыс қалпының принциптерін қалыптастыруда, халықаралық класты спортшыларды және спорттық резервтерді дайындауда біркелкі мемлекеттік саясатты жүзеге асырған.
Жастар ісі, туризм мен спорт бойынша департамент, «Көкшетау қаласының әкімі жанындағы туризм және спорт бөлімі» ММ туралы қағидалар. Қала әкімінде мәжілістерге, бөлім коллегиясының, конкурстық комиссияның отырыстарына хаттамалар. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 5 жылды-ғына арналған рефераттарға жастар конкурсы қорытындылары бойынша жюридің хаттамалары (1996).

Бөлімнің жылдық жұмыс жоспарлары, кешендік және күнтізбелік жоспарлар, Көкшетау қаласында денешынықтыру, спорт пен туризмді дамыту бағдарламалары. Мерейлі шаралар-дың, спартакиадалардың, кештердің және жетекші спортшылар-дың қала әкімімен кездесулердің жоспарлары, сценарийлері, бағдарламалары.

Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық жинақ бухгалтерлік есептер. Негізгі қызмет мәселелері бойынша жыл-дық статистикалық есептер.

Бөлімнің және қаладағы спорттық мектептердің базалық көрсеткіштері. Туризм, денешынықтыру мен спорт мәселелері бойынша ақпараттар, анықтамалар.

Қазақ, орыс тілдері.
«Көкшетау қаласының әкімдігі жанындағы ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі
Қор 471, 27 сақт. бірл., 2000-2004 жылдары

1999 жылдың 29 қаңтарында «Дәстүр және өнер мектебі» облыстық мектебі «Ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық меншіктегі мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, 2001 жылдың 03 қыркүйегінен «Көкшетау қаласының Әкімі жанындағы ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесіне өзгертілді, 2004 жылдың 18 қарашасынан «Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен қайта құрылды.



Оқитын жастар арасында дәстүрдің қайта жаңдануын және ұлттық спорт түрлері мен ойындарының дамуын, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің спортпен жүйелі айналысуға көп қатыстыруын жүзеге асырған.
Негізгі қызмет бойынша жарғылар, бұйрықтар, өкімдер. Педагогикалық кеңестер отырыстарының хаттамалары, жылдық есептер, жүлделі орындарға ие болған, командаларды марапаттау туралы грамоталар буклеты.

Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспар-лары, бухгалтерлік есептер.

Қазақ, орыс тілдері.

13. БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМА ОРГАНДАРЫ МЕН ОҚУ ОРЫНДАР
13.1. Білім беру басқарма органдары
«Көкшетау қаласы әкім аппаратының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қор 362, 724 сақт. бірл., 1944-1976,1978-1988,1990-2003 жыл-дары
1944 жылы Көкшетау қалалық атқару комитеттің қалалық білім беру бөлімі құрылған, 1992 жылдан – қалалық әкімшіліктің. Қала әкімінің 1995 жылдың 25 желтоқсанын-дағы өкімімен Көкшетау қаласы әкім аппаратының қалалық білім беру бөліміне атауы өзгертілген. Қала әкімінің 1997 жыл-дың 15 сәуіріндегі өкіміне сай қызметі тоқтылған. Көкшетау қаласы әкімінің 1997 жылдың 27 маусымындағы өкімімен Көкшетау қаласы әкімінің жанындағы білім беру департамен-ті құрылған, 1999 жылдың 25 ақпанынан Көкшетау қаласы әкім аппаратының білім беру бөліміне қайта құрылған, ал 2002 жылдың 25 желтоқсанынан «Көкшетау қаласы әкім ап-паратының білім беру бөлімі» ММ болыпты.

Қаланың мектептерінде және балалар мектепке дейінгі мекемелерінде оқу-тәрбиелік жұмысына басшылық еткен.
Бөлімнің негізгі қызмет бойынша бұйрықтары. Қалалық халыққа білім беру бөлімінің мектептердің кеңестері, күту мен қамқор ету кеңесі отырыстарына, білім беру мекемелерінің, ұйымдарының басшыларымен, мектептер мен балалар мектеп-ке дейінгі мекемелердің қызметкерлерінің, әдістемелік секция-ларының мәжілістеріне хаттамалар.

Қаланың білім беру жүйесін әлеуметтік-экономикалық дамытудың индекативтік жоспарларының жобалары, қалалық халыққа білім беру бөлімінің жұмыс жоспарлары. Қаланың жалпы білім беру мектептерінің титулді тізімдері.

Қалалық халыққа білім беру бөлімінің, мектептердің балалар мектепке дейінгі мекемелердің оқу-тәрбиелеу, сынып-тан тыс жұмыс туралы, педагогикалық кадрлар, оқушылар саны мен құрамы туралы мәтіндік, статистикалық есептері. Мектеп-терде, балалар мектепке дейінгі мекемелерде инспекторлық тексеріс актілері, мектептерде тәрбиелеу жұмыстың анализдеуі.

Оқушылар мен педагогикалық ұжымдардың көркем өнер әуесқойлығы қарауларының, бітіру кештерінің салтанатты линейкалардың сценарийлері, бағдарламалық-әдістемелік әзір-лемелер, шаралар, жоспарлар.

Күту мен қамқор ету мәселелері бойынша құжаттар (шешімдер, анықтамалар, актілер, ақпараттар). Жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар, «Қуаныш» мектеп-интернаттың балалар тізімі (2002-2003).

Мектептер тізімі (1947), мұғалімдердің, балалар мектеп-ке дейінгі мекемелердің қызметкерлерінің тарификациялық тізімдері, білім берудің номенклатуралық қызметкерлерінің сапалық және бақылау тізімдері.

Штаттық кестелер және шығындар сметалары, бюджет-тік бағдарламаларды, табыстарды қаржыландыру және төлене-тін қызметтерді атқарудан түсетін қаражат бойынша шығындар-ды қаржыландыру жоспарлары. Жылдық бухгалтерлік есептер және мемлекеттік сатып алу бойынша есептер.

Қазақ, орыс тілдері.


Көкшетау аудандық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің халыққа білім беру бөлімі
Қор 383, 238 сақт бірл., 1939-1941,1946-1969 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
1928 жылы құрылған.

Аудан жеріндегі мектептер мен балалар мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына басқарушылық пен бақылау еткен.

1928-1938, 1942-1945 жылдарғы құжаттар тапсырыл-маған.

Аудандық халыққа білім беру бөлімінің бұйрықтары. Бөлім кеңесінің отырыстарына, мектеп директорлары мен меңгерушілерінің мәжілістеріне, мұғалімдердің қаңтарлық және тамыздық мәжілістеріне хаттамалар.

Бөлімнің жұмыс жоспарлары. Бөлімнің, мектептердің, балалар мектепке дейінгі мекемелердің жылдық жұмыс есеп-тері. Оқушылардың қозғалысы мен үлгерімі, денешынықтыру тәрбиесінің жағдайы, мектеп түлектерін жұмысқа орналастыры-луы туралы есептер. Мектептерде оқу-тәрбиелік жұмыс жағ-дайы туралы анықтамалар, ақпараттар, баяндау жазбалар. Аудан мектептерінің төлқұжаттары.

Бөлімнің, ведомствосына қарасты мекемелердің штаттық кестелері, шығындар сметалары және олардың орындалғаны туралы есептер. Мектептерді мұғалімдік кадрлармен топтасты-ру туралы есептер. Мұғалімдерді марапаттауы бойынша құжаттар.


13.2. Оқу орындар
«Ж. Мусин ат. Көкшетау қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
Қор 52, 157 сақт. бірл., 1939-1955, 1990-2005 жылдары
1920 жылы үшжылдық педагогикалық курстар ашыл-ған, 1923 жылдың 01 қазанынан төртжылдық педагогикалық техникумына, 1928 жылдан қазақ педагогикалық училищесіне қайта құрылған. 1946 жылға дейін Халық комиссариаттың, 1946 жылдан Қазақ КСР ағарту Министрлігінің қарамағында болған. Көкшетау облыстық атқару комитеттің 1955 жыл-дың 15 шілдесіндегі шешімімен жабылған, оның негізінде кітапханалық техникум құрылған.

Бастапқы мектеп мұғалімдерін даярлауды жүзеге асырған.

1920-1938 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
1990 жылдың 15 маусымдағы Қазақ КСР халыққа білім беру Министрлігінің бұйрығына сай жаңадан Кокчетав қазақ педагогикалық училищесі құрылды. 1995 жылдың 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы білім беру Министрлігінің бұйрығымен Көкшетау қазақ педагогикалық колледжіне атауын өзгертті. 1996 жылдың 12 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен колледжге белгілі жазушы Жанайдар Мусиннің аты берілді. 1999 жылдың 19 ақпандағы Көкшетау қаласы әкімінің шешімі негізінде колледж «Ж. Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қайта құрылды.
Педагогикалық кеңес отырыстарының хаттамалары.

Оқу-тәрбиелеу және спорттық-бұқаралық жұмыс, мемле-кеттік емтихандарды дайындау мен өткізу бойынша жоспарлар, олардың орындалған туралы есептер.

Педагогикалық тәжірибені, тәрбиелеу жұмысын өткізу туралы есептер, мәліметтер, педагогикалық кадрлар, оқушылар-дың құрамы мен қозғалысы туралы мәліметтер. Училищенің жұмысы туралы, педагогикалық кадрлар туралы статискалық есептер.

Штаттық кестелер, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары, жылдық бухгалтерлік есептер және баланстар, статистикалық есептер.

Қазақ, орыс тілдері.
«Біржан ат. музыкалық колледж» мемлекеттік қазыналық коммуналды кәсіпорны
Қор 464, 77 сақт. бірл., 1976-1994, 2000-2005 жылдары, Көкшетау қаласы
1976 жылы Көкшетау облыстық атқару комитеттің 1976 жылдың 18 қазанындағы өкімімен музыкалық училище құрылған. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1982 жылдың 11 ақпанындағы қаулысымен училищеге Біржанның аты беріл-ген. Қазақстан Республикасы білім беру Министрлігінің 1995 жылдың 11 желтоқсанындағы бұйрығына сай Біржан ат. музыкалық колледжі деп аталған. Солтүстік Қазақстан облысы білім беру Департаментінің 1997 жылдың 24 маусы-мындағы бұйрығымен Ақан сері та. Өнерлер колледжіне қайта құрылған. Көкшетау қаласы әкімінің 1999 жылдың 15 қыркүйе-гіндегі шешіміне сай колледж Ақан сері ат. мәдениет колледжі мен Біржан ат. музыкалық колледжіне бөлінген, 2000 жылдың 07 ақпанынан – «Біржан ат. музыкалық колледжі» МҚКК.

Мәдениет, өнер, білім беру мекемелері мен оқу орындарында жұмыс істеу үшін орта кәсіпкерлік біліммен мамандарды даярлауын жүзеге асырады.

1995-1999 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Училищенің жарғысы. Колледж педагогикалық кеңесінің отырыс хаттамалары.

Оқушылармен идеялық-тәрбиелеу жұмысының перспек-тивті жоспарлары және оқу бөлімінің жұмыс жоспарлары, колледж жұмысы туралы есептер, негізгі қызмет бойынша хат алмасу.

Штаттық кестелер, міндеттемелер мен төлемдер бойын-ша қаржыландыру жоспарлары, бюджет бойынша шығындар сметалары, төленетін қызметтерді атқарудан табатын табыстар мен шығындар сметалары. Жылдық бухгалтерлік есептер және баланстар, статистикалық есептер.

Қазақ, орыс тілдері.


«Политехникалық колледж, Көкшетау қаласы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қор 310, 77 сақт. бірл., 1993-2009 жылдары
1993 жылдың 18 мамырдағы № 234 ҚР білім беру Министрлігінің бұйрығы негізінде жабылған Кокчетав автомеханикалық және машина жасау техникумдарының негізінде 1993 жылдың 02 тамызынан Кокчетав политехникалық техникумы құрылды. 1996 жылдың 12 ақпандағы № 13-б Көкшетау политехникалық техникумның бұйрығына сәйкес техникум колледжге өзгерді. 1999 жылдың 19 шілдесіндегі № 431 «Білім беру жүйесі ұйымдарының қала әкімінің бағдарламалары мен ішкі бағдарламалары тізімін бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен Көкшетау политехникалық колледжі «Көкшетау политехникалық колледжі» МКҚК-на қайта құрылды.

Орта кәсіби білімі бар білікті мамандар даярлауын, орта буын мамандардың қайта даярлауын және біліктілігін арттыруын жүзеге асырады.
Колледж жарғысы, мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік. Педагогикалық кеңес, пәндік (циклдық) комиссиялар отырыстарының хаттамалары. Колледж жұмысының жоспарлары, жұмыс туралы есептер.

Штаттық кестелер, бюджет бойынша шығындар сметалары. Жылдық бухгалтерлік есептер, кадрлар құрамы мен саны туралы есептер.

Қазақ, орыс тілдері.
Көкшетау медициналық колледжі
Қор 57, 216 сақт. бірл., 1949-1995 жылдары
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1949 жылдың 11 қаң-тарындағы өкіміне сай Көкшетау қаласында медбикелер мек-тебі ашылды, 1954 жылдың 04 тамызынан медициналық учили-щеге қайта құрылған. Көкшетау облыстық әкімшілік басшы-сының 1994 жылдың 06 шілдесіндегі шешімімен медициналық колледжі болып өзгертілген.

Орта медициналық персоналының мамандарын даярлау-ды жүзеге асырайды.
Училищенің және колледждің негізгі қызмет бойынша бұйрықтар. Училище кеңесінің, педагогикалық және әдістеме-лік кеңестің, Мемлекеттік емтихан комиссияның отырыстарына хаттамалар.

Оқу-тәрбиелеу жұмысының кешендік жоспарлары, жыл-дық оқу жоспарлары, жас мамандарды орналастыру жоспар-лары, циклдік әдістемелік комиссияның, лабораторияның жоспарлары.

Жылдық есептер, ақпараттар, училищенің жұмысы туралы анықтамалар, мемлекеттік емтихандарды өткізу бойын-ша мемлекеттік мамандырылған комиссия төрағаларының мәтіндік есептері. Кадрлар бойынша, оқушылардың сан қозға-лысы, құрамы туралы статистикалық есептер.

Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер.

Жалпы кәсіподақ жиналыстарына, кәсіптік комитет отырыстарына хаттамалар.


Каталог: sites -> kokshetau-archive.akmo.gov.kz -> uploads
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
sites -> Өмірбаяндық деректеме
sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
uploads -> АҚмола облысы архивтер мен қҰжаттамалар басқармасының «КӨкшетау қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдык мемлекеттік мекемесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет