1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері


Тиімді (рационалды) сыни парадигма



бет6/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò
8 сынып БЖБ 4 ТОҚ №1, С Ж 1 Та ырыбы Д ниетану туралы жалпы т сінік Тапсырма, Жаратылыстану п ніні міндеті, СӨЖ 1-5 БС АКТ оқытудың әдістемесі, СӨЖ 1-5 БС АКТ , қазақстанда ресейдің, СӨЖ1-5 менеджмент , 6.СӨЖ , Қазақ тілі OKВ22018, 13 сабақ ҮЖ, 261-357-1-SM, 123-126 қазақ тілі
Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.

Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп, дамуына әкеледі дейді.
Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының әкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты ұстанушылар орта тап санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт артады.

13.Ежелгі Грециядағы саяси ойлар. Платон мен Аристотельдің саяси идеялары.




Еуропадағы саяси-құқықтық идеялар Көне Грекия ойларына негізделген. Ежелгі ойшылдар арасында ерекше орын алатындар – бірімен-бірі уақыт кезегімен байланыста болған үш алып – Сократ, оның шәкірті Платон және Платонның шәкірті Аристотель болатын.
Платон бойынша идеалды мемлекеттік құрылымдар үшін күзетшілерге ортақ әйелдер мен балалар болудың шешуші маңызы бар. Идеалды мемлекетте әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктері ерлермен теңестірілген. Қарапайым түсінікте алғашқы екі – отбасы болмайды. Балаларды мемлекет тәрбиелейді. Платон үшінші жіктің некесі, тұрмысын, еңбек реттеу мәселелерін идеалды мемлекетбилігінің қарауына қалдырды. Бұл жіктің мүшелері мемлекеттік биліктен шектелседе, олар құлдар емес еркін адамдар болып саналады. Платон – байлық пен кедейшіліктің шектен шығуына қарсы, орта және ауқаттылықты қолдады. Идеалды мемлекеттің басқа мемлекеттерден негізгі әлеуметтік эканомикалық ерекшелігін басқа мемлекеттердегі байларжәне кедейлер деп бөлінудің мұнда болмауы, мұндай жағдай көптеген мемлекеттерде бар. Қалай болғанда да оларды мемлекет бір – біріне қарсы екіге – бірінші кедейлер, екінші – байлар болып бөлінуі бекітілген және олардың әр қайсысындай көптеген мемлекеттер. Саясат – Платон бойынша, бұл адамдарды басқара алуды және білімді талап ететін патшалық өнер. Платон басқарушылардың осындай мәліметтерінде олардың заңмен немесе заңсыз басқаруы қажет болмайды деп есептеді. Мемлекеттің төрт түрі бар: тимократия (билік менменділікке – честолюбие — негізделген), олигархия (билік байлыққа қарай құрастырылған, кедейлер басқаруда қатыспайды), демократия (кедейлердің билігі, басқарушылар жребий арқылы аусып тұрады), тирания (бұл демократиядан шығады, қатыгез құлдық пайда болады).
Платоннан кейінгі антикалық саяси – құқықтық ілімнің дамуы және тереңдеуі, оның оқушысы және сыншысы Аристотель /б.э.д 384-321жж./ есімімен байланысты. Оның мынадай қанатты сөздері бар: «Платон маған – дос, бірақ онан үлкен дос – шындық». Аристотель жемісті автор болды, бірақ оны көптеген шығармалары жоғалып кетті. Саяси – құқықтық тақырыпта сақталып қалған еңбектері – «Саясат», «Афиндық полития» және «Этика» жарық көрді. Аристотель саясат туралы ғылымын жан – жақты игеруге ұмтылыс жасады. Аристотель бойынша ғылым ретінде этикамен нығыз байланысты. Ол бойынша саясаттың ғылыми түсінігі, адамгершілік туралы көзқарастардың дамуы және этика білімі деп біледі.
Этика саясаттың бастауы, оның кіріспесі ретінде саналады. Аристотель әділдіктің 2 түрін ажыратады: Теңестіруші және бөлуші. Теңестірші әділдік қағидасы – арифметикалық теңдік. Бұл қағиданың қолдану аясы – азаматтық құқықтық мәселе, зиянды өтеу, жаза және т.б. салалар. Бекітуші әділдік геометриялық теңсіздік қағидасынан туындайды және ортақ игілікті салым мен төлемнің құнына үйлесімді бөлуді білдіреді. Этикалық зерртеудің негізгі қорытындысы – саяси әділеттілік тек қана бір қоғамдылыққа жататын еркек және тең адамдар арасында болуы мүмкін және олардың мақсатының – өзек қанағаттандыруын негізге алуы деген ереже.Мемлекет – табиғи дамудың өнімі. Бұлқатынасқа ол алғаш пайда болған отбасы және ауыл қатынастарына ұқсас. Бірақ мемлекет өзімен барлық қатынастарды қамтитын қатынастың жоғарғы нышаны. Саяси қатынаста барлық қатынас нысандары өз мақсатына жетеді және аяқталады. Адам табиғатын саяси тіршілік және мемлекетте де осы адамның саяси табиғаты, генезисі жүзеге асырылады. Бірақ барлық адамдар, барлық халықтар дамудың мұндай деңейіне жеткен емес. Аристотель варварларды дамымаған адам табиғатының адамдары, оларда өмірдің саяси нысанына дейін өспеді – деп есептеді. Варвар және құл өзінің табиғатына ұқсас ұғымдар. Платон Академияны алғаш рет құрған болса, Аристотель бірінші Лицейді орнатқан. Аристотель бірталай саяси ойларын айта кеткен. Мысалы, ортақ меншіктің кемшіліктерін кµрсете тұра, қоғамға жеке меншіктің мањыздылығын дәлелдеген.Адам ұғымына мынадай түсінік берген: адам дегеніміз – бұл саяси жануар; егер кімде-кім саясатқа қатыспаса, онда ол әлі де адам емес немесе адамнан жоғары тұратын құбылыс.
15.Қазақстан Республикасының партия жүйесі – негізгі мінездемесі мен даму тенденциялары.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды.Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын-аулақ мектептер мен гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің «зиянды әсерінен» сақтау және далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды.Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халкының мүддесі тұрғысынан қоғамдык үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды.1906 жылы 10 маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдердің жиналысы өтіп, Ә.Бөкейханов жиналғандарды «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясының бағдарламасымен таныстырып, жиналыс оған қатысқандардың аталған партияға косылатындығы жөнінде каулы кабылдады («Семипалатинский листок», 1906, 13 маусым). Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезеңдегі саяси-әлеуметтік бағдары белгілі дәрежеде ресейлік радикалдық-буржуазиялық партия, кадеттердің қызметімен ұштасты. Бірак осы кезеңдегі қазақ кадеттерінің өмірде ұстанған мұраттары орыс кадеттерінің бағдарламасынан мүлдем өзгеше еді. Қазақ кадеттерінің бағдарламасында төмендегідей талаптар қойылды: қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп келушілер легіне тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу, т.б. Отарлық езгіге қарсы жалпыұлттык бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған кажетті алғышарттар пісіп-жетіле қойған жоқ еді.Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 жылы тағы да бой көрсетті. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне топтасқан зиялылар ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін Жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған катаң әскери-отарлық тәртіппен есептесу қажеттігін айтқан Ә.Бөкейханов бастаған топ мұндай әрекеттерге көшуге үзілді-кесілді қарсы шықты.Алаш партиясының құрылуы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...».Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12—20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.
16.Орта ғасырлардағы саяси ілімдер: Фома Аквинский, Аврелий Августин
Аврелий Августин (13.11.354 Солтүстік Африкадағы Тагаста қаласында туған — 28.8.430 Солтүстік Африкадағы Гиппонда қайтыс болған) — көне рим философы, христиан теологы, батыс патристикасының өкілі. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің, нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни адамдардың құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар деді. Осыған байланысты адамдарды екіге бөлген: Кұдай жолымен өмір сүрушілер - болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құрады.Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан мәңгілік жапа шегеді. Августин жоғары билікке жүктелген ең негізгі міндеттері деп таныды: Моральдық және Діни көзқарастыЕгерде мемлекетте дінге деген әділеттілік пен құрмет сақталатын болса, онда басқарудың барлық формасы бағынуға лайық болады деген пікір қалдырған Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский болды. "Билеушілердің басқаруы туралы", "Психологияның жиынтығы" деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп өмір сүру үшін мемлекет керек. Мемлекеттік биліктің мақсаты "ортақ игілікке жету", адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау, барлығы жоғары тапқа бағынуы керек деп санаған. Ф.Аквинскийдің ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік діни билікке бағынуға тиіс. Аспанда құдай жерде Рим папасы билік етуі керек деген. Фома Аквинскийдiң мемлекет туралы ұғымдары мемлекеттiң христиандық доктринасын Аристотельдiң ″ Саясат″ еңбегi ауқымында дамытудың алғашқы қадамы болды. Аквинат Аристотельдiң адам табиғатынан қоғамшыл жəне саясатшы деген ойын құптады. Дiни билiктiң азаматтық билiктен күштiлiгiн жəне оның мемлекеттiк билiкке араласуын дəлелдеу үшiн Фома Аквинский мемлекеттiк билiктiң үш элементiн анықтайды. Олар:

  1. Билiктiң мəнi.

  2. Билiктiң пайда болу формалары.

  3. Билiктi пайдалануы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет