Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, тек қана елі ғана емес, бүкіл дүниежүзі таныған Абай атамыз туралы не білеміз, мына тірек-сызбаларға сүйене отырып, топтастыру арқылы шолу жасай кетейік:
1. Бүгінгі жаңа сабағымыз Абай шығармашылығын қорытындылау сабағы болғандықтан, «Жылдар жырлайды» айдарымен Абай атамызға қатысты айтулы оқиғаларды еске түсірейік.
2. Абай Құнанбаев атымен тікелей байланысты тұлғалар суреттері тізбектелген.
Осы суреттердің жұмбақ сырын шешіп көрейік
А.Бөкейханов
И.А. Крылов
А.С. Пушкин
Н.Лермонтов
М. Әуезов
А.Байтұрсынов
Оқушылар сурет бойынша өз ойларын ортаға салады
Ә. Бөкейханов – Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағының басылып шығуына атсалыса, өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазған.
М. Әуезов – Абай өмірі мен өнерінің мән мағынасын бар ынта-ықыласымен, асқан сүйіспеншілікпен терең зерттеді. Жазушы ұлы ақынның өшпес мұрасын, тарихи тұлғасын өз халқының тыныс - тіршілігімен, бүкіл өмір жолымен бірлікте алып, «Абай жолы» эпопеясын жазды.