Адамныњ жеке басына ќарсы ќылмыстар


КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТ



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата04.04.2022
өлшемі479,55 Kb.
#137799
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Дәрістер тезисі (1)
семинар №10 опни
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТ 
МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 
1.Коммерциялық және µзге ұйымдардағы қызмет м‰дделеріне қарсы 
қылмыстардыњ жалпы сипаттамасы. 2.өкілеттілікті теріс пайдалану. 
Субъектісініњ ерекшеліктері.
3.Коммерциялық сатып алу. Оныњ парақорлықтан айырмашылығы.
4.Жекеше аудиторлар мен нотариустардыњ µкілеттіліктерді теріс 
пайдалануы.
5.Міндеттеріне адал қарамау. 
 
ҚР ҚК 8-тарауы коммерциялық ұйымда, сондай-ақ мемлекеттік орган, 
жергілікті басқару органы болып табылмайтын коммерциялық емес 
ұйымда қызмет атқаратын ерекше тұлғалар тобының өкілеттікті теріс 
пайдалану және өз қызметіне ұқыпсыз қарауына байланысты жауап-
тылықты көздейді. 
Заң шығарушы аталған қылмыстардың қоғамдық қауіпті іс-әрекетін 
жеке тарауға бөлуі, көрсетілген қылмыстың қылмыстық-құқықтық қорғау 
объектісінің өзгешеліктерін ҚК 13-тарауының нормаларымен салыстырып, 
сонымен қатар коммерциялық және өзге де қызмет аумағында қоғамдық 
қатынастың мемлекеттік басқару өрісін саяси шектеулікпен тікелей байла-
ныстырады. 
ҚР АК 34-бабына сәйкес коммерциялық ұйымдар деп өз қызметінің 
негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін заңды тұлғалар арқылы 
түсіндіріледі (мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, коопера-
тивтер). 
Коммерциялық емес (өзге) ұйымдар партиялардың қоғамдық 
бірлесуі, қайырымдылық қорлары, діни бірлестіктер, спорттық қоғамдар, 
оқыту орындары және т.б. сияқты кәсіпкерлік істермен айналыса 
алғанымен пайда табуды өзінің басты мақсаты етіп қоймайды, яғни 
ұйымдар мен мекемелер, лауазымды тұлғалар заң шығарушы, 
орындаушы 
органдарының 
және 
сот 
билігі 
ұйымдары 
жұмысшыларының міндеттерін жүзеге асырмайды. 
Қаралып отырған тарауда қылмыстың тектік объектісі - жергілікті 
өзін-өзі басқару ұйымдарына сәйкес уставтық істер бойынша тіркелген


мемлекеттік ұйым болып табылмайтын коммерциялық және өзге ұйымдар-
дың мүддесі болып табылады. 
Ұйымды басқарушының, жекеше нотариустың немесе жекеше 
аудитордың, 
жетекшінің 
немесе 
жекеше 
күзет 
қызметінің 
қызметкерлерінің өздерінің өкілеттіктерін дұрыс іске асыруы (заңға 
сәйкес), осы қарастырылып отырған топтың іс-әрекетінің тікелей объектісі 
болып табылады. 
8-тараудың барлық қылмыс құрамының қосымша объектісі бар 
(азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңды 
мүддесі және құқығы сияқты). 
Осы тарауда қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағы, 
өзінің өкілеттілігін пайдалану арқылы өзге жекеше немесе қоғамдық 
мүддеге зиян келтіретін ісәрекеттермен (әрекет немесе әрекетсіздік) 
сипатталады (ҚК 231-баптың 1 және 2-бөлігінде қарастырылған қылмыс-
тардан басқасы). 
ҚК 228 және 229-баптарында қарастырылған қылмыстың объективтік 
жағының міндетті белгісі ретінде елеулі зиян деп, мүліктік зиянды 
сонымен бірге адамның және азаматтың конституциялық құқығын және 
бостандығын бұзуды түсінуге болады. Бұл белгі бағаланушы белгі болып 
табылады және тек сот қана келтірілген зиянды елеулі деп тануға құқылы. 
Бұл қылмыстар субъективтік жағына байланысты кінәнің тек қана 
қасақаналық 
нысанымен 
жасалынады 
(тікелей 
немесе 
жанама 
қасақаналық). 
ҚК 231-бабының 1 және 2-бөлімі бойынша қылмыстық жауаптылыққа 
тартылатын субъект - 16 жасқа толған кез келген тұлға бола алады, ал 
қалған қылмыс құрамдарында арнайы субъектінің белгілері көрсетілген. 
Сонымен, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет 
мүдделеріне қарсы қылмыстар ретінде, заң шығарушы ұйымдардың, 
орындаушы және сот билігі қызметкерлерінің міндеттерін атқармайтын
тұлғалардың, өзінің өкілеттілігін теріс пайдалану немесе өз міндетіне 
адал қарамауын азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе 
мемлекеттің мүддесіне және заңды құқығына қысым жасайтын қоғамға 
қауіпті іс-әрекетін түсінуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет