Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 79. ТУЫНДЫ ЕТІСТІКТІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҮРЫЛЫМЫ



бет23/33
Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50312
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі
1568787114410

§ 79. ТУЫНДЫ ЕТІСТІКТІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҮРЫЛЫМЫ

Түбірлерден немесе негіздерден (туынды сөздерден) жұрнақ арқылы жасалатын туынды сөздердің белгілі (бір жүйе бойынша қалыптасқан) морфологиялык құры- лымы болады. Әдетте, сол қүрылымның бір компонек- ті — жаңа форма жасауға негіз болатын дербес мағьг5 налы сез болса, екінші компоненті — сол бірінші компо- нентті белгілі бір сөз табына айналдыратын жұрнақ болады. Мысалы: тіс+те, арқан+да, сабын + да, ақ+та, екеу+ле, көлбең + де, ойбай+ла, саба+ла, кел + тір, оқы + т... сиякты туынды етістіктің әрқайсысы екі-екі компоненттен қүралған. Бірак. осы мысалдардағы туык- ды етістіктердің жұрнақтары біреу ғана (-ла, -ле...) да, осы жұрнақ жалғанып түрған негіздер — әлденешеу және олар басқа-баска. Солардың ішінен тіс, арқан, са- бын деген негіздерді алсак, олар — зат есімдер; ал. ақ — сын есім, екеу — сан есім, ойбай — одағай, көл- бең — бейнелеуіш сөз, саба, кел, оқи дегендер — етіс- тіктер. Бұдан туынды етістіктер тіліміздегі негізгі сеэ топтарының қайсысынан болса да жасала беретікі ай' қын керінеді. Осыған орай, туынды етістіктер, жасала- тын негіздеріне қарай, есімдерден жасалған етістіктер және етістіктерден жасалған етістіктер деген екі салаға бөлінеді және де, алғашкылар есім негізді етістіктеРі сопғылар етістік кегізді етістіктер деп аталады.

230

§ 80. ЕСІМ НЕГІЗДІ ЕТІСТІҚТЕР

Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз тапта- )ынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұр- нактар аркылы кебінесе зат есімнен. сын есімнен, үс- геулерден, еліктеуіш сездерден, әредік одағайлардан касалады. Осы сездердің етістік тудыратын жұрнактар- т ішінде, әрине, енімділері де, енімсіздері де бар

Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:

  1. -ла (-ле, -да, -де, -та, -те) жүрнағы. Бұл жұр- аак — етістік тудыратын жұрнақтардың ішіндегі функ- аия жағынан ең ©рісті, мағына жағынан да аса оралым- ды жэке өте өнімді қосымша. Оның кейбір бастьі-басгы

сипаттары төмендегідей:

  1. Бүл жүрнак арқылы дене мүшелері атауларынан ісөп етістік жасалады. Мысалы аяңта, ауызда, алақанда, бсіңайла (бәшейле), жудырықта, иекте, қолда, төбеле, көзде, уыста, тісте, тізеле. іиекеле, өкпеле, өкшеле, ұрт- та, езуле, қулақта, мойында, арқала, қабырғсіла, жан- баста, білекте, илынтақта, иықта, қолтықта, желкеле, та- наула т. т. Бірақ мүше атауларынан жасалатын етіс- тіктердін басым кепшілігі тікелей сол мүшелердщ тура мағыналарынан гері ауыспалы, жанама мағыналарын жиі білдіреді де, кебінесе омоним және көп мағыналы етістіктер қүрайды (баста, көзде, өкпеле, қолда, мойын- да, аяқта, өкшеле, төбеле, сірқала т. т.). Әрине, олардың ішінде өздерінің тура мағыналарын білдіретіндері бар (тісте, уыста, тізеле, жудырықта...), ондайда олар сол деке мүшелері арқылы істелетін амал-әрекеттерді білді- реді. Бірақ олар, сонымен қатар, ауыспалы мағыналар- ды да қамтып отырады.

  2. Бұл жүрнақ аркылы ецбек құралдары атаулары- нан және әрекетті жүзеге асыруға дәнекер боларлық түрмыс жабдықтары атауларынан кегітеген етістіктер Жасалады. Мысалы: арала, балтала, арқанда, ауьіздық- та, жүгенде, тізгінде, көгенде, ноіугала, шегеле, қазық- то, утікте, ңасықта, ожаула, тырмала, ашала, көсеуле, сабаулсі, қурыңта т. б.

  3. Іс-әрекетті жүзеге асыруға объект болатын зат, материал, бұйым атауларынан да бұл жұрнақ арқылы Қьіруар етістіктер туған. Мысалы жүнде, қауызда, май- Ла> тузда, сабында, тақтайла, шыныла, қағазда, қаңыл- шфла, алтында, күмісте, ишфрла, бетонда, асфальт- г° т. т.

231


  1. Мекен я орын атауларынан да, (мекендр, орында, өрле, тұраңта, жоғарыла, төменде. ) өлшеу атаулары- нан да, (аршында, кезде, адымда, метрле, тоннала...) айналадағы дыбыс атауларыкан да, (мыңқылда, күңкіл- де, шыңьілда, иііңкілде...) козғалыс, көрініс бейнелерінің атауларынан да, (жарқьілда, бүрқылда, іркілде, бүраң- да, ирелеңде, кердеңде, майпаңда...) тел атауларынан да (ботала, қозда, лақта, қүлында, бүзаула, бала- панда) және олардан өзге де көптеген әлеуметтік, ко- ғамдык, саяси, мәдени, тұрмыс, салт, табиғат т. т. атау- лардан (тәрбиеле, еркеле, жазала, арашала, қаумала, үймеле...) бұл жұрнақ арқылы туынды етістіктер жасала береді.

  2. Зат атауларынан баска сын, белгі, бейне және олардап өзге атаулардан да бүл жұрнактын жәрдемімен көп етістіктер жасалады, мысалы, сын есімдерден (ақта, қарала, жсіңсыла, жаманда, жаңала, іріле, үсақта, қы- зылда), сан есімдер (онда, жүзде, екеуле, үшеуле), үс- теулерден (төменде, кейінде, ілгеріле), еліктеуіш сөз- дерден (жымыңда, күлімде, сүйрелеңде), одағайлардан (аһла, уһле, ойбайла, байбайла, құраула, аухаула) жа- салатын туынды етістіктер көп.

  3. -ла (-ле...) жұрнағы аркылы етістік негіздерінеғ де туынды етістіктер жасалады. («Етістік негізді етістік тер» деген такырыпты караныз).

Е с к е р т у: -ла жүрнағы аркылы жасалатын туын ды етістіктердің санын аныктау өте қиын. Өйткені оны айқындау үшін, осы жұрнакты жалғауға болатын түбір сездер мен туынды сөздердін (негіздердіи) барлығына санақ жүргізу кажет боладьі. Ондай жүмыс, әрнне, әзір- ше істелген емес.

  1. -лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жұрнағы — әуелгі -ла және -н қосымшаларынан пайда болған құранды ко- сыыша. Осы себептен бұл жүрнак алды-алдына жүмса- лып, жеке-жеке косымша ретінде ішзмет етіп, саралана- тын бастапқы -ла жұрнағы (ой + ла, таза+ла) және өз- дік я ырықсыз етіс түлғасым жасайтын -н жұрнағы (ой+ла + н, таза+ла+н) тіркесімен түрлес те, аздЫ- көпті мағыналас та келеді. Бірак бул форма тек бө.і шектенбейтін түтас бір түлға кызметін аткаратында* жағдайда ғана өз алдьіна бір күрделі жүрнақ санала ды. Мысалы: ашу+лан, сір+лан, борыиі+тсін, ие+леІІ'

232

күдік + тен, машық+тан, мал + дан, рақат+тан, рух+ тан, үй + лен т. т.

Бөлшектенбейтін -лан (-лен...) жүрнағынын, семанти- калық қүрылымы, кебінесе, -ла жұрнағының салт етіс- тікке тән мәні мен -н жұрнағыньщ өздік етіске тән мә- нінен құралады және бүл күрделі жұрнақ (-лан), әдет- те, амалдың я істің күралын, объектісін немесе оның формасын, нәтижесін білдіретін есім сөзге жалғанады да, дәйім абстракті мағынасы бар туынды етістік жасай- ды. Мысалы: әдеттен., булттан, батырлан, жалқсіулан, елгезектен, көңілден, қулан, қырыстан, қайраттан, ме- йірлен, намыстан, сезіктен, пайдалан, мазасыздан, қам- сыздан нәрсізден
т. т.

  1. -лас, (-лес,-дас,-дес,-тас,-тес) жұрнағы да әуелгі жалаң -ла (-ле...) және жалаң қосымшаларынан бірі- гіп қалыптасқан. Бұл күрделі формада жалаң -ла және жалаң косымшаларының тіркесімен (сөй-ле-с; сыбыр- ла+с) шығу төркіні бір болғандықтан, түрлес келеді. Сондықтан бұл формалардың тек бір тұлға есебінде қыз- мет етіп белшектенбейтіндері ғана құранды (күрделі) жұрнақ саналады. Мысалы: бір+лес, көмек+тес, бәс+ тес т. б.

-лас жұрнағы -лан жүрнағына қарағанда, әлдекайда енімсіз және сол -лан жұрнағы жалғанатын сездерге калғана да бермейді. Мысалы: достас, кезектес, мүңдас, есептес, сырлас, пікірлес деп айтуға болғанымен, жоға- рыдағы: ар, ашу, әдет, бейнет, еңбек, елгезек, ңу, барыш, күдік, намыс, рух, раңат, жалқау... тәрізді сөздерге етіс- тік тудыратын -лас (-лес...) жұрнағы тіркеспейді.

-лас (-лес...) жұрнағы жалғанатын негізден біреумен сырласу, санасу, бірігу немесе біреугесеп тигізу, ортак- тасу әрекетін білдіретін туынды етістік жасайды (Мыса- лы: сен онымен ақылдасып ал; ол сенімен есептеседі т. т.)

-лас жұрнағынын, «таза» туынды етістік жасау кабі- летінен гөрі, әрі етістік, әрі есім функдиясында жұмса- латын формалар мен «таза» есім қызметін аткаратын формалар жасау кабілеті күштірек. Мысалы: сіқылдас, елдес, сабақтас, іргелес... деген формалар әрі етістік Щылдастым, елдеспек, сабақтасады, іргелеседі), әрі ес(сіқылдас дос; елдес адам; сабақтас сөйлем; ірге- лес ауыл) есебінде жұмсалса, түрлес, қоралас... деген- A көбінесе, есім ретінде қолданылады.

  1. -лат (лет, -дат, -дет) жұрнағы да — бастапкы -ла

233


және қосымшаларынан біріккен, өнімсіз, құранды форма. Мысалы: әндет, тездет, дауылдат, борандат, сел- дет, түнделет т. б.

  1. -а (-е) журнағы — кене косымшаның бірі. Әуел баста есім сөзді етістікке айналдыратын өнімді қосывд- ша болғанымен, бірте-бірте самарқауланып, тек бүрынғы кезде жалғанған сөздерінің аясында ғана калып қой- ған. Мысалы: ат-а, ас-а, дем-е, жас-а, жи(ы)н-а, күй(і) с-е, от-а, ор(ы)н-а, ой(ы)н-а, өрт-е, тіл-е, ньщ-а, тіс- е, сын-а, мін-е, үст-е, салдыр-а, сылдыр-а, тең-е т. т. Осылардың ішінен ата, үсте, деме, тіле, нықа (нықта, нығызда), түзе (түзу, түзік) дегендердің гүпкі есім негіздерінің мағыналары бірте-бірте көмескіленіп, кейбі- реулерінікі тіпті үмытылып, байырғы етістіктердің си- патына көшіп бара жатқаны байкалады.

  2. -ай (-ей, й) жұрнағы да -а (-е) қосымшасы іспет- тес. Бүл жүрнақ арқылы жасалған ет-ей, күш-ей, мүң- ай, көр(і) к-ей, қүт-ай, от-ай, тар-ай, кең-ей, қара-й, ңарт-ай, мол-ай, көб-ей, зор-ай ... тәрізді етістіктермен қатар, оньщ көне екендігіне айғақ боларлық үл(ы)ғ-ай (үлғай), үлк-ей, (үлкей), ссір(ы)ғ-ай (сарғай), үз-ьін, үз-ақ, (үзар) сияқты байырғыланып кеткен етістіктер де бар.

  3. -қар (-ғар, -кер, -гер) қосымшасы да — аса көне, өнімсізге айналған жүрнақ. Бүған: бас-қар, ес-кер, сщj ғар, оң-ғар, су-ғар (су-ар), ат-ңар, тең-гер сияқты етіс- тіктер куә. Қазіргі тіліміздегі теңгер және тең-е (теңел, теңет, теңгеріл, теңгерт, теңес...) тәрізді жарыспа етістіктерді, сондай-ак, ct-ңыр, ңа-ңыр, жаз-ғыр, ыс-қыр, пыс-қыр, түш-кір, тү-кір, ке-кір... дегендердегі түбірлер- ді алсақ, бүл косымшаның көнелігін де, өнімсіздігін де айқыидай түседі.

  4. -ар (-ер, -р) жүрнағы да — көне, мардымсыз ко- сымша. Оған: жаңа-р, таза-р, ңысңа-р, ескі-р, өзге-р, жас-ар, жақс-ар, жалт-ар, бүлт-ар, ңалт-ар... снякты үй- реншікті сөздермен бірге, қосымшаның көнелігіне айғак боларлық: үз-ар (ұз-ын, үз-ақ), қыз-ар (қыз-ыл, қыз- ғылт), бақ-ыр (бақ-бақ етеді), иіақ-ыр (илақ-шақ етеді) секілді сөздер де бар.

  5. -ал (-ел, -ыл, -іл, -л) қосымшасы да«жоғ-ал, оң-оЛ су-ал, сүй-ыл, үя-л, тар-ыл, тір-іл, тең-ел» тәрізді сака- малы етістіктерде ғана үшырасатын көне косымша.

  6. -ық (-ік) жүрнағы — есімнен де, етістіктен Де^ туығіды етістік жасайтын көне жүрнақ. Мысалы: аиі-ыК

234

бір-ік, жол-ық, зар-ық, зор-ық, дән-ік, дем-ік, кез-ік, көз-

мол-ық, тот-ьщ, қсім-ық, құн-ық, өш-ік, ор(ы)-н-ық...
дегендер есім негіздерінен, көн-ік (көн-дік), тын-ық... дегендер — етістік негіздерінен туған байырғы етістік- тер.

  1. -сы (-сі) және -ымсы (-імсі) жүрнақтары — көне болғанымен әлі де жні қолданылатын, өнімді формалар. Діысалы: батырсы, босаңсы, пысықсы, иіирақсы, көлгір- сі, қамқорсы, өгейсі, тоссіңсы, үлкенсі... тәрізді есім не- гізді етістіктермен катар, сол негіздердің тәуелденген түрлерінен: батырьшсы, үлкенімсі... сияқты етістіктер, сондай-ақ, -ған формалы есімшенің тәуелдеулі, тәуел- деусіз түрлерінен: білгенсі, білгенімсі, оқығансы, оқы- ғанымсы... секілді туынды етістіктер казіргі тілімізде аса жиі қолданылады. Осы жүрнақ (-сы, -сі) дауысты дыбысқа бітетін сөздерге жалғанғанда, -сын (-сін) фор- масына көшетін сияқты (мысалы: әке-сін, сіпа-сын, ата- сын, ана-сын т. т.), керісінше, сондай негіздерге тәуел- деніп косылғанда, тек -сы (-сі) формасы жүмсалатын тәрізді (әкемсі, апамсьі, атамсы т. т.). Сөйтіп, бүл жүр- нақ жалғанатын сөздерден бәлдену, дәсерлену, тыраш- тану сияқты немесе «әлденемедей бола қалу» тәрізді ренк білдіретін туынды етістіктер жасайды.

  2. -сын (-сін) журнағы — әуелгі -сы және форма- варынан күралған байырғы, өнімді қосымша. Бүл жур- иақ өзі жалғанған есімдерден, олардың нақтылы мазмү- нына карай, бәлсіну (бүлдану), мақтану (қоқилану) менменсіну (менсінбеу), өзін зор я жоғары түту немесе өзін аулақ үстау я сырт санау тәрізді қылықтарды көр- сетерліктей я сондай реңк білдірерліктей туынды гтістіктер жасайды. Мысалы: адамсың, адалсың, аңыл- дысың, баласың, батырсың, білгішсің, жатсың, жаман- сың, жақынсың, кәрісің, көпсің, қауіптісің, монтанысың, пысықсың, жазушысың, ғалымсың, ақынсың т. б.

Бүл жүрнақ (-сын) жоғарыдағы -сы (-сі) қосымша- сымен байланысты. Оны сыртқы формаларынан да, ішкі Мазмүндарынан да байқауға болады (адамсып және адамсьшып, білгенсіп және білгенсініп).

  1. -сыра (-сіре) жүрнағы — әуелгі -сы және -ра фор- Маларынан күралған байырғы косымша. Бұл журнак езі жалғанған есімдерден солардың әрқайсысының маз- І^Ұны арқылы аталатын қадір-қасиетке зәрушілікті, мүқ-

®Ждықты білдірерліктей немесе сондай касиеттен Tan-

235




шылық көретіндікті аңғартарлыктай туынды етістіктер жасайды. Мысалы: ағайынсыра, әлсіре, жетімсіре, қаң. сыра, қымызсыра, ойсыра
т. б. Осы форма арқылы жы- ламсыра, күлімсіре деген етістіктер де жасалған, бірақ олардың семантикалық реңктері баскаша.

  1. -ыра (-іре) жұрнағы көбінесе еліктеуіш сөздер- деп олардың мазмұны арқылы аталатын я берілетін не- гізгі сипаттары ұдайы білініп я көрініп тұратындаіі туынды етістіктер жасайды. Мысалы: барқыра, бұрқы- ра, жарқыра, дүркіре, зіркіре, күркіре, сарқьіра, шүр- қырсі, іиырқыра т т.

  2. -ырай (-ірей) жұрнағы — әуелгі -ыр және -ай (-ыр + ай) формаларынан кұралған көне косымша. Бұл жұрнак көбінесе сын есімдерге, бейнелеуіш сөздерге жалғанып, олардан сыртқы, ішкі бейне, кескін, келбет, мүсін тәрізді көріністер мен қүбылыстарды білдіретін туьшды етістік жасайды. Мысалы: кіші-рей, тік-ірей,

тас-ы-рай, тыс-ырай, бақ-ырсій, іиаң-ырай, аж-ырай, бад- ырай т. б.

  1. Бұлардан езге кейбіреулері тек белгілі бір есім- дерден, кейбіреулері тек санаулы ғана есімдер мен етіс- тіктерден туынды етістік жасайтын әрі кене, әрі мар- дымсыз жұрнақтар бар. Оларға мыналар жатады: -ы, -і (бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы т. б.); -шы, -ші (аунақ-шы дөңдек-іиі, жан-іиы, мал-шы, қаң шы, көпір-ші, т. б.); -ан, -ен, -ын, -ін, -н (бас-ын, жир-ен, оя-н) (оя-т), үйре-н (үйре-т), жұба-н (жұбат); -ырқа, -ірке (есірке, мүс-ірке, тас-ырқа, тос-ырқа т. б.); -ырқан, -іркен (аз-ырқан, аіи-ырқсін, тұш-ырқан, іиам-ырқсін, шім-іркен т. б.); -ына, -іне (ес-іне, ңат-ына, пыс-ына т. б.); -қа, -ке, -ға, -ге (бүр-ке, иіс-ке, қоз-ға), -ди, -тьій, -ти (-қаз-ди, дүр-ди, сұс-ти, таш-ти, төс-ти т. б.) т. б.

ә) Күрделі етістіктер және олардың ж ү й е с і

Қазақ тілінде кемі екі я онан да аса компоненттер- ден құралып, сейлеу тілінде де, жазба тілде де бірдеп қолданыла беретін етістік тіркестері мен етістікті тіркес- тер тіпті көп. Мысалы: жәрдем ет; көмек көрсете көрі телефон соға сал; жәрдем беретін бол; ңүлак, сала жүР'• қол үшын жалғап жібере қой; ала келсе игі еді, кегіп бара жатыр екен; тарс ете түсті; жығылайын деп туР> лақтырып тастай салғысы келіп отыр екен; қүлап ке№ жаздап барып ңалды т. б.

236

Құрамы мен кұрылысы жағынан әр түрлі бола Typ­es да, осыпдай есімді тіркестері мен етістікті тіркестер- діи бәрі де казак тіл білімінде бір категория ретінде карялыгі, күрделі етістік деген термиимен аталып жүр. Бірак осы күрделі етістіктердің мағыналарын ажырату- да, кызметтерін анықтауда, оларды жүйелеп талдауда іс жүзінде қыруар қиыншылықтар да ұшырасып жүр. Ондай киыншылыктардың болуы даусыз, өйткені осы тіркестердің ішінде мазмұндары да басқа-баска, фор- малары да сала-сала, өз алдарына жеке-жеке категория ретінде талдануға тиісті әлденеше топ күрделі сөздер бар. Сыр-сипаттарын тану үшін де, білу үшін де осы- ларды әуелі іштей саралап алған макүл. Ал оларды жік- тсү үшіи, ең алдымен, күрделі етістіктің құрамындағы сөздерініи мағыналарының жай косындысы емес, сол компоненттерден құралған күрделі түлғаның (единица- нын) негізінде туып қалыптасқан жаңа бір семантика болатыны есте үсталуға тніс. Сонымен бірге, күрделі етістіктің әр түрінің компоненттері өзінше басқа-басқа болуларына қарай, олардың арақатынастары да, ма- ғыналары мен формалары да сара-сара болатыны еске-

рілуі қажет.

Бірақ күрделі етістіктсрді ажырату, саралау мәселе- сінде қиьшдықтар да жоқ емес. Ол қиындыктардың бір •үшығы етістіктің жай (еркін) тіркесімен астас болса. екіншіүшығы күрделі етістіктердің өздерін іштей жіктеп, бір-бірінен саралаумен байланысты. Мысалы.осы күнгі күрделі етістіктер әуелгі жай (еркін) тіркестерден туып өрбігені анық. Солай бола тұрса да, бұл екі категориянын саралануына тек компоненттердің ішкі лексика-семан- тикалық, лексика-грамматикалық мазмұндары, олардың арақатынастары ғана себеп болмаса, сыртқы фор- маларында ерекшеленерліктей дәнекер тумаған, демек. олардың формалары әуелгі қалыптарын езгертпей сақ- тап қалған. Ал компоненттердің арақатынастары женін- де айтылатын негізгі қағидалар мыналар: егер етістік тіркестің құрамындағы компоненттердін әрқайсысы езді- өзіне тән бастапкы лексикалык мағыналарын түгел сақ- тап тұрып, сөйлем ішінде алды-алдына жеке сұрауға жа- Уап беріп, дербес мүше бола алса, ондай етістік тіркес бркін тіркес немесе жай синтаксистік тіркес саналады {үйге жүгіріп кірдім
жүгіріп үйге кірдім; машинадан fetcipin түстімсекіріп машинадан түстім); егер тіркес- тегі компоненттер мағына жағынан бір-бірімен тең түс-

237




кенімен, бір-бірінен жекелекбей, біртұтас мағына (тұл- ға) құраса,— ондай тіркес күрдеді тіркес саналады (алып бар, алып қсійт, кіріп шық, оқып бар, алып кет
т. б.); Күрделі етістіктердің түрлері және олардың қыс- қаша сипаттары төмендегідей:

  1. ...жәрдем ет, ән ecu... деғен күрделі етістіктер (есім мен көмекші етістік) тек семантика жағынан ғана емес, күрделі етістің грамматикалануыиа, демек, етістіктің барлық грамматнкалық (морфологпялық, синтаксистік) парадигмаларын жасауға жэне сол парадигмаларда кол- дануға таяныш болады (жәрием етеді, жәрдем етті, жәр- дем етсе игі еді, жәрдем еткісі келіп отыр, жәрдем етіп келеді, жәрдем еткен адам т. б.). Бүл үлгі бойынша жа- салатын күрделі етістіктің лексикалық мағынасына бі- рінші компонент (есім) негіз болса, екінші компонент (кемекші етістік) сол есім сезді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді (жәрдем етжәрдемдес; ән саләндет), бірақ кемекші етістік қызмет жағынан жүрнаққа ұксас болғанымен, формасы мен мағынасы жағынан ешуақытта да оиыглен (жұрнакпен) тең түсе алмайды. Сөйтіп, күрделі етістіктің бұл формасы (үлгісі) сырткы түрпаты (құрамы) жағынан да, ішкі мазмүны (семантикасы) жағынан да құранды болып келеді. Осы себептен бұл үлгі бойынша жасалатын етістіктер күрделі қүранды етістік деп аталады (ағалық ет; үлгі ңыл; қа- был ал; ғалым бол; айғай сал; дем ал; бас и, жанжал шығар; бет ңой; серуен сал; естен тан; бас қатыр; зар қақ; жаңсы көр; еңбек сіңір т. б.).

  2. ...алып кел, ала кел, барып кел, бара кел, алып бар, ала бар, алып кет, ала кет, келіп кет, келе кет, жи- нап ал, сұрап ал тәрізді жеке-жеке тіркестерді алсак, олардың әрбір компонентінде өзді-езінше дербес лекси- калык мағына бар және әрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем емес, бір-бірімен парапар я тең түседі. Күрделі етістіктің бұл түріне тән әрбір тіркестің лекси- калық мағынасы қүрамындағы екі компоненттің мағы- наларынан құралады. Мысалы, алып кел, алып бар, ке- ліп кет деген күрделі (құрама) етістіктерді талдап қарасақ, дәлме-дәл болмағанымен, шамамен айқында- ғанда, біріншісі ал да кел, екіншісі — ал да бар, үшініШ- сі — кел де кет деген үғымдарды білдіреді. Бірак, солаИ бола тұрса да, барып кел, келіп кет етістіктерінің компо- ненттері, тарихи түрғыдан қарағанда, әуел-баста сөйлеМ- нің жеке-жеке мүшесі болғандарымен, кейінгі замандар'

238

да бөлшектенбейтін бір күрделі мүше болып қолданылу нәтижесінде, күрделі етістік ретінде жүмсалатын болып калыптасқан. Күрделі етістіктердің езге топтарынан ажкрату үшін, бұл топты шартты түрде құрама күрделі етістік
немесе жай күрделі етістік деп атауға болады. Етістіктің еркін тіркесінен жай күрделі етістікті ажыра- туда кандай қиыншылық ұшыраса, жай күрделі етістік- тен сараламалы (аналитикалық) етістікті ажыратуда да сондай киыншылык кездеседі. Олай болатын себебі — бұлардың сыртқы формаларында ешқандай дыбыстық я басқа айырмашылық болмайды (жоқ); езара түрлес, формалас келеді, ейткені олардын, шығу теркіні, тегі, та- биғаты бір; айырмашылықтары ішкі мазмүнында ғана, ал мазмұндары компоненттердің ара қатынастарыиа байлан.ысты болады (апар, әпер, әкел, әкет, түрегел). Сол сияқты айта сал, жаза түс, қарай кер... деген ана- лктикалық етістіктер екі етістіктің (етістік пен етіс- тіктің) тіркесінен күралған. Бұл үлгі бойынша жасала- тын аналитикалық етістіктІн. лексикалық мағынасына алғашқы етістік ғіегіз (жетекші) болады да, оған косы- латын кесемшенің жұрнағы (-а, -е, -й; -п, -ып, -іп) мен соңғы кемекші етістік селбесіп (мысалы: -а сал; -а түс; -й көр) алғашқы (жетекші) етістіктің мағынасын сара- лайтындай қосымша грамматикалық семантика (мән) күстейді, демек, -й сал... тәрізді кұрама формант грам- матикалық дәнекер есебінде жұмсаладьу Жетекші етістікке жамалатын грамматикалық семантиканы айт және айта сал, жаз және жаза түс, ңара және қарай көр деген жалаң және күрделі етістіктерді езара салыстыр- ғанда тез аңғаруға болады. <Сейтіп, бұл үлгі бойынша жасалатын етістіктердіц кұрамындағы кемекші компо- ненттері жетекші (негізгі) етістіктің лексикалық мағы- иасын өзгертпейді, тек оған айқындай түсетіндей қосым- Ша грамматикалық семантика жамайды. Осы себептен етістіктің бұл түрі аналитикалық етістіктер деп атала- ДЫ.^Сараламалы етістіктерді жасауға дәнекер болатын форманттар, әсіресе кемекші етістіктер түрлі-түрлі бо- лады.

  1. ...бетке шіркеу түсіре көрме; бойын аулаңқа сала береді; жүмған аузын ашпай қойды; місе тұтса игі еді; ^Үрек жалғап алдық; жігері ңұм бола жаздады... деген кҮрделі етістіктер — тұрақты тіркестер, яғни идиома- Іі^анған тіркестер. Бұлар (іштей) грамматикалық жа- рЫнан бөлшектенбейтіндей болып, лексика-семантика-

239

1


лық жағынан бір ғана негізгі мағынаны білдіретіндей болып орғіыккан бір бүтін түлға (единица) есебінде қолданылатын тұракты етістіктер, күрделі етістіктер ер- кін жүмсала беретіндіктен. күрделі етістіктердің жүйесі мен күрамы идиомаланған, лексикаланған күрделі то- бы деген атпен арнайы қаралады. Мысалы: опық жеді, тсіяқ жеді, қүр қалды, бас қойды, ауыз жаласты, аран тер болды, қырғи қабақ болды, бетке шіркеу сплды, жан алқымғсі алды, ауыз салды, көз салды, оісек көрбі, т. б.

Бүл аталған қүранды етістік, қүрама етістік және түрақты етістік деп аталатын күрделі етістіктермен қа- тар етістіктің аналитикалык етістіктер деп аталатын түрі де бар. Аналитикалық етістіктердің күрделі етіс- тіктерге қарағанда, компоненттерінің араларындағы байланыстары мен қатынастары өте күрделі болады Ол күрделіліктің сыры төменде «Аналитикалық етістіктер» дегенде айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет