Алтын ұям – ақ ордам!



бет5/10
Дата18.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#11791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ауылымызда түнгі уақытта кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу барысында «түнгі рейдтер» ұйымдастырылады. Сонымен қатар Сейфуллин селолық округінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Жумабаев А.М демалыс күндері рейд жасауда.

18.10.15 «Мен салауатты өмір сүремін» ұранымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Зайкенов С.Қ спорттық іс-шаралар ұйымдастырды. Жоғары сынып оқушылары және ұстаздармен волейбол жарысы өтті.

Мектеп психологы Сағиденова Л.О «Босқа уақыт өткізбе» тақырыбында 5-8 сынып оқушыларына дәріс оқып, бос уақыттарында спортпен және пайдалы істермен айналысқандары жөн туралы мағлұматтар берді.

Сейфуллин орта мектебінің жанынан ашылған «Балауса» шағын орталығында алтын күз мерекесі ұйымдастырылып өткізілді. Ата-аналар, ұстаздар мерекеміздің құрметті қонақтары болды. Балалар әуенмен ортаға шығып, өнерлерін көрсетті. «Көкөністер дауы» деген көріністі балалар рөлдерге бөлініп, келген қонақтарды қуанышқа бөледі. Шағын орталығымыздың ата-аналар төрайымы Жасауиева Анар мен Сергазина Жұлдыз аналарды ұйымдастырып, үш топқа бөліп, қиялдағы салаттар көрмесін жасады. Осы аудандық баспа арқылы ата-аналарға алғысымды айтамын. Балабақшамен осылай тығыз қарым –қатынаста болу бала үшін үлкен мәрте.



Асык апталығы Сейфуллин ОМ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет