12. Калий хлоратын қалай алады? Егер оны а) MnO2 катализаторы қатысында қыздырса; б) катализаторсыз орташа және қатты қыздырса, қандай заттар түзілетінін теңдеулер арқылы көрсету керек. 245 г калий хлоратын алу үшін K2Cr2O7 тұзының қандай массасы тұз қышқылымен әрекеттеседі? Жауабы: 588г.
14. Сілтімен әрекеттескенде а) перхлораттар мен хлораттар; б) хлориттер мен хлораттар беретін хлордың оксидтерін көрсетіп, реакция теңдеулерін жазу керек. Неге хлор оксидтері оттегі мен хлордың тікелей әрекеттесуінен алынбайды? (∆G оң ба, теріс пе?).
15. Қыздырғанда H5φO6 қалай айрылады? φ2O7 оксиді алынған ба? КОН қатысында хлор мен HφO3 әрекеттескендегі ортопериодат түзілу реакциясын жазу керек. HClO4 иодпен әрекеттескенде хлор және метаиод қышқылы түзіледі (теңдеуі), бұл қышқыл ары қарай ортоиод қышқылына айналады (теңдеуі).
16. Неге галогендерден тек иод көп негізді оттекті қышқыл түзе алады? Қай тұз – орто- не метаиодаттар – тұрақсыздау және қыздырғанда қопарылыспен айрылады?
17. Егер ток күші 12000А және токтың қолданылу коэффициенті 96% болса, 1т 70% NaClO3 ерітіндісінен NaClO4 алу үшін электролизді қанша уақыт жүргізу қажет (тотықтыру процесі)? Жауабы: 30,6 сағат.
19. 1,6л және 0,4М NaφO3 ерітіндісінен барлық иодты ығыстыру үшін неше грамм 20%-дық NaHSO3 ерітіндісі қажет? Реакция нәтижесінде NaHSO4 бөлінеді, реакцияға су қатысады. Жауабы: 832г.