«Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының (бірінші кезең) орындалуы туралы 2014 жылға есеп


Электрондық экономиканы қалыптастыру



бет8/14
Дата18.02.2017
өлшемі2,54 Mb.
#9812
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Электрондық экономиканы қалыптастыру

АКТ өнеркәсіпте

Мақсат: қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарында заманауи жоғары технологиялық өндірістерді құру үшін жағдайлар қамтамасыз ету

р\н

Нысанды көрсеткіштер/ индикаторлар атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Жауапты орындаушылар

2013 жылдың фактісі

2014 жылдың фактісі

2017 жылдың жоспары

года

Орындалуы туралы ақпарат

1.

Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру бойынша оқудан өткен өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыскерлерінің үлесі

%

ҰЭМ СК

ИДМ

1,4

1,8

70

«Кәсіпорындарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» (коды 0481104, индекс 3-ақпарат, жылдық кезеңділік)

2.

Өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемінде АКТ-ға жұмсалатын шығындарды арттыру

%

ҰЭМ СК

ИДМ

46,7

76,7

на 30% (относительно 2012 года)

«Кәсіпорындарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» (коды 0481104, индекс 3-ақпарат, жылдық кезеңділік)

3.

Кәсіпорындардың үлестік АКТ-бюджетін арттыру

%

ИДМ

ИДМ







на 30% по сравнению с 2012 годом

Мемлекеттік "Ақпараттық Қазақстан - 2020" бағдарламасының шегінде "бұлтты есептеуді", ИКТ-аутсорсингі және сұранымдарды шоғырлауды қолдануға өтуіне негізделген Қазақстан Республикасына ақпараттандырудың жаңа моделін енгізу жоспарлануда.

Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік секторға серверлерді виртуалдау технологиясын және "бұлтты есептеуді" енгізу басталды.

Осы технологияны енгізудің қорытындысы бюджеттің қаржыны шоғырландыру және үнемдеу, мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің тиімділігі болып саналады.

Сондай-ақ мелекеттік органдардың ИКТ-инфрақұрылымын қалыптастыру және басқару ИКТ-өнімдерін сатып алудан сұраным жасауға және ИКТ-сервистерін қолдануға өтудің жолымен жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде мемлекеттік органдарға ИКТ-сервисі түріндегі ЕЭПС РК, ЕИСТО және Е-нотариат өнімдері енгізілді.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде МО-дың аутсорсингке болашақтағы өтуі кәсіпорындардың ИКТ-бюджетінің ұлғаюына әкеледі және ИКТ-сервисін ұсынғаннан қосымша пайда түсіру үшін жағдай жасайды.



4.

Инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі

%

ҰЭМ СК

ИДМ

8




5

"Инновация қызметі туралы есеп" (0491104 коды, 1-инновация индексі, жылдық оралымдық).

2015 жылдың Статистикалық жұмысының жоспарына сәйкес берілген индикатор бойынша 2014 жылдың деректері 2015 жылдың 15 мамырында ұсынылады.



5.

Өнеркәсіп кәсіпорындары жөнелткен өнім көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесі

%

ҰЭМ СК

ИДМ

0,02




10

"Инновация қызметі туралы есеп" (0491104 коды, 1-инновация индексі, жылдық оралымдық).

2015 жылдың Статистикалық жұмысының жоспарына сәйкес берілген индикатор бойынша 2014 жылдың деректері 2015 жылдың 15 мамырында ұсынылады.



р/н

Нысанды көрсеткіштер/ индикаторлар атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

Қаржыландыру (мың теңге)

ББ коды

Жоспар, мың теңге

Факт, мың теңге

тенге

Орындалуы туралы ақпарат

176.

Өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыскерлерінің компьютерлік сауаттылығы деңгейін арттыру

есеп

ИДМ, ЖАО, өнеркәсіп кәсіпорындары (келісім бойынша)

жыл сайын 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді










Орындауда (жыл сайын).

2014 жылы Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында882677 дербес компьютерлер пайдаланылды, оның ішінде жергілікті есептеу техникасына қосылғаны 709453 (80,4%), Интернет желісіне - 584206 (66,2%). Оның ішіндегі АТ мамандарының саны 29595 адам.

Компьютерлік білімі бар кәсіпорын қызметкерлерінің саны 1316631 адам. Оның ішінде компьютерлік білім бойынша білім алғаны – 71219 адам.

Ақпараттық-коммуникация технологияларына ұйым шығындарының негізгі бабы есептеу техникасын (32,3%) алуға, Интернет байланыстарының қызмет (20%) көрсетуінің төлемдеріне жұмсалды. Қаржыландырудың негізгі көзі шығындардың 86,9% жапқан ұйымның меншікті қаражаты болып табылады.

Осы жұмыс жалғастырылуда.


177.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының АКТ инфрақұрылымын дамыту

есеп

ИДМ, салалық қауымдастықтар, өнеркәсіп кәсіпорындары (келісім бойынша)

жыл сайын 4-тоқсан

өнеркәсіп кәсіпорындарының меншікті қаражаты









Орындауда (жыл сайын).

Қазіргі кезде өндірістік кәсіпорындар өздерінің әкімшіліктік және өндірістік объектілерінде ИКТ инфрақұрылымын өздігімен және белсенді түрде дамытуда. Көбінесе ең жаңа ақпараттық жүйелер енгізіліп, «Қазақтелеком» АҚ-нан кәсіпорынның объектісіне дейін талшықты-оптикалық желілер салынып жатыр. Интернет желілеріне кірудің жылдамдығы (100 Мбит/сек) қамтамасыз етіліп жатыр. Сонымен қатар, өндірістік кәсіпорындар цехтарының арасында қорландырылуымен қоса талшықты-оптикалық байланысы арқылы байланыс жолдары құрылуда.

Сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындар ИКТ инфрақұрылымын дамыту мақсатында өз бетімен жаңаруда. Жаңартылған күштілігі бар ең жаңа есептеу техникасын ( coreduo, сorequad - процессорлары және т.б.) және бағдарламалық қамсыздандыруларды (Windows 8 және 7, MicrosoftOffice 2010, Sanna, құбылнама - V13 кестесі) және антивирустарды KasperskyInternetSecurity және Kaspersky антивирус 2014 сатып алуы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, өндірістік кәсіпорындарында ИКТ инфрақұрылымын дамытуға қосымша қаржылар қарастырылған. Мысалыға, "КВК" ЖШС 2014 жылы сымды жергілікті-есептеу желілерін сымсызға айрбастады. «Ақтөбе хромдық бірігулер зауыты» 2014-2015 жылдары бейнеқадағалау жүйелерін және Технологиялық процестерді бақылаудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) енгізуді жоспарлап отыр.



179.

Өнеркәсіп кәсіпорындары объектілерінің агрегаттары мен тораптарының жай-күйін БҒМиторингтеу үшін телеметрикалық датчиктер мен геоақпараттық жүйелерді пайдалану

есеп

ИДМ, мүдделі МО, ЖАО, өнеркәсіп кәсіпорындары (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

жыл сайын 4-тоқсан

өнеркәсіп кәсіпорындарының меншікті қаражаты










Орындауда (жыл сайын).

Қазіргі уақытта өндірістік кәсіпорындар объектілерінің жұмыстарында агрегаттар мен түйіндердің жағдайына мониторинг жасап отыратын түрлі ақпараттық жүйелер кең қолданылып келеді. Осы мақсаттарда 2014 жылы 10 990 серверлік бөлмелер пайдаланылды, серверлік жабдықтың 82 042 бірлігі, оның ішінде 25 313 сервер, 2 664 бейнесервер, үзіліссіз қоректендірудің 36 787 көзі, деректерді сақтаудың 5 512 жүйесі, 5 026 жіңішке клиент, 6 740 арнайы корпус немесе шкаф пайдаланылды.

2014 жылы кәсіпорындар ИКТ-ның техникалық жабдықтауына 187 292 078,9 мың теңге жұмсалды, соның ішінде есептеу техникасын алуға 60 554 635,8 мың теңге, бағдарламалық құралдарды алуға 27 034 069,7 мың теңге, меншікті ақпараттық жүйелерін құруға -1 189 317,6 мың теңге, меншікті ақпараттық жүйелерге қызмет көрсетуге - 6 903 200,4 мың теңге, ұйым ішінде БҚ өздігімен әзірлеуге - 1 667 387,5 мың теңге, Интернет байланысы қызметінің төлемі - 37 397 170,0 мың теңге.

Осы жұмыс жалғастырылуда.



180.

Адам денсаулығына және өміріне қауіптілігі жоғары деңгейдегі барлық өнеркәсіптік процестерді роботтандыру

есеп

ИДМ, салалық қауымдастықтар, өнеркәсіп кәсіпорындары (келісім бойынша)

жыл сайын 4-тоқсан

өнеркәсіп кәсіпорындарының меншікті қаражаты









Орындауда (жыл сайын).

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсіптік кәсіпорындар және ассоциациялармен бірлесіп адам денсаулығына және өміріне деген қауіптің жоғары деңгейіндегі өндірістік процестерді роботтау мәселелері тексерілуде.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың көбі, оның ішінде «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ "Siemens", "Аltiver" және "Sew-eurodrive" сияқты қазіргі бақылаушы және көметесуші электронды блоктар негізінде жұмыс жасайтын сандық бағдарламалық басқарумен қамсыздандырылған.

Адам денсаулығына және өміріне деген қауіптің жоғары деңгейіндегі процестерді роботтау мақсатында «ТЫНЫС» АҚ-да барлық өндірістік процестері толық автоматталған газифиациялық модел бойынша құю өндірісінің цехы құрылды.

Ақсудың ферроқорытпа зауытында «Қазхром»Трансұлттық компания» АҚ филиалында жұмыскерлер үшін тәуекелдікті барынша төмендететін ферроқорытпа пештерінің «ленталы саңылауының» ашылып және жабылып тұруына машиналар сатып алынуды және енгізілуде. Сонымен қатар, индустриалдау картасының шегінде Ақсудың ферроқорытпа зауытында «Қазхром»Трансұлттық компания» АҚ филиалында қол еңбегі қысқартылған феррохромның жоғарыкөміртектілігін өндіруге бағытталған №4 цехын пайдаланымға беру үшін іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік процестердің көбі автоматтандырылған және адамның қатысынсыз жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік демеу туралы» заңына сәйкес «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ «Машина жасау» және «Инфокоммуникациялық технологиялар», сондай-ақ адам денсаулығына және өміріне деген қауіптің жоғары деңгейіндегі өндірістік процестерді роботтау бойынша бағыттардың инновациялық гранттарын ұсынуды жүзеге асырады. Осы бағыт бойынша келесі жобаларға демеу берілді:



  • «Алтыналмас» АК» АҚ – басқару жүйесін интергациялауға мүмкіндік беретін технологияларды әзірлеу;

  • «Цин-Қаз» ЖШС – қызанақ өнімін шығару бойынша бар технологиялық желілерді автоматтандыру және модернизациялау;

  • «Қ.С. Сәтпаев атындағы геология ғылымдарының институты» ЖШС барлаудың жеделдетілген әдістерін және түрлі морфологиялық түрдегі ұсақтау жыныстардан алтынды толығымен алудың технологияларын әзірлеу.

Сонымен бірге, өндірістік процестерді роботтау қымбат тұратын шара болып табылады және осыған байланысты кәсіпорындарды көбі қажетті қаржылық қаражаты жоқ.

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.



181.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының технологиялық және ішкі процестерін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу

есеп

ИДМ, салалық қауымдастықтар, өнеркәсіп кәсіпорындары (келісім бойынша)

жыл сайын 4-тоқсан

өнеркәсіп кәсіпорындарының меншікті қаражаты









Орындауда(жыл сайын).

Өндірістік кәсіпорындарға технологиясы және ішкі процестеріне автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу шегінде өндірістік кәсіпорындардың көбі сандық бағдарламалық басқармамен, қазіргі заманғы котроллерлер және Siemens altiver және sew - eurodrive сияқты жәрдемші электрондық блоктармен қамсыздандырылған.

Мысалыға, сондай кәсіпорындарға «ТЫНЫС» АҚ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ жатқызуға болады.

Сондай-ақ отандық кәсіпорындарда, оның ішінде «ТЫНЫС» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ, «Ютарияltd» өндірістік инновациялық компания» кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін көруге қолданылатын 1С платформасындағы басқарудың Копоративтік-ақпараттық жүйесі енгізілген.

ИКТ инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және өндірістік кәсіпорындардың технологиялық және ішкі процестерін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу мақсатында «Өндіруші 2020» бағдарламасының шегінде мемлекеттік демеу көрсету жүзеге асырылады.


182.

Отандық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен тығыз өзара іс-қимыл жасау арқылы өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамыту

есеп

ИДМ, БҒМ, салалық қауымдастықтар, өнеркәсіп кәсіпорындары (келісім бойынша)

жыл сайын 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді









Орындауда (жыл сайын).

Отандық ғылыми-зерттеу ұйымдары және жоғары оқу орындарымен тығыз өзара қызмет жасау жолымен өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық қызметін дамыту шегінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 2014 жылы келесі жұмыстар жүргізді:



  • Техникалық болжам жасау бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу шегінде салалар қиығындағы Қазақстанның 359 ірі кәсіпорындары анықталған қорытындылар бойынша бірлескен жылдық кірісі 2 млрд. теңгеден асатын бизнес кәсіпорындарының әлеуетті ортасын сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

  • Технологиялық болжам процесі қатысушыларының ғылыми әлеуетін анықтау бойынша жұмыстар жүргізу шегінде Қазақстан Республикасының ҒЗИ және ЖОО-ның анағұрлым келешегі бар технологиялық өңдеудің және кадрлық потенциалының төлқұжаттары бойынша ақпарат жинау мақсатында Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттары және жоғары оқу орындарында пікіртерім жүзеге асырылды.

  • Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша әзірлеушілердің байланыс деректері көрсетілген анақұрлым келешегі бар өңдеулердің 550 төлқұжат енгізілген отандық ғылымның базасы құрылды. Осы технологиялық өңдеулердің базасы 19 тақырыпқа бөлінген және олардың коммерциялануы және инновациялық гранттардың шегінде келешекті қаржыландырылуы мүмкіндіктерін қарау үшін кәсіпорындарға жіберілді.

  • Көсетілген ірі кәсіпорындардың мекен-жайларына без жылдық кезеңде мемлекеттің қаржылық демеуі талап етілетін технологиялық міндеттерін және кәсіпорынның бастапқылық инновациялық жобаларын ұсыну туралы сұраным жіберілді.

  • Шешімдеріне мемлекеттік демеудің шаралары мен құралдары жіберілетін секторларының кескінінде бизнестің технологиялық міндеттерін анықтаудың сұрақтарын сапалы пысықтау мақсатында өндіріс салаларының кескініндегі алтыкүндік дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

  • алтыкүндіктің "дөңгелек үстелдің" жұмысына шетел жетекші жоғары оқу орындары және олардың мекемелері базасында инженерлік-техникалық қызметкерлерінің тағылымдамасының бағдарламалары шегінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, «Қазақстанның индустрияның дамыту институты» АҚ, «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасының ұлттық орталығы» АҚ, «Тау-кен және тау-металлургиялық кәсіпорындарынң ассоциациясы» ЗТО, «Қазақстанның энергетикалық саласының ассоциациясы» ЗТО және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (ХБО) өкілдері белсенді қатысты.

Салалар кесікініндегі «дөңгелек үстел» жұмысының барысында келесі мәселелер қаралды:

  1. Салалар кескінінде КИСТЭП әдісінің негізінде 2019 жылға дейін ғылыми-техникалық міндеттер мен артықшылықтарын анықтау;

  2. мемлекеттік демеу шарасын, оның ішінде инновациялық гранттарды қаржыландыру механизмін, ОЖП түріндегі қолданбалы зерттеулердің гранттарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттарын талқылау және мемлекет дамуының көпуақытты ғылыми және инновациялық саясатын дамыту арқылы келешегі бар ғылым және технологияны, сонымен қатар, «ХБО» АҚ техникалық мамандықтарының тағылымдамаларының гранттарын анықтау;

  3. Салалық тақырыптарға сәйкес бизнес өкілдерінің қолданбалы ғылыми зерттеулерін ұсыну.

Ірі бизнес кәсіпорындарының өкілдерімен өткізілген «доөңгелек үстел» жұмысының қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген өнеркәсіп секторының әрбіреуі бойынша технологиялық міндеттер анықталды. «ТДҰА» АҚ секторлар бойынша тартылған сарапшылармен бірлесіп гранттық қаржыландыру бағдарламалары бойынша ғылыми және өнеркәсіптік зерттеулер шегінде бизнестің анықталған технологиялық міндеттерін орындаудың талдауы және құрылымдауы бойынша жұмыс жалғастырылды.

183.

Өнеркәсіп кәсіпорындарын өндірістік процесте энергияны, ресурстарды үнемдейтін, «жасыл» және АКТ-ны енгізуге ынталандыру

есеп

ИДМ, салалық қауымдастықтар, өнеркәсіп кәсіпорындары (келісім бойынша)

жыл сайын 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді









Орындауда (жыл сайын).

Қазақстан Республикасының «Қуатты үнемдеу және энергияның тиімділігі туралы» Заңның негізгі механизмі болып энергия қорларының ірі тұтынушыларынан және оларға энергия аудитін жүргізуден тұратын Мемлекеттік энергетикалық тізілім болып табылады.

11 781 мекеме, оның ішінде 7 823 мемлекеттік мекеме, 3580 квазимемлекеттік кәсіпорын және 378 заңды тұлға мемлекеттік энергетикалық тізілімінің субъектілері болып табылады.

Мемлекеттік энергетикалық тізілімінің субъектілері жүргізілген энергетикалық аудиттің негізінде қуатты үнемдеудің бесжылдық жоспарын әзірлейді және орындайды, құрылғыларды, технологиялық процестерді және міндеттерді жетілдіреді, сонымен қатар, жаңа технологиялар мен энергия менеджменті жүйесін енгізеді.

Қазақстан Республикасының «Қуатты үнемдеу және энергияның тиімділігі туралы» Заңымен энергия сервисінің келісім-шартының механизмін енгізуді қарастыратын өзгерістер енгізілді.

Энергия сервисінің келісім-шарты халықаралық мойындалған энергия тиімділігі жобаларын қаржыландыру механизмі болып табылады және қуат үнемдеуін ынталандыруға мүмкіндік беретін және осы сфераға инвестициялар тартады, сондай-ақ нарыққа шетел энергия сервистерінің компанияларын, қаржы ресурстарын, білімді тартады және технологиялардың трансфертін қамтамасыз етеді.



184.

Өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнімдерді Интернет арқылы сатудың жаңа схемаларын дамыту және енгізу

есеп

ИДМ, ҰЭМ, өнеркәсіп кәсіпорындары (келісім бойынша)

жыл сайын 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді









Орындауда (жыл сайын).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша ұлттық нарыққа тауарлар және қызмет көрсетулерді жылжыту үшін ТМД мемлекеттері-қатысушыларымен ақпараттық-маркетингтік орталықтардың мемлекетаралық желілерін қолдану мен дамытуын құру туралы шешімінің шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы №1136 қаулысымен 2012 жылдан бері «Қазақстан Республикасының электронды ақпараттық-маркетингтік орталық» (бұдан әрі-ҚР АМО) ақпараттық жүйесі жұмыс жасауда.

ҚР АМО ТМД кеңістігінде ақпараттық-маркетингтік орталықтардың мемлекетаралық желілерін құрудың негізгі принциптерін жүзеге асырады, оның ішінде, бизнес-құрылымдарына ТМД мемлекеттері-қатысушыларының нарығы және саудасының ерекшеліктері туралы ақпаратқа тікелей кіруді қамтамасыз етеді.

ҚР АМО Белорусия Республикасының ұқсас ақпараттық жүйесімен интегралданған және қазақстандық кәсіпорындардың ұсынып отырған тауарлары туралы ақпарат белорусстық АМО қолданушылар үшін де кіруге мүмкіндік туды. Осыған сәйкес ҚР АМО сайтында Белорусия тауарлары туралы мәлімет толық көлемде ұсынылған.

Тіркелген әрбір пайдаланушы (тауар өндіруші, сонымен қатар өндірістік кәсіпорындар) серіктес іздеу, басқа пайдаланушылармен хат жазысу, компания туралы жарнамалық және коммерциялық ақпаратты енгізу, кәсіпорынның маркетингтік қызметінің автоматтандыруының басқа да функционалын жүргізу үшін «сайт астын» құра алады.

ҚР АМО келшектегі дамытылуы жоспарлануда, сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, ұйымдары мен даму институттарының ақпараттық базаларымен ҚР АМО сайтының ақпараттық қорларын, сондай-ақ басқа ТМД мемлекеттері-қатысушыларының ұқсас ақпараттық-маркетингтік орталықтарының ақпараттық қорларын интеграциялау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сауда қызметін ретту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жобасының шегінде электрондық сауданы жетілдіруге бағытталған түзетулер қарастырылған.

Атап айтқанда, «электрондық сауда» және «электрондық сауданың қатысушылары» ұғымдары, электрондық сауданы жүзеге асырудың тәртібін регламенттеу, енгізілуде, сондай-ақ жұмыстар, қызмет көрсетулер, жеке кәспкерлер субъектілерінің тауарларды жөнелтуін фактілі тұрде орындаусыз телекоммуникация желілерінде мәміле жасаудың әкімшіліктік жауапкершілігі енгізілуде. Сонымен қатар, электрондық сауда жүргізу кезінде өзі туралы ақпарат ұсыну бөлігінде сатушының міндеттері енгізілуде.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет