138
Балалар үйлерінің жазғы егісі үшін Халық ағарту комиссари-
аты (14600 гектарға жететін) тұқым берілетін қылған.
Балалар
үйлерін басқарып меңгеріп отырғандардың бір зор міндеті осы
жазғы егіс жоспарын толық орындап шығу.
Жергілікті жерлердің берген мәліметіне қарағанда балалар
үйлері балалар, оқуға мына түрде тартылып отыр
Облыстардың аттары
Мектеп
жасындағы
балалар саны
Оқуға
тартылғандар
саны
%%
есебімен
Алматы
қаласы
2215
2313
99,0
Алматы облысы
7038
6355
90,0
Ақтөбе
5764
5384
76,0
Күн Шығыс Қазақстан 8531
5671
66,6
Күн батыс
2674
2630
98,0
Қарағанды облысы
9204
8376
91,0
Оңтүстік Қазақстан
10177
9460
92,0
Барлығы
45603
39092
85,4
Оқу жұмысына тиісінше көңіл бөлінбегендіктен, оқу жасын-
дағы баларлар оқуға тегіс тартылмай отыр. Тексеру мәліметтеріне
қарағанда балалар үйлерінде оқу сапасы да кем,
мұғалімдері
жетіспейді.
Балалар үйінде – тәрбие аса маңызды орын ұстайды.
Бұл жөнде балалар үйлері төрт аяғынан бірдей ақсап отыр. Се-
бебі тәрбиешілері сұрыпталмаған, көбінің білімі, тәжірибесі жоқ,
алғашқы кезде кім болса сол тәрбиеші болған. Балалар үйлеріне
коммунистік тәрбиенің не екенін жақсы білетін адамдар керек. Өзі
тәрбие жолын білмеген жас өспірімді қалай тәрбие етеді?
Балалар үйлерінің қазіргі негізгі мақсаты есебінде мына
мәселелерді көрсетеміз:
Балалар үйінің басқару, тәрбие жұмысын жолға қою мақсатында
қазіргі күнде – қызмет атқарып жүрген адамдардың арасына табы
пиғылы жағынан тексеру жүргізіп олардың арасындағы орындай-
тын жарамсыз табы жат адамдар аластау.
Балалар үйлерінің бүгін таңда орындайтын міндеттеріне мы-
налар кіреді:
а) балалар үйлерінің қызметшілері тез арада сұрыпталсын,
жарамайтындары алыстап шығарылып, олардың орнына жас
139
өспірімдер арасында коммунистік тәрбиені дұрыс жүргізе алатын
таңдамалы
қызметкерлер берілсін;
б) балалар үйлерінде қоғамдық-көпшілік жұмысты дұрыс жолға
қою сол жұмыстарды оқу-тәрбие жұмыстарына бағындыру;
с) балалар үйлері шаруашылығын нығайтып өркендету;
д) оқуға тартылғандар арасында оқу сапасын көтеру;
е) балалар үйлерінің меңгерушілері істеген жұмыстарынан
уақытында
есеп беріп тұратын болсын;
м) балалар үйі шын тәрбие ошағы болсын, бұл үшін тәрбие
жұмысы нағыз коммунистік жолға қойылсын.
Ауыл мұғалімі. 1934 ж. №6. 7-9 бб.
Достарыңызбен бөлісу: