Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет89/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Білім саласы
: Таным
Білім бөлімі
: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы
: Жабайы жануарлар өмірі 
Мақсаты
: Балалардың 
жабайы
аңдар туралы түсініктерін кеңейту,аңдарды бір-бірінен ажыратуға уйрету. 
Жабайы аңдардың қалай аталатындығымен таныстыру .Жұмбақтар шешу арқылы ойлау қиялдау қабілеттерін арттыру . 
Тақпақты жатқа айта білуге үйрету.Аңдарды қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері
: түсіндіру сұрақ жауап,әңгімелеу.
Құрал жабдықтар
: зообақтың макеті,ТСО жабайы жануарлардың суреттері.
Ұйымдастыру іс-әрекет түрі
:саяхат сабақ 
Шаттық шеңбері
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз 
Ренжісуді білмейміз 
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым 
Арайлап атқан әр күнге 
Балалар орындыққа отырады сұрақтар қойылады .
-Балалар табиғат дегеніміз не?
Табиғат біздің қоршаған ортамыз.
-Табиғат нешеге болінеді? 
Жанды және жансыз болып екіге бөлінеді.
71


-Жансыз табиғатқа нелер жатады?
Тау,тас,ауа,ғаламшар жатады.
-Жанды табиғатқа нелер жатады.
Орман жануарлар
-Балалар жануарлар нешеге болінеді?
Үй жануарлары, жабайы жануарлар. 
Үй жануарларына қандай жануарлар жатады.
Қой,ешкі,сиыр, ит, мысық, т.б.
Теледидардан жабайы жануардың өмірімен танысамыз.
-Балалар теледидардан қандай жабайы жануарларды көрдіңдер?
Аю,арыстан,жолбарыс, керік,қасқыр,тулкі, буғы,т.б.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жабайы жануарлардың өмірімен танысатын боламыз.
Орманға барып кез- келген жабайы жануарларды көре аламыз.
-Біз тағы жабайы жануарларды қай жерден көруімізге болады?
-Хайуанаттар бағында 
Ендеше балалар хайуанаттар бағына өлең айтып барайықшы жолымызды жақын етеді.
Қорбаң-қорбаң, қорбаңбай 
Аю жүрер қорбаңдай 
Түлкі жүрер сұлаңдап 
Әдемі құйрығын бұлаңдап
Қорқақ қоян сұр қоян
Ытқып-ытқып секірді
Көкжал қасқыр ұлыйды У...у...у...у
Ауыл маңын ториды Р...р...р...р
Балалар өлең шумақты айтып хайуанаттар бағына да, жетеді.
Міне хайуанаттар бағына да, жетіп келдік,хайуанаттар бағына кіру үшін бізге не керек? Руқсат керек.
Кассир: 
Хайуанаттар бағына кіру үшін менің тапсырмамды орындаңдар.Балалар менің екі тапсырмам бар еді, соны 
орындап берсеңдер хайуанаттар бағына кіресіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет