байланысын қамтамасыз етуді, ақпарат өңделуінің заманауи тәсілдерін қолдануды, педагогикалық үдерістің бүтіндей
үлгісін түзу мен талқылау үшін бейнежазбаларды қолдану қарастырылады.
Бақылау бағдарламалары студенттердің сабақтарға дайындық, спорттық-педагогикалық
сабақтарға қызығушылық
таныту, жаттықтырушының кәсіби-педагогикалық қызметіне - қызығушылық таныту, сондай-ақ, кәсіби қарым-қатынасқа
талпыныс сияқты оқу-танымдылық және оқу-тәжірибелік қызметіндегі белсенділігін зерттеуді қарастырады.
Бұл бірінші курс студенттеріне жүргізілген зерттеулер болатын. Бұл зерттеулердің мақсаты оқуға түскен талапкерлердің
өз мамандығын қаншалықты ұнататынын сонымен қатар спортқа деген қызығушылығы мен білімінің жан-жақтылығын
тексеру болды. Қазіргі уақытта дене тәрбиесі мамандарын жан-жақты біліммен қамтамасыз ету қоғамның алда тұрған
міндеттерінің бірі болып табылады. Көпшілік студенттердің спорттық жетістіктері мол болғанымен ақпараттық білімі
жағынан кешеуілдеп қалатыны сөзсіз. Сол себепті жас мамандарды тек спорттық жетістікпен ғана емес сонымен бірге күші
мен білімі тең болатындай етіп тәрбиелеу. Жүргізілген бақылаулармен қатар, оқушылардың психологиялық-педагогикалық
теорияны, оқу дәлелдемелері мен шынығу мүдделерін айқындау мақсатымен оларға ауызша және жазбаша сұрақтар
қойылды.
Сауалнама жүргізу кезінде бірқатар сұрақтар қойылды, атап айтқанда: «Сіз спорттық-педагогикалық пәндерді өзіңізге
оқу қажет деп есептейсіз бе? (иә, жоқ, не үшін?)»; «Сіздің Дене шынықтыру педагогикасы және таңдап алған спорт түрі
бойынша теориялық біліміңіз болашақ тәжірибелік жұмысыңызда қажет бола ма? (иә, жоқ, қандай?)»; «Мен орта білімнен
не күтемін?» және т.б. Бұдан басқа, бірінші курс оқушылары «Мен неге дене тәрбиесі мамандығын таңдадым?»
тақырыбына қысқаша шығарма жазды. Оны жазар алдында, пікірлерін ашық түрде жазу, тіпті аты-жөнін,
көрсету не
көрсетпеу таңдаулығы (жасырын жұмыстар бірен-саран ғана болды) ұсынылды.Оқушы-спортшылардың жазған
шығармаларының сараптамасы олардың кәсіби таңдауларының дәлелдемелерін (оқытушылық-бапкерлік қызметке
қызығушылық, балалармен жұмыс істеуге деген құлшыныс, спорттық табыс, білім алу және т.б.) анықтауға мүмкіндік берді.
«Менің сүйікті бапкерім» немесе «Шынайы бапкер дегенді мен қалай түсінемін» (таңдауы бойынша) деген тақырыптарға
жазылған шығармашылық жұмыстар педагогикалық қызметтің құндылықтары мен ерекшеліктерін, бапкерлерге қойылатын
кәсіби талаптарды ұғынуды айқындауға мүмкіндік берді.
Іс-әрекет өнімдерінің сараптамасы педагогикалық практика қорытындысы бойынша есеп беру құжаттарын, оқушылар
дайындаған баяндама және реферат тақырыптарын, шығармашылық жұмыстарды, оқу күнделіктерін зерттеу негізінде
жүргізілді. Бұл құжаттар оқушылардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің қалыптасқандығын қабылданған көрсеткіштерге
(педагогикалық бағыттылық, субъективті ұстаным, әдістемелік түйсіну, рефлексия, педагогикалық операцияларды меңгеру)
сай зерттеу үшін кең ауқымды, қажетті материал болды.Зерттеуге қатысқан оқушылардың біршама бөлігінің кәсіби таңдау
дәлелдемелері спорттық-педагогикалық қызмет саласынан тысқары қалып қойды. Орта кәсіби білім алу бірінші курс
оқушыларының 28,0% жетістік (басымдылық) болды. Оқушылардың көпшілігі спорттық колледжде білім алуды таңдаған
себептерін спортпен белсенді шұғылдануымен түсіндірді, оны не спорттық жетістіктерін жалғастырумен (22,7%), не
бапкрелік қызметпен (44,0%)байланыстырды. Бірінші курстықтардың 5,3% өздерін таңдап алған спорт түрлері бойынша
болашақ бапкер-оқытушы ретінде көре білді. Кәсіби-педагогикалық қызметке бағдарлануды дамыту дене тәрбиесі
мұғалімі әрі таңдаған спорт түрінің жаттықтырушылығына кәсіби-педагогикалық дайындаудың
басты міндеті болып
табылады. Кәсіби таңдаулықтың саналы жүргізілуі жеке тұлғаның кәсіби-педагогикалық мәдениетінің ажырамас бөлігі
болып табылатын, педагогтың субъективті ұстанымын қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылады.Бірінші курс
оқушыларының алғашқы болжам сатысындағы спорттық-педагогикалық теорияны оқуға деген көзқарасытәжірибелік
қызметке түрлендірудің негізі болып табылады, онсыз жаттықтырушының кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастыру
мүмкін емес. Алынғанмәліметтер жаттықтырушының кәсіби-педагогикалық дайындығын, оның теориялық және
практикалық құрамдас бөлімдерінің бірлестігі негізінде жетілдіруге бағытталған педагогикалық іс-шаралар жүйесін түзуге
себепші болды.
Жаттықтырушыны кәсіби-педагогикалық дайындаудың ұйымдастырылуын оның теориялық және тәжірибелік құрамдас
бөлімдері бірлестігі негізінде жетілдіру. Осы мақсаттазерттеу барысындастуденттердің машықтық жұмыстарының
нәтижелері зерттеліп бақыланып отырылды. Зерттеу барысында зтуденттердің теориялық алынған білімдерін машық
барысында қолдана білуі мен түрлі ситуациялық жағдайлардан шыға білуі өзінің алға қойған проблемалық міндеттерінің
шешілуі деп білемін. Оқу үрдісінде өзара бірлескен яғни айтқанда бір-бірімен тығыз
байланыстағы пәндерден алған
білімдерін шынайы өмірде қолдана білсе бұл болашақ маманның үлкен жетістігі деп білуге болады. Айта кетер болсақ
мысалы, емдік дене шынықтыру және массаж, физиология, биомеханика,биохимия, спортметрология пәндерінен алынған
білімдерін білім беру үрдісінде жақсы қолдана білсе бұл маманның үлкен жетістігі деп білуге болады. Себебі, уақыт ағамы
көрсетіп отырғандай қазіргі уақытта мектеп оқушыларының 50 пайызының денсаулығында түрлі ақаулықтардың бар екені
туралы ақпараттар кеңінен таралуда. Айта кетер болсақ шығыс қазақстан өңірі бойынша әскерге шақырылушы жастардың
100 шақырылушының 1 жарамды болса,батыс өңірі бойынша 100 шақырылушының 10 жарамды болтыны ақпарат
беттерінен жарық көрді. Міне осындай жағдайларды болдырмас үшін біздің еліміздің мамандары дені сау жан-жақты
шыныққан білімді азаматтар болуы керек.Ол оқушы-спортшының ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытуға, олардың
педагогика, психология, дене шынқтыру әдістемесі, физиология және спорттық пәндер саласындағы өз бетінше жүргізетін
зерттеу жұмыстарының тәсілдерін меңгеруге бағытталған.
Аталған пәндерді білім үрдісінде болашақ мамандарға тереңдете оқытса спорттық маңызды мәселе төңірегіне түрлі
шешімдер топтастырылады. Болашақ мамандарды өзара байланысқа дайындауға, педагогикалық қарым-қатынас пен
оқушы-спортшыға адами көзқарас қалыптастыруға біздер ерекше көңіл бөлдік. Оқушыларды педагогикалық қарым-қатынас
техникасына үйрету олардың жалпылама адами құндылықтарды және дене шынықтыру мен спорт құндылықтарын
ұғынуына бағдарланған теориялық дайындығымен тығыз байланыста жүзеге асырылды.
Жүргізілген зерттеулер барысында колледжде спорттық-педагогикалық пәндер бойынша сабақтарды ұйымдастырудың
дидактикалы жүйесі жасалынды. Ол оқушылардың бойында педагогикалық қарым-қатынас, құрастыру, оқыту-шынықтыру
сабақтарын талдау және өзіндік талдау операцияларын микро білім беру негізінде қалыптастыру. Білім берудің бұл әдісі
бейнежазбаны қолданудан, интерактивті тақталармен жұмыстануды, сондай-ақ, арнайы түзілген талдауға үйретуге, оқыту-
шынықтыру үдерісінің түрлерін жобалауға, түзетуге арналған әдістемелік жиынтық негізінде жүргізіледі.
70
Қолданылған әдістемелік жиынтық арнайы таңдалып алынған, әртүрлі оқу-шынықтыру сабақтар мен тәрбиелеу іс-
шараларының бейнежазбаларынан; аудиториялық сабақтарда сараптама жүргізуге арналған сабақтар талдануының үлгілері
мен жоспарларынан, түрлі тәжірибелік іс-шаралардан, сабақ және оқыту-шынықтыру, жаппай-спорттық іс-шаралардың
конспектілерінен тұрады.
Сабақтар мен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарды құрастыруға дайындық әртүрлі оқу орындарының үлгілері
мен жоспарларынан тұратын арнайы түзілген әдістемелік нұсқаманың негізінде жүзеге асырылды. Тәжірибелік білім
берудің жасалған бағдарламасы дәріс, семинар, лабораториялық-тәжірибелік аудиториялық оқыту-шынықтыру
сабақтарынан және педагогикалық практикадан тұрады. Дәрісте колледж оқушылары педагогика, дене тәрбиесінің
теориясының негіздерімен танысады. Одан соң, теоряның негізгі жайттары семинар сабақтарында талқыланады.
Лабораториялық-тәжірибелік сабақтар шынайы спорттық-педагогикалық үдерістің кешендеп үйрету көмегімен
талқылануына, құрастырылуына және үлгі ретінде түзілуіне арналды.
Қорыта айтқанда білім қоғамды тұрақтандыратын,рухани мұраны сақтайтын,ұрпақтан ұрпаққа сабақтастыратын құрал.
Ал,болашақ маманның білімді болуы кезеек күттірмес мәселенің бірі болып табылады. Бүгінгі қоғамға білімді де білікті
маман қажет.Білім беру жүйесін дамыту еліміз үшін басты бағыт болып санлады. Бүгінгі таңда білім беру мен тәрбиелеу
жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқушының жеке басын дамытуды, оны ізгілікке баулып, шығармашылық
қабілетін дамытуды талап етеді. Сол үшін әрбір жас маман өз ісіне жауапты көзқараспен қарайтын, білімді ұстаз болуы
шарт.
Достарыңызбен бөлісу: