88
Оның эмпирикалық формуласы: С
20
Н
30
О
Ретинол молекуласының құрамында көміртегінің 20 атомы
бар, β- иондық сақина изопреннің екі қалдығымен байланысқан.
Ядродағы қос байланыс біреу, бұл қосылыс А
1
витамині ретінде
белгілі. Тұщы суда тіршілік ететін балықтар майында жəне балық
көзінің тор қабатында кездесетін
екінші А витамині табыл-
ды, ол А
2
витамині деп аталады. Бұл витамин құрлымының А
1
витаминінен айырмасы ядродағы С
3
жəне С
4
атомдарының ара-
сында екінші қосбайланыс бар.
Көкөністерде əсіресе сəбізде қызғылт түсті пигменттер ка-
ротиноидтар кездеседі. Каротиноидтар каротинге жəне ксанто-
филлге бөлінеді.
Адамның жəне жануарлардың ағзасында А витамині бірнеше
қызмет
атқарады; тері қабатында, тыныс жолдарында жəне ас
қорыту жолында эпителий жасушаларының түзілуін реттейді,
өсіп келе жатқан ағзадағы жасушалардың өсуіне жəне олардың
жіктеліп бөлінуіне қатысады. А витаминінің альдегид туындысы
опсин белогымен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін
химиялық
процестерді реттейді. Қорғаныш белоктар (антитела) мен лизо-
цим ферментінің түзілуіне қатысады.
Ретинолдың көздің көруіне байланысты химиялық процес-
теріне қатысуы жақсы зерттелген. Көру процесінде А витаминнің
тотыққан түрі - ретиналь активті қызмет атқарады. Ретиналь оп-
син белогымен байланысады да, родопсин (мм. 38 000) түзеді.
Родопсин дегеніміз - көздің тор қабатындағы көру қарашығы.
Жарықтың əсерінен родопсин екі бөлікке - опсинге жəне ре-
тинальға
жіктеледі, ал қараңғы кезде родопсин қайтадан өзінің
қалпына келеді.
иондық
89
Жарықта
Родопсин опсин + ретиналь
Қараңғыда
Ағзада А витамині жетіспеген кезде эпителий жасушалары-
ның қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А-авитаминоздың бір
себебі. Мұндай авитаминоз кезінде теріде сызат пайда болып,
ол қабыршықтана
бастайды, осының салдарынан микроағзалар
жəне зиянды заттар жасушаға оңай ене алады. Ретинолдың же-
тіс пеуі салдарынан лизоцим болмайды. Сол көздің шырышты
қабатын ауруға ұшыратады. Оның эпителийі құрғайды. Мұндай
сырқатты ксерофтальмия (гректе құрғақ, ophtalmos – көз) деп
атайды. Ксерофтальмия сырқаты кезінде көздің шарайнасы
(қасаң қабаты)
қатты зақымданады, соның салдарынан соқыр бо-
лып қалады.
А-авитаминоз сырқатының алғашқы белгісі тауықкөз (ақшам
соқыр) болады. Бұл витаминнің жетіспеуі - жас төлдердің өсуін
тоқтатады жəне сперматогенез процесі тиылады, осының салда-
рынан мал басын өз төлі есебінен көбейту процесі бұзылады.
А
1
жəне А
2
витаминдері жануарлар ағзасында болады. Əсі-
ресе, балықтың бауыры,
жануарлар бауыры, жұмыртқаның сары
уызы, жазда сиыр сүтінен алынған сары май осы витаминдер-
ге бай келеді. Ал етте олар біршама аз. Каротиноидтар сəбізде,
өрікте, петрушка жапырағында, асқабақта жəне барлық жасыл
өсімдіктерде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: