90
Жануар тектес азықтардағы А витаминінің мөлшері
9-кесте
Азық
Витамин мөлшері, мкг/г
Бауыр 250
Тауық жұмыртқасы
100
Сары май
75
Сиыр сүті
1,0
Д витамині
(кальциферол, антирахит витамині)
таза тү-
рінде түссіз кристалл зат, суда ерімейді. Эмпирикалық формула-
сы С
28
Н
44
О. Химиялық құрылымы жағынан стериндерге жақын,
ол жануарлар ағзасында 7-дегидрохолестерин затынан түзіледі.
Таза Д витамині 1932 ж. (Виндаус) алынды да,
оған Д
2
витамині
(эргокальциферол) деген атау берілді.
Жануарлардың жəне адамның терісінде Д-провитамин 7- деги-
дрохолестеролды ультракүлгін сəулемен əсер еткенде Д
3
витамині
(холекальциферол) түзіледі. Өсімдіктер дүниесінде Д
2
витамині
эрогостерин провитаминінен түзіледі. Бұлардың бəріне тəн бір
ортақ қасиет – олар барлық жан-жануарлардың өмір сүруіне,
оның ішінде жас ағзаның өсіп жетілуіне өте қажет кальций мен
фосфордың бойға сіңуін жəне зат алмасуын реттеуге қажет.
Д
2
жəне Д
3
витаминдерінің құрылыс формуласы төмендегідей:
Кальциферолдардың негізгі қызметі ағзадағы кальцидің алма-
суын реттеу болып табылады. Д витамині өзінен-өзі биологиялық
активті емес, реттегіш қызметі олардың
гидроксильденген туын-
дыларына байланысты, ондай туындылардың полярлық сипаты
бар. Д
3
витамині ең алдымен бауырда гидроксильденеді, одан
91
кейін бүйректе 1,25-дигидроксихоликальциферол жəне 1,24,
25-тригидроксихолекальциферол түзіледі.
Бұл заттар бүйректен негізінен ащы ішекке жəне сүйек ұл-
пасына барады, сол арада кальцийдің жəне фосфордың алмасу-
ын
реттейді, Д витаминінің осы гидроксильденген метаболиттері
ішектердің шырыш қабатында кальций ионының сорылуын
реттейді. Д витамині стероидтық гормондар сияқты транскрип-
ция деңгейінде əсер етеді жəне ол кальцийді байланыстырушы
белоктардың
синтезделуіне себеп болады
.
Ол белоктың м.м. 10
000-12 000. Белок ішекте кальцийдің 2 – 4 атомын қосып ала-
ды да, қан арқылы сүйек ұлпасына жəне басқа да мүшелер мен
ұлпаларға жеткізеді.
Егер Д витамині жеткіліксіз болса, өсіп келе жатқан жас
жануарлардың сүйегінде жəне шеміршегінде кальций мен фос-
фор тұздарының жиналып қалыптасу процесі бұзылады.
Сүйектері
жұмсарады, омыртқа сүйектерінің пішіні бұзылады
жəне аяқтары қисайып өседі. Халық арасында бұл ауру мешел,
рахит (грекше) деген атпен белгілі.
Бұзаулар, торайлар, қозылар, құс балапандары сияқты ауыл
шаруашылығы жаңуарларының
жас төлдері рахитке жиі ұшы-
райды. Олардың бүкіл сүйек жүйесінің дамуы бəсеңдейді, əсіресе,
тіс дентинасы (сүйек ұлпасы) нашар жетіледі, қан азайып, анемия
белгілері көрінеді. Рахит ауруына ұшырағандар өкпенің құрт ау-
руына оңай шалдығады.
Д витамині жəне оның провитаминдері
табиғатта кең тарал-
ған. Жануар тектес азық-түліктерде – балық бауырының майын-
да, сиыр, қой бауырында көп болады. Сол сияқты сары майда,
сүтте, жұмыртқада кездеседі. Эргостерол сонымен қатар ашытқы,
өсім дік дəндерінің майында жəне саңырауқұлақтарда кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: