95
ауыстырылмайтын май қышқылдарына тек линол қышқылы ғана
жатады. Линол қышқылы ұлпада жеткілікті
мөлшерде жиналған
кезде одан линолин қышқылы мен арахидон қышқылы түзіледі
деген болжам айтылады.
Линол қышқылының (С
17
Н
31
СООН) молекуласында көмір-
тегінің 18 атомы жəне екі қос байланыс бар.
Линолен қышқылы (С
17
Н
29
СООН) молекуласындағы қос бай-
ланыстың саны үшеу. Ал арахидон қышқылының (С
19
Н
31
СООН)
молекуласында көміртегінің 20 атомы болады жəне ондағы қос
байланыстың саны төртеу.
Полиқанықпаған май қышқылдары
жасуша мембраналары
құрылымының құрамына кіреді (пластикалық қызмет атқара-
ды). Ауыстыруға болмайтын май қышқылдарының айтарлықтай
қызметі – олар простагландиндердің алғы заттары болып табы-
лады. Простагландиндердің көптеген
биологиялық процестерді
реттеуші қасиеті бар, нерв жүйесінің қан айналу жүйесі қызметіне,
жылтыр бұлшық еттердің жиырылуына қатысады, т.с.с.
Ауыстырылмайтын май қышқылдары
ағзада жетіспеген кез-
де жас малдың денесінің өсуі нашарлайды. Тері қабатының
зақымдануы, бүйрегінің дерттенуінің жəне өсіп-өну қызметінің
бұзылғаны байқалады. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы та биғи
төзімділік
қасиеті төмендейді, жануарлардың өнімділігі төмен-
дейді. Ғ витамині жетіспеген кезде жұмыртқалаушы тауық тың
дене салмағы жəне жұмыртқасының ұрықтануы кемиді.
Авитаминоз сырқаты кезінде адамдарда холестерол алма-
суының бұзылуы салдарынан
склероз құбылысы байқалады, бұл
кезде қан тамырлары қабырғасында қатпарлар пайда болады.
Линол қышқылы мен линолен қышқылы өсімдік тектес жəне
жануар тектес өнімдердегі триглицеридтер мен фосфолипидтер
құрылымында болады. Арахидон қышқылы тек қана жануарлар
липидінде кездеседі.
Арахидон қышқылының бір тəуліктегі адамға қажет мөлшері
оның рационының 0,1% немесе линол
қышқылының не линолен
қышқылының 1% шамасындай.
1955 жылы жануарлар майынан Q (убихинон) витамині
бөлініп алынды. Бұл, əсіресе, мембрананың митохондрияларын-
да көп кездеседі, химиялық жағынан
Q витамині хинонның ту-
96
ындысы. Убихинон биологиялық тотығу процестерінде үлкен рөл
атқарады, ұлпаның тыныс алуына да қатысады.
Q витамині, əсіресе, жүректің бұлшық еттерінде көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: