Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет113/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Алдын алу шаралары. 
Аурудың табиғи ошақтарында кеміргіштер мен бүргелерге 
қарсы бағыттылған комплексті шаралар (эпидемиологиялық бақылау, дератизациялық, 
дезинфекциялық, агрохимиялық, ветеринарлық шаралар). Спецификалық вакцина – тірі 
құрғақ обалық вакцина (EV) обадан сақтамайды, бірақ аурудың жеңіл түрінде өтеуіне әсер 
етеді. Карантинді шараларды тағайындау қажет. 
 


100 
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №623 (15 
желтоқсан 2006 ж.) бұйрығының көшірмесі «Есепке алу және тіркеу кезінде адамның 
аса қауіпті жұқпалы аурулары жағдайларын анықтау жөніндегі медициналық 
қызмет саласындағы стандарттарды бекіту туралы» 
 
 Оба жағдайларының жіктемесі 
Обаның бубонды
(А20.0) немесе ойық жара (тері) (А20.1) нысандарының болжамды 
жағдайы өткір қызба (38°С – дан астам) мен қатты уыттану болатын жіті асқынған ауруда 
және мына белгілердің біреуі немесе екеуі болғанда қойылады: 
1) бір немесе одан астам түпкірдегі лимфа түйіндердің бубоны (лимфадениті және 
периадениті); олар мына белгілердің кемінде үшеуімен сипатталады: 
- ауырсыну; 
- саусақпен басқанда қатты болуы; 
- саусақпен басқанда қозғалмайды; 
- жекелеген лимфа түйіндерді ұстап көру мүмкін емес; 
- гипертермия (жергілікті); 
- бубон үстіндегі терінің гиперемиясы; 
2) мына даму кезеңдерінің бірінде болатын ауырсынатын бастапқы - -- тері аффекті: 
- папула; 
- пустула (іріңді немесе геморрагиялық); 
- ойық жара (тереңді, қанық, іріңі-геморрагиясы бар, инфильтрацияланған негіздегі, 
гиперемия талшығымен қоршалған). 
2

Обаның ангинозды (ангиозды-бубонды)
нысанының болжамды жағдайы (басқа 
нысандар – А20.8) өткір қызба мен инфекциялық-уытты шок және оба бубонының барлық 
ерекшеліктерімен сипатталатын мойын маңындағы (жақ асты) бубон белгілері болатын 
өте асқынған ауруда және асқынған, әдетте біржақты іріңді-некротиялық ангинада 
қойылады. 
3
. Обаның абдоминальды (ішек) 
нысандарының (басқа нысандар – А20.8) болжамды 
жағдайы инфекциялық-уытты шокпен және мына белгілердің кемінде үшеуі болатын өте 
асқынған ауру кезінде қойылады: 
1) қызба; 
2) іш ауруы; 
3) құсу (қанды); 
4) диарея (қанды). 
4
. Обаның өкпе
(қабынуы, бастапқы қабынуы) нысанының (А20.2) болжамды 
жағдайы 
өткір 
қызба, 
инфекциялық-уытты 
шок 
белгілері 
және/немесе 
диссеминацияланатын қан тамырыішілік ұю және мынадай белгілердің кемінде 
төртеуімен сипатталатын өкпе қабынуының асқынып дамуы белгілері бар жіті асқынған 
ауру кезінде қойылады: 
1) жөтел, басында құрғақ, содан соң қақырықты; 
2) кеудесінің (бүйірінің) ауырсынуы; 
3) қақырықтағы қан; 
4) өкпе ісігі; 
5) плеврит белгісі; 
6) өкпе инфильтраты (клиникалық немесе рентгендегі). 
5
. Обаның септицемиялық
(бастапқы – генерализдендірілген) нысанының (А20.7) 
болжамды жағдайы өткір қызба, инфекциялық – уытты шок және диссеминацияланатын 
қан тамырыішілік ұю белгілері бар жіті асқынған ауру кезінде қойылады. 
6. 
Обаның ықтимал жағдайы
болжамды жағдайды анықтауға сәйкес және 
мыналардың бірі болғанда қойылады: 
1) ауруға дейін 6 ай ішінде табиғи ошақтардың аумағында немесе оба бойынша 
эндемиялық елдерде тұрғанда немесе болғанда және кем дегенде мыналардың бірінде: 


101 
обаны 
тасымалдаушы 
бүргелердің, 
кенелердің, 
жабайы 
жануарлардың 
(кеміргіштердің) шағуы; 
оба 
тасымалдаушысы 
болуы 
ықтимал 
кеміргіштермен 
(сартышқандар, 
құмтышқандар және басқалар) контактіде болғанда; 
оба тасымалдаушысы болуы ықтимал кәсіпшіліктік жануарларды (қояндар, суыр, 
мысық тектестер, ақбөкен, қабандар және т.б.) аулау, өндіру және бөлшектеу; 
ауру түйелерді сою және бөлшектеу; 
оба тасымалдаушысы болуы ықтимал жануарлардың шикі етін пайдалану; 
оба тасымалдаушысы болуы ықтимал кеміргіштер індерінің аумағындағы жер 
жұмыстары; 
өкпе қабынуымен науқастанғанмен контактіде болғанда; 
2) обаның расталған жағдайымен эпидемиологиялық байланыста болғанда; 
3) кемінде 1:10 антиденелер титрі табыла отырып, флюоресцирлендіруші 
антиденелердің тікелей реакциясының нәтижесі оң болғанда; Y. Pestis -ке тән антиген Ғ1 
гемагглютинацияның тежелу реакциясы; 
4) антиденелердің Ғ1 антигендерде титрлерінің кемінде төрт есе көбеюі; 
5) клиникалық материал үлгілерінің микроскопиясында биополярлық грамтеріс 
бактериялардың табылуы. 
7. Обаның расталған жағдайы мыналардың ең болмаса бірі болғанда қойылады: 
1) бубон ішіндегі, пустуланың, ойық жараның бөліністерінен, қаннан, жұлын 
сұйығынан, қақырықтан, ауыз-жұтқыншақ шырышының жағындысынан, зәрден, нәжістен 
Y. рestis –тің бөлінуі; 
2) ПТР нәтижесі оң болғанда; 
3) ИФА нәтижесі оң болғанда; 
4) қос сарысумен енжар гемагглютинациялау реакциясында белгіленген Y. рestis –ке 
тән Ғ1 антигеніне антиденелер титрінің кемінде төрт есе көбеюі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет