Таза ауада Серуен:
|
11.30-11.50
|
Қардың қасиетін бақылау
Мақсаты: Қар туралы балалардың білімдерін толықтыру.
Еңбек: Ауладағы қарды күреуге көмектесу.
Мақсаты: Үлкендерге көмектесе білуге тәрбиелеу.
Көркем сөз:
Аққала
Аула сырты, баққа да,
Тұрғызамыз аққала
Аққаланы айналып,
Ойлаймыз біз шаттана.
Қимылды ойын: «Құстар мен мысық»
Жеке жұмыс. Жұмбақ жасыру
Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар)
Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
|
Қарғаның тамақтануын бақылау
Мақсаты: Қарғаның тамақтануын көрсету, қыста тамақты жерге бермей, арнайы жемсауытқа салуға үйрету.
Еңбек: Құстарға жем беру.
Мақсаты: құстарға қамқор бола білуге үйрету.
Жеке жұмыс: Тақпақтар жаттату.
Өкпелетсе анасы,
Өкпелетсе ағасы.
Айтам дейді «әжеме»,
Әжесінің баласы.
Қ/қозғалыс ойыны: «Аңшылар»
Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
|
Көліктерді бақылау
Мақсаты: Көліктерді, олардың түстерін, түрлерін ажырата білуге үйрету.
Еңбек: Айналаны ұқыпты ұстайық.
Мақсаты: Айналасын таза ұстауға тәрбиелеу.
Көркем сөз:
Үлкен болып өскенде
Машина алам мен де.
Бірақ ол үшін әрине,
Оқу керек күнде де.
Қ/қозғалыс ойыны: «Поезд»
Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
|
Қайың ағашын бақылау.
Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылауға үйрету.
Көркем сөз
Ағаштар тұр жүдеп,
Жапырақ сәні енеді.
Соғады жел үдеп,
Қыстың кеп сәлемі.
Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.
Мақсаты: балаларға ағаштың түбін қармен жабудың сырын, пайдасын түсіндіру.
Қ/қозғалыс ойыны: «Күн мен түн»
Жеке жұмыс: «Жұмбақты шеш» сюжетті ойын ойнату.
Жұмбақ:
Жазда жатсаң көлеңкесінеалады,
Қыста жақсаң, жаның рахат табады. (Ағаш)
Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
|
Желді бақылау
Мақсаты: желдің соғу бағытын бақылау. Аңғарымпаздыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Сұрақтар:
1. Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады?
2. Қыста жел қандай болады?
Еңбек: Аула сыпырушыға көмектесу.
Мақсаты: Үлкенге көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Қ/қозғалыс ойыны: «Қасқырлар мен лақтар» Жеке жұмыс: екі аяқпен бірдей қарлы жолмен секіру.
Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
|