Бекiтемiн директордың оқу –өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Б. Айдилдаев 2019 ж. «Жаратылыстану ғылымының болашағы- жастар қолында» тақырыбындағы «Жаратылыстану» пәндері апталығының жоспарының Әдістемелік әзірлемесі



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#57552
1   2   3   4
Байланысты:
апталық анықтамасы 2019-20 ж
спорт
Өтілетін іс-шара

Өтетін орны, уақыты

Қатысушы топтар

Жауапты мұғалімдер



1

Апталықтың ашылуы.

18.12.2019
Спорт залы
сағ.10.05

№1,2,3,4,5 оқу топтары

Бірлестік жетекшісі
Пән мұғалімдері

2

«Математикалық турнир»

18.12.2019
Акт залы
сағ.15.30

№1,2,3,4,5 оқу топтары

Математика пәні оқытушысы Н.Куптлеуова

3

«Физика –менің өмірім» топаралық сайысы

19.12.2019
Акт залы сағ.15.30

№1,2,3,4,5 оқу топтары

Физика пәнінің оқытушысы Г.Жансүгірова

4

«Білімді мыңды жығар» спорттық сайыс



20.12.2019
Акт залы сағ.15.30

№1,2,3,4,5 оқу топтары

Химия және биология пәні мұғалімі
Г.Темірбекқызы

5

Апталықтың жабылуы, марапаттау.
Іс-құжаттарды жинақтау

21.12.2019
Спорт залы
сағ.15.30

№1,2,3,4,5 оқу топтары

Химия және биология пәні мұғалімі
Г.Темірбекқызы
Пән мұғалімдері




Апталықтың ашылуын бірлестік жетекшісі Г.Жансүгірова ашып,спорттық сайыс түрінде өткізілді. Сайыс төмендегі кезеңдер бойынша ұйымдастырылды:
І - кезең. Құрамалардың таныстыруы. Өз топтары ұраны, эмблемасы мен қабырға газеттерін таныстыру.«Болашақ», «Асыл тас», «Парасат», «Қыран», «Ақ сұңқар» топтары
ІІ - кезең. «КІМ БІЛГІР?» (Математика пәні бойынша сұрақтарға жауап беру)
Әрбір құрама топтары бойынша допты еденге соғып, кедергілер арқылы алып жүрді, белгіленген жерге жетіп, конвертті ашып сұраққа жауап берді,қайта допты алып келіп келесі топ мүшесіне беріп отырды.Соңында кедергілер арқылы барлық топ мүшелері барып сұрақ жауаптарын жөндеуге мүмкіндік алды.
ІІІ - кезең. «Кім жылдам?» (Физика пәні бойынша) Секіртпемен секіріп, 2 минут уақыт аралығында әр топтың қанша секіргені саналды. Екі қатысушы секіртпені айналдырып, қалған ойыншалыр белгі арқылы барлығы еніп, секірді, әр топ жиіліктері анықталды.
IV – кезең. «Кім епті?» (Сұрақтар химия, биология пәні бойынша) Әр топ теннис добын шапшаң түсірмей нысанаға жеткізе білді. Конверттегі сұрақтарға жауап берді. Қайтадан кері добымен қайтып келесі қатысушыға беріп отырды. Сайыс өорытындысы бойынша қатысқан топ студенттерінің ұпайлары есептелді. Парасат тобының қабырға газеті, ал болашақ тобының эмблемасының қолдан жасалғаны ескеріліп үлкен ұпайларға ие болды. Барлық кезең қорытынды бойынша «Болашақ» тобы алға шықты.
«Математикалық турнир» сайысын математика пәні оқытушысы Н.Куптлеуова жүргізді. Сайыс шапшаң есептер шешу мен өлшеулер жүргізу, көрермендермен сұрақ бойынша өткізіліп, оқушылар өздерінің ой ұшқырлықтары мен шапшаңдықтарын ортаға салды.

19.12.2019 ж. Физика пәні бойынша «Физика –менің өмірім» топаралық сайысы болып өтті. Сайыс жоспары


І -тур. “Суреттер сөйлейді”
ІІ- тур. “Кім білімді?”
ІІІ- тур. “Ойлы болсаң озып көр?”
ІV –тур. “”Сіз білесіз бе?”
V –тур. “ Ребус шешу” атты кезеңдерден тұрды. І тур бойынша әр топ берілген суреттердің физикалық түрғыдан қасиеттері мен маңызы туралы мағлұмат берді. Ал “Кім білімді?”кезеңінде студенттер формула жазып жарысты. ІІІ- тур бойынша сұрақтарға жауап берсе, ІV –турда әр топ сұраққа жауап беріп, өз білімдерін көрсете білді. V –турда «Ребус» шешіп, өздерінің ойлылығы мен шапшаңдығын көрсетті. Физика пәні бойынша «Парасат» тобы өз білімділіктерін көрсетіп, ұпай саны бойынша алға шықты.
20.12.2019 ж. оқушылардың химия және биология пәндеріне қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу мақсатында «Білімді мыңды жығар» тақырыбында спорттық сайыс өткізілді. Спорттық эстафетаға «Болашақ», «Асыл тас», «Парасат», «Қыран», «Ақ сұңқар» топтары қатысты. Сайыс төмендегі шарттар бойынша өткізілді:
1. Топтың аты мен ұраны;
2. «Кенгуру» жарысы
3. «Жүйрік паравоз» жарысы
4.«Пирамида құра»жарысы
5. «Арқан тартыс» жарысы
Аталған кезеңдер бойынша «Асыл тас» №3 оқу тобы студенттері алға шығып, өз мықтылықтарын көрсете білді.
21.12.2019 ж. апталық қорытындыланып өткізілген барлық кештердің ұпайлары бойынша жекелей студенттер мен оқу топтары «Алғыс хаттармен», «Мадақтамалармен» марапатталды. Атап айтар болсақ: І- орынды №3 «Асыл тас», 2-орынды №4 «Болашақ» және №2 «Парасат» оқу тобы студенттері иеленсе, 3-орынды «Ақ сұңқар» және «Қыран» топтары жеңіп алды. Апталыққа белсене қатысқан Әлменова А., Аманбаев А., Бекмұратов Қ., Шарипов Д., Әділханов С., Бөлекбаев Д. т.б. студенттер колледж директорының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.














Бірлестік жетекшісі: Г.Жансүгірова






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет